А Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру



бет4/5
Дата18.10.2023
өлшемі29,22 Kb.
#117971
1   2   3   4   5
Тиым салынады:
1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге.
2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға.
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға.
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады.
Бүгін біз Еліміздегі ең манызды заң күжаттарына және колледж ережелеріне көз жүгірттік. «Еркіндікте болу үшін, заңға бағыну керек деген көне нақыл сөз жүз мәрте әділетті» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі бар. Еліміздің көпшілігі заңға бағынып еркін жүргенде, сонымен қатар өмірде заң бұзушылық та орын алуда. Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған. Қазір үстел үстінде жатқан заттар арқылы: таразы, семсер, көзбайлауыш және мантиядан Фемиданың бейнесін жасау керек. Фемида-әдлеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. Фемида - мантия киген, келбетті де келісті әйел. Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы. Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әдлет пен әдлетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен. Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екі жақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді. Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып Фемида әділетті шешім қабылдайды. Заң бұзушылықтың себебі қандай? заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін? (Жағымсыз қоршаған орта, наркотиктар, маскүнемдік, адамның әлеуметтік жағдайы, қызығушылық, заңды білмегендік). Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара. Қара жол дегеніміз не? (маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық, жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.) Ақ жолды неге теңеуге болады? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік, білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық, төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу.


Тәрбие сағаты







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет