А. Райымбергенов
С. Райымбергенова
Ұ. Байбосынова
МУЗЫКА
Жалпы білім беретін мектептің
5-сыныбына арналған оқулық
«Мұрагер» бағдарламасы бойынша
Алматы
2011
2
Балалар!
Сен алғаш рет ерекше оқулықтың бетін ашқалы отырсың. Айтыс — ұлы
өнер. Ол ұрпақтан – ұрпаққа жетіп, енді өзіңмен қауышып отыр. Сен ұлы
ақындардың өнерімен таныс боласың. Сөз құдіретінің, не екенін сезінесің.
Ал ең бастысы, өлең құрап үйренесің. Сен алғаш рет шығармашылық жолға
аттанып, домбырада шеберлігінді шыңдай түсесің. Ата-баба мұрасын
түсініп, оны қадірлеуге, қазақтың ұлы мәдениетін құрметтеуге жол ашасың.
Сонымен бірге, музыка құдіретін терең түсіну үшін Еур,опа елдеріне саяхат
жасайсың. Еуропаның алғашқы музыка аспаптары қашан пайда болып,
симфониялық оркестрдің қалайша құрылғанын білесің. Көптеген музыкалық
аспаптардың сырлы үнін естіп, көркем музыкалық шығармалармен таныса
аласың.
Бұл оқулық арқылы сән-салтанаты жарасқан
ең әдемі опера театрына сапар шегесің!
Ең таңдаулы және аса танымал
операларды білетін боласың.
Опера және балет өнерімен танысып,
оны түсінуді үйренесің.
Осы жолда саған сәт сапар тілейміз!
3
I – ТОҚСАН
ӨНЕР АЛДЫ ҚЫЗЫЛ ТІЛ
Суретте не бейнеленген
Қандай айтыс ақындарын білесіңдер?
Айтысты көрдіңдер ме?
Айтыс дәстүрі
Айтыс - қазақ халқының ең
жақсы
көретін
өнер
түрі.
Көптеген
ғасырлар
бойы
халқымыз ақындарды арнайы
айтыстыратын болған. Ақындар
айтыс арқылы өз ойларын ашық
айта білген. Айтыс кезінде
барлық айтылған сөз ескеріліп,
хан да, халық та ақынның сөзіне
қарсы тұрмаған.
Айтыс кезінде екі ақын бір-
бірімен
өлең
сөз
арқылы
жарысады. Айтыс халық алдында
сол сәтте ойдан шығарылып
орындалады. Осылайша орындайтын ақындарды суырып салма ақындар деп атайды. Әр
ақын өз елінің намысын қорғайды. Қарсы ақынның мінін табуға, кемшілігін көрсетуге
тырысады. Сол арқылы қарсыласын жеңіп шығуды көздейді. Ақындар айтыс кезінде өз
туындысын домбыраға, қобызға, сырнайға қосып орындайды. Айтыстың жеңімпазын
анықтайтын тыңдаушы халық.
Суырып салма ақын болу үшін туа біткен табиғи ақындық қасиеттен басқа, білімді,
тоқығаны мол зерделі адам болуы тиіс.
Сен білесің бе?
Қазақта айтыс шешендік қара сөзбен де, күй тартыс арқылы да болған. Қазақ
даласында атағы кең жайылған Жанақ, Түбек, Орынбай, Шөже, Кемпірбай, Әсет,
Күдері, Сүйінбай, Жамбыл сынды ақындар өмір сүрген. Ақындар тек қана ойын-той,
ас-жиында ғана емес, арнайы бірін-бірі іздеп барып та айтысқа түскен.
Сұрақтар:
Айтыс – екі ақынның бір-бірімен өлең-сөз арқылы жарысуы.
4
1.
Айтыс дегеніміз не?
2.
Ақындар өз туындыларын қандай аспаптармен орындаған?
3.
Ақындардың жеңімпазын кімдер анықтаған?
4.
Ақын айтыс кезінде ел намысын қорғады ма әлде өз намысы үшін айтысты ма?
5.
Суырып салма ақын болу үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
Тапсырма:
1.
Айтыс дәстүрі тақырыбын оқы.
2.
Домбырадан айтыс әуенінің үйренген буынын қайталап орында .
Қайым айтыс
Қайым айтыс - қыз бен
жігіттің әзіл-қалжыңына
құралады. Бұл айтыс ойын-
сауық,
той-думандарда
орындалады. Қыз бен жігіт
бір-біріне деген махаббат
сезімін қайым айтыс арқылы
білдіріп отырған. Қайымдасу
соңында қыз жігітке сақина-
жүзігін
қалдырған.
Сол
арқылы қыз жігітке өз сезімін
білдірген.
Қайым айтыс кезінде қыз бен
жігіт өлеңнің бірінші және
екінші
жолын
өзгертпей
қайталап отырған. Ал өлеңнің
үшінші және төртінші жолдары ойдан шығарылады. Қайым айтыс - өлең құраудың ең
оңай түрi.
Ал, балалар!
Екі топқа бөлініп, қайым айтысты кезекпен оқып көрелік!
Жігіт:
Атыңды шешең сүйiп қойған Еркiн,
Той болса түзетесiң кәмшат бөркiң.
Бұландап ұжмақтың хор қызындай
Бiтпеген еш пендеге сенiң көркiң.
Қыз жауабы:
Атымды шешем сүйiп қойған Еркiн
Той болса түзетемiн кәмшат бөркiм.
Келе сап сипатымды баяндадың,
Есiңдi аудырды ма менiң көркiм.
Қайым айтыс – қыз бен жігіттің өлеңмен әзілдесуі.
5
Сен білесің бе?
Жар-жар - қайым айтысының ең көне түрі. Жар-жар қыз ұзатылар алдында айтылады.
Той соңында жігіттер ұзатылар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасқан. Жігіттердің
қоштасып айтқан өлеңіне ұзатылатын қыз жауап беріп отырған. Қыздар мен жігіттердің
осылайша жауаптасуы кейін келе қайым айтысқа айналған.
Жігіттер:
Қара насыр дегенде қара насыр жар-жар.
Қара мақпал сәукеле шашың басар жар-жар.
Үйде әкем қалды деп қам жемеші жар-жар,
Жақсы болса қайын атаң орнын басар жар-жар.
Қыз жауабы:
Қара насыр дегенде қара насыр жар-жар.
Қара мақпал сәукеле шашың басар жар-жар.
Кісі әкесі кісіге әке дейді жар-жар,
Айналайын әкемдей қайдан болсын жар-жар.
Ойлан да салыстыр:
Қайым айтыс пен жар-жарға ортақ не деп ойлайсың?
Біліп ал:
Қайым айтысы қыз бен жігіттің арасында тек қана әзілге құрылған күйінде қалмай, ірі
ақындар айтысына айналды. Ірі ақындардың қайым айтыстарында әуелі әзілмен басталып,
аяғы үлкен әлеуметтік тақырыпқа ұласып отырған. Мысалы, «Ұлбике мен Жанкелді»,
«Күйкентай қыз бен Оспантай», «Омарқұл мен Тәбия» айтыстарын атауға болады.
Сұрақтар:
1.
Қайым айтыс дегеніміз не?
2.
Қайым айтыстың ерекшелігі неде?
3.
Қайым айтыс айтыстың қандай түріне жатады?
4.
Қайым айтыспен кімдер айтысқан?
Тапсырма:
1.
Қайым айтыс үлгісін жатта.
2.
Домбырадан айтыс әуенінің үйренген буынын жатқа ойна.
6
Түре және сүре айтыстар
Айтыстың барлық түрi екiге бөлiнедi. Бiрiншiсi - түре айтыс, екiншiсi - сүре айтыс.
Ақындардың бiр – бiр ауыз өлеңмен қысқаша жауаптасуын түре айтысы деп атаймыз.
Түре айтысты атақты ақындармен қатар айтысты жаңа үйреніп жүрген көпшiлiк те
қолданған. Түре айтыс - айтыстың шапшаң жауаптасу түрі. Түре айтыс жас желеңді
айтысқа төселдіреді.
Сүйінбай мен Күнбаланың бір-бір шумақпен қысқа жауаптасуы:
Сүйінбай:
Тұманда адасушы ем із болмаса.
Асқан асың татымас тұз болмаса.
Көп қызды ауылдағы кім сынапты,
Алысқа ұзатылар сіз болмаса.
Күнбала:
Кедейім, кедейім-ай, кедейім-ай!
Шіркінді кедей демей не дейін-ай?!
Сыртымнан сыбыс бермей кеп қалыпсың,
Мұныңды ақын аға не дейін-ай?!
Суырып салма өлеңдерге әбден төселген, нағыз ақындардың ұзақ сөйлеп айтысуын –
сүре айтыс деп атаймыз. Сүре айтысында көбінесе ел жағдайы, халық тағдыры, ру
намысы сөз болады.
Түре айтыс - ақындардың қысқаша айтысуы
Сүре айтыс - ақындардың ұзақ айтысуы
7
Сен білесің бе?
Қазақ ақындары қанша қиын, өкінішті болса да өзінің сөзден жеңілгенін мойындаған.
Ақындар тек әділдік пен шындықты айтқан. Ақындар әділ сөзге тоқтай білген. Мысалы
атақты Кемпірбай ақынның:
Келіп ем осы тойға ектемделіп.
Жүруші ем қу соқырдан жектемделіп.
Бағасы жоқ соқырмен айтысам деп,
Жығылдым төрт аяғым көктен келіп. –
деп өзінің жеңілгенін мойындаған екен.
Ойла да айт:
Егер сен жеңіліп қалсаң не істер едің?
Біліп ал:
Қазақ даласында кеңінен тарап халық арасында даңқы шыққан ақындар айтысы мол
сақталған. Олардың ішінде: Біржан мен Сара, Шөже мен Балта, Ұлбике мен Жанкелді,
Жамбыл мен Құлмамбет, Әсет пен Ырысжан, Омарқұл мен Тәбия, Ақсұлу мен
Кеншімбай, Мұса мен Манат, Тезек Төре мен Сүйінбай, Мәнсүр мен Дәме қыз
айтыстарын атауға болады.
Сұрақтар:
1.Айтыс қандай түрлерге бөлінеді?
2.Түре айтыс дегеніміз не?
3.Сүре айтыспен кімдер айтысқан?
Тапсырма:
1.
Түре және сүре айтыс тақырыбын оқы.
2.
Домбырадан айтыс әуенінің үйренген буындарын қайтала.
Өтірік өлең
Ақындықтың асқан шеберлігі мен
шешендігін көрсететін өлең түрі - өтірік өлең.
Өтiрiк өлең мазмұны түгел дерлiк өтiрiк сөзден
құралады. Өтірік өлең жолдары неғұрлым
шындықтан алшақ жатса, соғұрлым әсерлi
болады. Сонау тазша баланың “қырық өтiрiк”
айтып өлiм аузынан аман қалуы, өтiрiк өлең
үлгісінің ең көлемдi әрі көркем түрі. Өтірік
өлеңнің бір түрі:
Бақа қызын берiптi көбелекке.
Қара шыбын жүрiптi жеңгелiкке.
Құмырсқаның бiр туын ұстап сойып,
Ат шаптарып той қылды төңiрекке.
8
Маса қызын берiптi инелiкке
Қара шыбын жүрiптi жеңгелiкке.
Тоғыз торғай тойына түгел сойып,
Ақ киiзiн артыпты он көлiкке.
Сен білесің бе?
Ақындар мынандай жағдайларда айтысып отырған:
Үлкен жиын тойда екі ақынның кездейсоқ айтысуы;
Атақты ақынның екінші ақынды арнайы іздеп барып айтысуы;
Екі ақынды халықтың арнайы баптап айтыстыруы;
Біліп ал:
Өтірік өлең – өтірікті айтушы мен тыңдаушының сөз сайысы. Өтірікті өмірде
болғандай етіп, қиыстырып айтуда тыңдаушыға сол өтірікті қабылдаттыру көзделеді. Егер
тыңдаушы «бұл өтірік» десе, оның сөзден ұтылғаны.
Сұрақтар:
1.
Өтірік өлең мазмұны қандай сөздерден құралады?
2.
Өтірік өлең қай кезде әсерлі болып табылады?
3.
Өтірік өлеңнің ең көлемді түрін ата?
Тапсырма:
1.
Өтірік өлең үлгісін “Еркем-ай” әнінің әуеніне қосып орында.
2.
Домбырадан айтыс әуенінің соңғы буынын қайтала.
Жұмбақ айтыс
Жұмбақ айтыс – айтыстардың iшiндегi ең көне әрі қиын түрі. Айтыстың бұл түрi
жалғыз ақындықты ғана емес, онымен бiрге ақылдылықты, тапқырлықты талап етедi.
Сондықтан да екi ақын айтысып отырып, бiрiн – бiрi жеңе алмаған жағдайда жұмбақ
айтысына көшеді.
Жұмбақ негізінен жастардың ойын-сауық бас қосу кештерінде айтылған. Жұмбақ
айтысы кейін келе ірі ақындар арасында да болып отырған. Сапарғали мен Нұржан
ақынның арасында өткен айтыс бастан –аяқ жұмбақ жасырып оны шешуден тұрады.
Сапарғали: - Нұржаным, білдірейін сізге тағы.
Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы.
Теңізде салған жолы сайрап жатыр,
Ақылмен ойлап тапсаң оны тағы.
Нұржан: - Сапеке, айтқаныңды қазір табам.
Жансыз құс бір аяқты – мұның қалам.
Қағаз ғой теңіз деген, жолың – жазу,
Жұмбағың осыменен болсын тәмәм… -
деп жалғаса түседі.
9
Сен білесің бе?
Жұмбақ айтысы әр түрлі тақырыпты қамтыған:
Дүние, жаратылыс туралы;
Адам өмірі мен адам жасаған заттар туралы;
Жан-жануарлар өмірі туралы;
Өнер – білім туралы.
Мысалы, киіз үй туралы жұмбақ айтысын алайық.
Жұмбақ: Дүниеде айдаһар бар, сенесiң бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесiнде.
Iшiнде сүйектерi бақша – бақша,
Жарқылдар жалғыз көзi төбесiнде.
Жауап: Әрине, жаны жоқ қой денесiнде.
Шешуi киiз үй ғой, сенесiң бе.
Сүйегi бақша-бақша, ол –уығы,
Жалғыз көз – шаңырағы төбесiнде.
Бірінші сурет Екінші сурет
Біліп ал:
Қазақтың көшпелі өмір салтында бойжеткен қыз жігіттің ақылдылығын,
тапқырлығын сынау үшін жұмбақ жасырған. Жұмбақ арқылы жігіттің жауабын сынап,
өзіне ұнаған ақылды жігітке тұрмысқа шыққан. Мысалы Шәкей сал мен алты ақынның
айтысында Шәкей қыз:
Байсарының қызымын.
Тапса тегін, тиемін,
Қапыда қалма, талапкер,
Сыртымнан жүрген тың-тыңдап,
Таба алмаған жігіттер,
Мазамды менің алмасын,
Жұмбақ айтыс - ақындардың бір-біріне астарлы түрде өлеңмен сөз
жасырып айтысуы
10
Орынсыз сөйлеп қыңқылдап…
Сұрақтар:
1.
Жұмбақ айтыстың қандай түріне жатады?
2.
Жұмбақ айтыс ақыннан нені талап етеді?
3.
Қандай жұмбақтарды білесің?
Тапсырма:
1.
Жұмбақ айтыс үлгісін айтыс әуеніне қосып орында.
2.
Өз ойыңнан жұмбақ құра.
Ұйқас сөздер табу
Дыбыс үндестігінен жасалған сөздерді ұйқас сөздер деп атаймыз.
Өлең құрау үшін әуелі ұйқас сөздерді табу қажет. Ұйқас сөздер сөз басында немесе
ортасында тұратын дауыссыз дыбыстардың ауысуынан пайда болады. Ол үшін дауыссыз
дыбыстардан жасалған кестені пайдаланамыз.
Бұл кесте әріптерді ауыстыру арқылы ұйқас сөздер іздеу үшін қажет. Сөздердің бірінші
әрпін алып тастау арқылы да ұйқас сөздер табуға болады. Ол үшін бос торды қолданамыз.
Мысалы, “Бала” сөзі “Ала” сөзіне өзгереді.
Ал егер сөз дауысты дыбыстан басталса, ұйқас сөздерді кесте бойынша іздейміз.
Мысалы, “Алма” сөзі “малма”, “талма”, “салма” т.с.с сөзіне ауысады.
Б
П
М
Ң
Н
Л
Р
Т
Д
С
Ш
Ж
З
К
Г
Қ
Ғ
Х
Ұйқас сөздер - дыбыс үндестігінен
жасалған сөздер
Қане, жас ақыным, кестені пайдалана отырып,
ұйқас сөзді іздеп көрелік!
11
Бала - сөзінің бірінші әрпін ауыстыра отырып, ұйқас сөздер іздейміз.
Бала
Нала
Ала
Дала
Сала
Шала
Жала
Қала
Ал енді сөз ортасындағы дауыссыз дыбысты ауыстыру арқылы жасалған ұйқас сөздерді
табамыз. Мысалы, «Талып» сөзіндегі «Л» әрпін кестедегі әріптермен орнын ауыстарамыз.
Тамып
Таңып
Танып
Талып
Татып
Тасып
Тағып
Тапсырма:
1.
«Ғашық» сөзіне ұйқас құрап кел.
2.
Домбырадан айтыс әуенін қайтала.
Өлеңнің көптеген түрлері бар. Олар буын арқылы ерекшеленеді. Өлең 7-8 және 11
буындық болып келеді. 11 буындық өлең құрау үшін алдымен 5 буындық өлең құрап
аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |