А Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру


- бап І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 30 - бап



бет3/5
Дата18.10.2023
өлшемі29,22 Kb.
#117971
1   2   3   4   5
29 - бап
І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
36 - бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады.
Заң міндетті бәрімізге, халайық, Заңнаманың басын ашып алайық, Барлық заңның біріктірер бастарын, Ата заңды қасиетке балайық!
Енді ата заңымыздың тарихына көз жүгіртейік. Сөз кезегі тарихшыларда.
Тарихшы: Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы қүрылған кезде XV ғасырда барша жүрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар . Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын.Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке»бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - гұрыптар тән болды.
Тарихшы: XVI ғасырда әдет - ғүрыптарды Қасым хан тұңгыш жүйелеп, жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар:
1 .Мүлік заңы
2.Қылмыс заңы
3.Әскери заңы
4.Елшілік жоралары
5.Жұртшылық заңы
Тарихшы: Есім хан «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп, жаңадан төрт тұғырды дүниеге келтірді:
1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын
2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын
З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын.
4-сі: Би болсын, би түсетін үй болсын
Тарихшы: Заң болып Қасымханның қасқа жолы, Құп алып қазақ қостады оны Шыққанда ескі жолы Есім ханның Өрбітпей отаршылық тастады оны
Тарихшы: Әз Тәуке хан өз замандастары - Теле, Қазыбек, Әйтеке, Құттыбай және Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып «Жеті жарғы» атты Заңдар топтамасын шығарды. : Бабалардың дәстүрі бойынша тайпалардың, рулардың және би кенестері күймен әрлендіріп, домбыраның үнімен ашылатын. Назарларыңызға күй ұсынамыз.
Енді сіздерге «Жеті жарғы» қабылдау көрінісін ұсынамыз.
Тауке хан: -Уа, жұртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары! Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиналып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін жарғы қабылдап «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманға» жетуіміз керек. Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау, жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын. Бұдан былай жайылымдар ру- ру болып пайдалануға беріліп және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп - қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мелшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалау барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім шығаруы қажет.
Тауке хан: Ал енді, Ұлы жүздің бас биі Теле би, сен не айтасың?
Теле би: Жыртық үйден жел гулесе - сол жаман.
Өлім - бесік әлдилеген - сол жаман.
Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,
Берекесін елдің алған - сол жаман.
Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел
тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.
Тауке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазбек биге сөз берейік.
Қазбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден қүт - береке қашпасын деп, Еліміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Еш бір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз. Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамазыз ету болсын.
Тауке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.
Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет - бетімен ру -руға белініп, бір- бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір- біріне жау болса елдің ертеңі не болмақ? Келесі Жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын.
Тауке хан: Келесі сөзді Қырғыз Көкім биге берейік.
Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе - жер мұра, іні өлсе - келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.
Тауке хан: Қарақалпақ би, жарғыға қосарың бар ма?
Қарақалпақ би: Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Әйелің жаман болса,
Бұл жалғанның тозаңы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- деп Қаз дауысты Қазбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі жөнінде болсын.
Тауке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?
Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек?
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?
Әйелі ерін силамаса, ері елін силамаса,
елі әдет- ғұрып сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ?
Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.
Тауке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер Жеті жарғымызды қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып «Жеті жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.
жүргізуші: Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты: 1 бап - Мемлекттік мәселелеріне байланысты
2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты
3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты
4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты
5 бап- Діни мәселелеріне байланысты.
6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты
7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты
Осы Жеті жарғы заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады.
Кеңестік дәуірінде Қазақстанда қабылданған 1937ж. және 1978ж. Конституциялары болды. Қас қағым сәтте күрделі оқиғалар туындап жататын бүгінгідей жүйрік уақытта егемен еліміздің Ата Заңын жетілдірудің қажеттігі күн тәртібіне қойылды. Бұл ғарыштық жылдамдықпен зымыраған заманның талабы болатын. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. Бүгінгі қолданыстағы негізгі заңымыз кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан құралған. Ол бүгінгі заманның барлық маңызды мәселесіне толық жауап беріп келеді. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік, өйткені біздің колледжде 18 жасқа толмаған балалар 1,2 курстарда оқып жүр:
1 - бап. Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі.
2 - бап. Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді.
6 - бап. Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы.
7- бап. Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы.
9 - бап. Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы.
13 - бап. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
14-бап. Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы.
15-бап. Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы.
16-бап. Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.
17-бап. Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы.
19-бап. Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды.
27 - бап. Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді.
28 - бап. Баланың білім алу құқығын мойындайды.
32 - бап. Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды.
33 - бап. Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді.
31 - бап. Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды.
Баланың жеке басының құқықтары:
- Аты - жөні, тегіне құқылы.
- Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы.
- Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге.
- Адами қасиетін силауға.
- Туған - туыстармен араласуға.
- Өз құқығын қорғауға.
- Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы.
- Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы.
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның,
оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері бар. Мысалы:
Геология барлау колледжінің де Жарғысында колледж оқушыларының міндеттері
керсетілген:
1. Колледждің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті.
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға.
3. Оқу болмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті.
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге.
5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына.
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге.
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға.
8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.
Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет