2
УДК 57 (024): 61 (076.5)
ББК 28.0
Р-56
Пікір жазғандар: Дарбаева Т.Е. б.ғ.д., профессор
Насамбаев Е.Г. а.ш.ғ.д., профессор
Авторлары: Рустенов А.Р., а.ш.ғ.д., профессор,
Елеугалиева Н.Ж. а.ш.ғ.к., доцент
Рустенов А.Р., Елеугалиева Н.Ж.
ГЕНЕТИКА ПРАКТИКУМЫ. Оқу-әдістемелік құрал. / А.Р
Рустенов., Н..Ж Елеугалиева. – Орал: М.Өтемісов
атындағы БҚМУ
РБО,2017. – 234 б
«Генетика практикумы» жоғарғы оқу орнының студентері, магистранттары, мектеп,
гимназия, колледж ұстаздарына да арналған. Практикумда генетиканың барлық бөлімдері
мен тақырыптары қамтылған «Сарамандық», «Зертханалық» және «Адам гентикасы»
бойынша қысқаша теориялық мәліметтер, жұмыстардың орындалуы
және оларды бекітуге
арналған есептердің шешімдері көрсетілген, өзіндік шығаруға араналған есептер берілген,
тапсырмалар және терминдер келтірілген.
Практикум «Жаратылыстану –географиялық факультетінің » отырысында
талқыланып, бекітілген
Хаттама №4 «14» желтоқсан 2016ж
©
Рустенов А.Р.,
Елеугалиева Н.Ж.2016
©М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2016.
3
КІРІСПЕ
Практикумда генетиканың молекулалық, классикалық және классикалық
бөлімдері мен тақырыптары қамтылған.
Сарамандық және зертханалық
жұмыстар бойынша қысқаша теориялық мәліметтер, жұмыстардың орындалуы
және өтілген тақырыптарды бекітуге арналған есептерді шешу жолдарының
мысалдары, өзіндік шығаруға арналған есептер, тапсырмалар және терминдер
келтірілген.
Ұсынылып отырған оқу құралында берілген сарамандық жұмыстарды
орындау, есептерді шешу және зертханалық ізденістерді өткізудің маңызы мол,
себебі солардың көмегімен теориялық материалдарды
тереңірек игеру
мүмкіндігі жоғарлайды.
Есептер жинағындағы келтіріген мәліметтер көптеген ғылыми ізденістік
жұмыстардың нәтижелері, практикумда жеңіл жолмен шығарып бастап,
біртіндеп күрделендірілген. Практикумда келтірілген материалдар ЖОО-дағы
«Жалпы генетика» курсына арналған типтік бағдарламасына сәйкестендіріліп
дайындалған. Практикум екі бөлімнен тұрады: «Сарамандық жұмыстар» және
«Зертханалық жұмыстар».
Сарамандық жұмыстар бөлімінде тақырыптарға
сай есептер мен шығару
жолдары көрсетілген, бұл қазіргі кредиттік оқу технологиясы бойынша
студенттің өздігінен дайындалып және өзін тексеруге мүмкіндік тудырады.
Атап айтқанда, тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері,
Грегор
Мендель заңдары, гендердің алельді және алледі емес әрекетестіктері мен
түрлері, цитологиялық тұқым қуалаудың түрлерінен, хромосомалардың
морфологиясы,
гендердің
ара
қашықтықтарын
анықтау
карталары,
популяциялар генетикасы, өзгергіштіктердің түрлері мен олардың объектіге
тигізетін әсерлері және т.б. Ғылыми зерттеулерден
алынған материалдады
дұрыс қорытындылауға арналған варияциялық қатар құрастыру жолдары, адам
генетикасында белгілердің тұқым қуалауы, тұқым қуалайтын ауруларды
есептеу түрлері, ДНҚ молекуласындағы гендердің орналасулары, генді бөліп
алу және генің сиппатамасы мен түрлері, генетикалық
кодты пайдалануы
тәртіптері көрсетілген.
Зертханалық жұмыстар бөлімінде генетикада көп пайдаланылатын
дрозофила шыбынымен жұмыс жүргізу арқылы тұқымқуалаушылық және
тіркесе тұқым қуалаулар берілген.
«Генетика практикумы» жоғарғы оқу орындарының студенттері мен
магистранттарына арналған, дегенмен бұл кітап «Биологиядан»
сабақ беруші
мектептің, гимназияның, колледждердің ұстаздарына көмегін тигізетініне
сеніміміз мол.