Тапсырмалар.
Тапсырма 9.1. Инсулин генінің аРНҚ фрагментінің жазылуы келесідей:
УУУ ГУУ ГАУ ЦАА ЦАЦ УУА УГУ ГГГ УЦА ЦАЦ. Осы фрагментке
сәйкес ДНҚ молекуласындағы (А+Т)/(Г+Ц) арақатынастарын анықтаңдар.
Тапсырма 9.2. ДНҚ молекуласының репликация кезіндегі бастаушы
(лидер) және қалып қоюшы тізбектерінің бағытын көрсетіңдер.
Тапсырма 9.3. ДНҚ молекуласының репликациялық айыршасын жүргізуші
ферменттерді көрсетіңдер.
Тапсырма 9.4. Екітізбектілі ДНҚ молекуласындағы гуанинің мөлшері
28%. Тібектегі барлық нуклеотидтердің пайыздық мөлшерін табыңдар.
Тапсырма 9.5. Оперон құрылысының анықтамасын беріңдер. Опероннның
сызбасын салып, түсіндірмелерін көрсетіңдер.
9.2. Гендердің құрылысы және сиппатамасы Жұмыстың мақсаты: геномдаржәне гендер туралы түсініктерді,
олардың құрылыстары мен сипаттамаларын игеру
Қысқаша мағлұмат. Вирустар геномдарында көбінде «қабаттасқан» гендер топтары болады. Мұндай қабаттасып орналасу (ген ішінде ген)
генетикалық материалдың, аз көлемді геном ішін тиімді пайдаланулары болып
саналады. Бірақ оның кемшіліктеріде бар. Мысалға, бір мутация кезінде екі
және одан да көп гендердің қызметтері «өшіріліп» кетулері мүмкін.
Прокариоттар гендерінің құрылымының өзгешелігі - топталғангендер кластерлерінің құрамында орналасуы. Барлық тіркескен кластерлік гендер бір
биосинтетикалық жолдың ферменттерін кодтайды және олар бірізділікпен
жалпы мРНҚ молекуласында жазылады.
160
64 сурет. Прокариоттар генінің негізгі құрылысы мен реттеуші аймақтары 1977 ж. Р.Робертс және Ф.Шарп ізденістерінің арқасында эукариоттық
гендердің көбінің құрылымдары үзілімді, «мозаикалық», экзон-интронды
құрылымдар.
65 сурет. Гендердің оперондық құрылысының сызбасы