А. Райымбергенов


Тапсырма:  1.   Шығармашылық тапсырма:    Қане , балалар! Өлең құрауды жалғастырайық!



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата22.12.2016
өлшемі1,91 Mb.
#85
1   2   3   4   5   6

Тапсырма

1.

 



Шығармашылық тапсырма: 

 

Қане , балалар! Өлең құрауды жалғастырайық! 

 

   “Жарысқанда” сөзіне ұйқас сөздер атаймыз. Олар:  алысқанда, шалысқанда, табысқанда, 



тағысқанда, шабысқанда, қағысқанда. Көп нүктенің орнына мазмұнына сай ұйқас сөздер 

тауып жаз:                  



                                   Сабақтан қалып қойды ………………. 

                                   Ешкімге дес бермейді   ………………. 

                                   Сабақта Ғазиз момын болғанымен, 

                      Жайнайды үзілісте   …………………..

  

 

               

 

 

2. Домбырадан Құрманғазының «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 



 

Жез аспаптар қашан пайда болды? 

 

Ерте  замандардан  бері  үрмелі  жез  аспаптар  танымал  болып  келеді.  Бірақ  ол 



симфониялық оркестр құрамына XIХ ғасырда ғана енген.  Оркестр құрамына үрмелі жез 

аспаптардың  енуі  оның  дыбысына  алып  күш  және  кең  ауқым  береді.  Сұлу  да  нәзік 

музыканың  орнына  енді  әскери  жорықтардағы  талас-тартысты,  жеңістің  қуанышы  мен 

жеңілудің күйінішін бейнелейтін алып музыка сахнаға шығады.    

Барлық  үрмелі  жез  аспаптардың  дыбысы  жезден  жасалғандықтан,  олардың  дыбысы 

өте күшті болып келеді.  

 


34 

 

    



 

 

 



Труба   үрмелі жез аспаптардың ішіндегі ең көне түрі.  Бұл аспап ежелгі Грекия мен 

Римде  танымал  болған.  Байырғы  трубаны  шабуыл  кезінде  белгі  беру  үшін  және 

салтанатты рәсімдер мен халықтық мейрам кездерінде қолданған.  

 

Валторна  XII  ғасырдың  шамасында 

пайда 

болған. 


Алғашқыда 

валторна 

аспабын аңның мүйізінен жасаған. Оны аң 

аулауда,  салтанатты  мерекелерде,  әскер 

жинау  кезінде  ойнаған.  Кейін  келе  оның 

дауысы  алысқа  естілу  үшін  оны  жезден 

жасаған. Оркестрде ойнауға ыңғайлы болу 

үшін  оны  бірнеше  рет  оратып  жасап 

шығарған.   

         

                                   

 

 



 

Тромбон  XV  ғасырдан  бері  танымал.  Оны  ұзақ  уақыт  шіркеудің  хорын  сүйемелдеу 

үшін  қолданған.  Тромбонның  дыбысы  төменгі  регистрде  болғандықтан  ол  музыкаға 

жігерлі де қайратты екпін береді.   

                             

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



35 

 

ХІХ  ғасырда  туба  аспабын  ойлап  тапты.  Бұл  алып  аспапты  оркестрде  ең  төменгі 



дыбыстарды орындау үшін арнайы жасап шығарған. 

 

                     



 

                         

 

Сонымен,  труба,  тромбон,  валторна,  туба  аспаптары  оркестрдің  барлық  дыбыс 



мүмкіндіктерін  бере  алатын  жез  аспаптар  тобын  құрады.  Бұл  аспаптардың  дыбыстық 

бояуы бір-бірімен үндесіп, тіпті өздері бір бөлек оркестрді құрай алатын болды.  Мұндай 

оркестрді сен естіп те жүрген боларсың. Көбіне үрмелі жез аспаптардан тұратын оркестрді 

үлкен алаңдардағы мерекелік шерулерде ести аламыз.  

ХХ  ғасырда үрмелі  аспаптарды   джаз-оркестрлерде де қолдана бастайды.  Кларнеттің 

жаңа түрі – саксофон және труба джаз оркестрінің негізгі аспаптарына айналды.   Сөйтіп 

үрмелі аспаптардың өмірі жалғасып келеді.  

 

Музыка тыңдайық! 

Арам Хачатуряның «Гаяне» балетінен «Қылышпен би».  

 

Біліп ал! 

 

Оркестрде  музыканттар  ретпен  жайғасады.  Дирижердің  сол  жағына 

скрипкашылар  тобы,  ал  оң  жағына  виолончел  мен  альттар  тобы  орналасады. 

Виолончель  тобының  артқы  жағына  контрабас  пен  арфа  аспаптары  жайғасады.  

Дирижердың дәл алдында үрмелі ағаш аспаптар, ал олардың арт жағында үрмелі жез 

аспаптар  орналасады.  Үрмелі  жез  аспаптардың  сол  жағына  ұрмалы  аспаптар 

жайғасады. Ең бастысы, дирижер барлық музыканттарды көріп отыруы керек.    

 

Сұрақтар:  

− Симфониялық оркестр құрамына қандай үрмелі жез аспаптар кіреді? 

− Трубаны ерте замандарда не үшін қолданған? 

− Валторна аспабының тегі қандай?  

− Валторна аспабын оркестрге қай ғасырда енгізді? 

− Оркестр үшін ХІХ ғасырда қай аспап  ойлап табылды? 

− Джаз оркестрінің  негізгі аспаптарын білесің? 

 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 



Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

    «Барамын деп» сөзіне  ұйқас сөздерді айтып бере аласың ба?  Барамын деп, аламын деп, 

қаламын деп,боламын деп.  


36 

 

   Көп нүктенің орнына ұйқас сөздерді тауып жазамыз: 



 

                                Асқар жүр коридорға …………………… 

 

 

            Қайтсем де барды тауып ...……………… 

                               Столға ағай жоқта отырды Асқар, 

 

 

            Өзiнше мен мұғалiм ......…………………. 

 

2. Домбырадан Құрманғазының «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 

 

 

Ұрмалы аспаптар тобы 

 

 

 



 

 

Қазіргі  кезде  оркестрді  ұрмалы  аспаптарсыз  елестету  мүмкін  емес.  Симфониялық 

оркестрдегі  ұрмалы  аспаптар  тобы  өздерінің  сан  алуан  түрлерімен  тыңдаушыны 

таңқалдырады. Олар: литавра. барабан, колокольчик- қоңырау, ксилофон, бубен, тарелка, 

там-там.  Ұрмалы  аспаптар  оркестрге  ырғақ  үшін  қажет  болған.  Ұрмалы  аспаптар 

арасында тек ұру арқылы емес, сондай-ақ сілку, үйкеу, айналдыру және аудару арқылы да 

дыбыс шығаратын аспаптар кездеседі.  

ХІХ  ғасырдың  басына  дейін  симфониялық  оркестр  құрамына  тек  литавра  аспабы 

кіретін. Литавраның бүгінгі түрі: үш аяқты тұғыр үстіне орналасқан жез немесе қоладан 

жасалған  қазанға  ұқсас  аспап.  Қазанға  бірнеше  бұрандалар  арқылы  тері  керіліп,  оларды 

киізден жасалған дөңгелек жұмсақ ұшты екі таяқшамен ұрады.  

 

Симфониялық  оркестрдегі  негізгі  ұрмалы  аспаптардың  бірі  -  кіші  және  үлкен 



барабандар.  Кіші  барабан  ерте  замандарда  әскери  аспап  болып  есептелді.  Дыбысы  өте 

күшті  болғандықтан,  шабуылға  шығарда  барабан  хабар  беруші  қызметін  атқарған.  Ал 

үлкен барабанды оркестрге лайықты етіп ойлап тапты. Барабанды ұру үшін басы киізбен 

қапталған таяқшалар пайдаланылды. 

Басқа да ұрмалы аспаптар оркестрдің дыбыс бояуын күшейту үшін қолданылды.  

 


37 

 

 



 

 

Біліп ал! 

Азия,  Африка,  Америка  сынды  әлем  халықтарында  барабанның  дәстүрлі  көне 

түрлері кездеседі. Оларды ағаштан, қыштан жасап тері қаптаған.    

Барабандарды  ерте  замандарда  түрлі  рәсімдер  үшін  қолданған.  Мысалы,  жын-

шайтандарды  үркіту  үшін  немесе  аңшылық  пен  әскери  жорықтарда  дыбыс  беру,әндер 

мен билерді сүйемелдеу үшін пайдаланған.    

 

               

 

 

 

Сұрақтар: 

 − Симфониялық оркестрдегі қандай ұрмалы аспаптарды білесің? 

 − Ұрмалы аспаптар оркестрге не үшін қажет болды? 

 − Шеберлер ұрмалы аспаптарды жасау үшін қандай заттарды пайдаланды? 

 − Ұрмалы аспаптардың ерекшелігі неде? 

 

Тапсырм а: 

1.

 

Шығармашылық тапсырма: 



 

Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

   «Күледі екен»  сөзіне ұйқас  сөздерді  атайық.  Жүреді  екен, тірегі  екен, біледі екен, іледі 

екен.  

   Ал енді, өлеңнің төртінші тармағын мазмұнына сай етіп құрап көр: 



                                  Қызыққа біздің Ғазиз күледі екен. 

                                  Спорттық мектебінің тірегі екен. 

                                  Ғазиздің жетіспейтін бір міні бар, 

                                  ……………………………………. 

 

2. Домбырадан Құрманғазының «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 



 

 

 

 

38 

 

Арфа аспабы қайдан келді? 



 

 

 

 

 

Арфа тәріздес аспаптар әлемнің барлық халықтарында 

кездеседі.  Не  себепті  бұл  аспап  кеңінен  таралған?  Өйткені 

бұл аспап жай ғана садақтан жасап шығара салған.  

Ерте  замандарды  аңшы  садақтың  кергісін  тартқан 

кезде дыбыс естіген. Сөйтіп иілген ағашқа тағылған жалғыз 

ішекті арфа аспабы пайда болған екен. 

Арфаның  ең  көне  түрі  Ежелгі  Мысырда  табылған.  Ол 

аспапқа  5000  жыл  болды.  Мысырда  арфа  кең  тараған 

аспаптардың  бірі.  Бұл  аспапты  патша  сарайлары  мен 

қарапайым халықтың үйінен де көруге болатын.  

 

Гитара,  скрипка,  виолончель,  балалайка,  домбыра, 



жетіген  аспаптарын  қатар  қойсақ,  оларды  туыстас  аспаптар 

деп  айта  алмаған  болар  едік.  Бірақ  бұл  аспаптардың  бір 

ұқсастығы бар. Олардың барлығың ішектері бірдей тартып байланған.  

         Сөйтіп  ғасырлар  өте  келе  ежелгі  арфалар  көп  ішекті  аспапқа  айналады.  Қазірде 

арфаның ішек саны 46-ға жетті. Арфаны жоғарғы жағын иыққа тіреп, екі тізесінің арасына 

қойып, отырып ойнайды. Ол бір сәтте 8 дыбыс шығарады.  

       Сөйтіп,  бір  ішекті  аспаптан  дамып  жетілген  көне  арфа  симфониялық  оркестрде  өз 

орнын тапты. 

 

        


 

 

Сұрақтар:  

− Симфониялық оркестр құрамындағы ең көне аспап қалай аталады? 

− Арфа аспабы қалай пайда болған ? 

− Қазіргі арфаны қалай орындайды? 

 

Тапсырма: 

1.

 

Шығармашылық тапсырма: 



39 

 

 



Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

 

 «Өтеді  екен»  сөзіне  ұйқас  сөздерді  іздеп  тап.  Жетеді  екен,  кетеді  екен,бітеді  екен, 

күтеді екен, етеді екен. 

Өлеңнің үшінші тармағы ұйқасқа құралмайтынын ұмытпадың ба? Ал енді, өлеңнің 

үшінші тармағын ұйқастырып жібер. 

 

                                      Сөздерің сүйегімнен өтеді екен. 



                                      Білімді биік шыңға жетеді екен. 

                                      ………………………………………. 

                                      Кемшілік екеумізде жетеді екен. 

 

2. Домбырадан Құрманғазының «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 



 

 

Оркестрге үн берген аспап 

 

 



 

Біз 


симфониялық 

оркестрдің 

барлық 

аспаптарымен 



танысып 

алғандаймыз.  Бірақ  сол  аспаптардың 

біреуі  де  фортепиано  аспабымен  теңесе 

алмайды  екен.  Өйткені  бұл  аспаптың 

диапазоны 

кең, 


ол 

симфониялық 

оркестрдегі  ең  төменгі  дыбыстан  бастап 

ең  жоғарғы  дыбыстың  аралығын  қамти 

алады. 

Фортепиано 



аспабында 

көпдауысты  шығармаларды  ойнау  өте 

жеңіл  әрі  ыңғайлы.  Оркестрдегі  ішекті 

немесе 


үрмелі 

аспаптар 

кейде 

шығарманың  әуенін  орындаса,  кейде 



сүйемелдеуші аспаптар ғана бола алады. Ал фортепианоның шығарма әуені мен сүйемелін 

толық ойнай беруге мүмкіндігі бар. Ол өзінің техникалық мүмкіндігі мен репетуарының 

молдығы  жағынан  оркестрмен  бәсекеге  түседі.  Фортепиано  -  жеке  орындауда  алдыңғы 

қатарлы аспап.  

Ең алғашқы фортепиано аспабын 1709 жылы итальян 

шебері Бартоломео Кристофори ойлап тапты.  

Фортепианоның  көне  түрлері  клавесин  және 

клавикордтан  басталады.  Бұл  аспаптар  Еуропада  ХІV-XVII 

ғасырлар  аралығында  пайда  болған.  Әсіресе,  клавесин  мен 

клавикорд ақ сүйектер ортасында кең тараған аспап болды. 

Оларды  шеберлер  тасбақаның  сауытын,  бағалы  ағаштарды 

пайдаланып,  жылтыратып,  әшекейлеп,  өте  әдемі  етіп 

жасаған. Аспапты көбіне ақсүйек бикештер ойнаған. 

 

 



 

40 

 

Сөйтіп қазіргі фортепиано аспабының шығу тегі клавикорд пен клависиннен бастау 



алады.  

Қазіргі  таңда  фортепиано  ең  танымал  аспап  болып  отыр.  Бірақ  музыкалық 

аспаптардың  дамуы  әлі  де  жалғасуда.  XX  ғасырда  жаңа  электрлі  музыкалық  синтезатор 

аспабы  пайда  болды.  Синтезатор  таңғажайып  дүниелерді  жасай  алады.  Ол  аспапта 

табиғаттың  барлық  дыбысын  салуға  болады.  Сонымен  бірге  синтезатор  барлық 

музыкалық аспаптардың  дыбысын бере алады. Бүгінде синтезатор - түгел бір оркестрдің 

орнын бір өзі толтыруға мүмкіндігі бар екен.    

 

Сөздік 

«Фортепиано» аспабы. Итальянша форте - «қатты», 

 

пиано - «ақырын» деген мағынаны білдіреді.  



 

Музыка тыңдайық! 

1.

 



Нағым Мендіғалиев. «Домбыра  туралы аңыз». 

2.

 



Фридерик Шопен. Прелюдия. 

 

Ойлан да айт! 

Қалай ойлайсың аспаптар сол байырғы көне қалпында неге сақталмайды?   

Не себепті адамдар музыкалық аспаптарды үнемі дамытып жетілдіруде?  

 

Сұрақтар: 

−   Фортепиано аспабының атауы қандай мағынаны білдіреді? 

−   Не себепті фортепиано оркестрмен бәсекеге түседі? 

−   Бұл аспап қай ғасырдан бастап ойнала бастады? 

−   Ең алғашқы фортепианоны кім жасап шығарды? 

−   Еуропадағы фортепианоның ең көне түрі қай аспап? 

-    Синтезатор аспабының ерекшелігі неде? 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 



Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

«Қалмаңыздар»  сөзіне  ұйқас  сөздерді  тауып  алайық.  Олар:  бармаңыздар, 

алмаңыздар, салмаңыздар, жармаңыздар, шалмаңыздар.  

Ал енді өлеңнің үшінші және төртінші тармағын шығарып көр: 



                             Балалар, достарыңнан қалмаңыздар. 

                             Жалқау боп елді әуреге салмаңыздар. 

                             ………………………………………… 

                             ………………………………………… 

 

2. Домбырадан Құрманғазының «Балбырауын» күйін жатқа орында. 



 

 

 

 

 

 

 

41 

 

Қайталау сұрақтары: 



 

1.

 



Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар неше топты құрайды? Оларды ата. 

2.

 



Оркестр құрамындағы аспаптар неліктен көп болады? 

3.

 



Не себепті Еуропада скрипка “Музыка патшайымы” атағына ие болады? 

4.

 



Скрипканың қандай көне түрлері бар? 

5.

 



Скрипка тектес қандай ішекті-ыспалы аспаптар бар? 

6.

 



Альт, виолончель және контрабас аспаптары не үшін қажет болды? 

7.

 



Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты? 

8.

 



Аспаптарды қалай ұстап  орындайды? 

9.

 



Симфониялық оркестр құрамына қандай үрмелі жез аспаптар кіреді? 

10.


 

Ерте замандарда трубаны  не үшін қолданған? 

11.

 

Валторна аспабының тегі қандай?  



12.

 

Оркестр үшін ХІХ ғасырда қай аспапты ойлап тапты? 



13.

 

Симфониялық оркестрде қандай ұрмалы аспаптар бар? 



14.

 

Шеберлер ұрмалы аспаптар жасау үшін қандай заттарды пайдаланды? 



15.

 

Ұрмалы аспаптардың ерекшелігі қандай? 



16.

 

Арфа аспабы қалай пайда болған ?



 

17.


 

Қазіргі арфаны қалай ойнайды? 

18.

 

Фортепиано аспабының атауы нені білдіреді? 



19.

 

Синтезатор аспабының ерекшелігі неде? 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV – ТОҚСАН 

42 

 

КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ 



 

Опера театры. 

 

Әлем мәдениетінің озық үлгісі 

 

 Опера 



 

Еуропаның 

классикалық 

музыка 


мәдениетінің 

ең 


жоғары 

жетістігі болып есептеледі. Ең 

әуелі 

жазушы 


операның 

либреттосын 

жазады. 

Либретто  операның  мазмұны 

мен  оның  мәтінінен  тұрады. 

Онан  соң  композитор  оның 

музыкасын жазады.  

Опера  -  көптеген  өнер 

түрлерін 

бір 


өзіне 

топтастырған  күрделі  жанр. 

Опералық  қойылымда  басты 

рөльде 


жеке 

орындаушы-

әншілер  мен  балет  әртістері 

және  халық  атынан  сөйлеуші 

хор ұжымы болады. Опера тек 

қана  музыка  ғана  емес,  ол 

бүтіндей  театр  яғни  біртұтас 

драмалық 

қойылым. 

Опералық 

қойылымды 

басқаратын  режиссер  болса, 

ал симфониялық оркестр және 

әншілерді басқаратын дирижер болып табылады. Спектакльдің қойылымында суретшілер 

елеулі  орын  алады.  Өйткені  суретші  қойылымға  лайық  сахнаны  безендіреді.  Сонымен 

бірге  әртистердің  де  киім  үлгілерін  жасап  шығарады.  Сонан  соң  тігіншілер  суретшінің 

дайындаған үлгілері бойынша киім тігіп даярлайды.   

 

 



 

 

Ал гриммерлар мен шаштараздар әртистерді сахнаға шығуға дайындап, бет-әлпеті мен 



шаштарын сәндеумен айналысады. Дыбыс шеберлері мен сахнаға жарық берушілер, басқа 

да  көптеген жұмысшылар операның толық қойылымына түгелдей жұмыла кіріседі.  

Осындай үлкен ұжым бір ғана опералық спектакль қоюда жұмыла жұмыс жасайды. Ал 

операны  қоюшылар  мен  орындаушылар  өз  тыңдармандарына  терең  мазмұнын  жеткізуде 

барлық күш-жігерін аямайды.  

 

  



Музыка тыңдайық! 

Л. Павароттидің орындауында италиян халқының әні «Күнім менің» 



43 

 

 



Біліп ал! 

 

«Ла  Скала»  -  (La  Scala)  әлемдік  опера  мәдениетінің  дамыған  орталығы.  Опера 

театрының  ірге  тасы  1778  жылы  яғни  XVI  ғасырда  қаланған.  Бұл  театр  әлемдегі  ең 

әдемі  сәулетті  құрылыс  болып  есептеледі.  Театр  сахнасы  аса  үлкен  болмаған. 

Көрермендер  доға  түрінде  биік  етіп  салынған  бес  қабаттан  тұратын  ложаларға 

жайғасып  отыратын  болған.  Ложаға  8-10  адамнан  артық  адам  отырмаған.  Залдың 

орталық бөлігін партер деп атайды. Партерде орналасқан орындықтар жиналмалы әрі 

жылжымалы болған. Өйткені театрда тек қана опера ғана емес, онда түрлі би балдары 

мен корридалар да өткізіліп отырған.  

XIX  ғасырдан  бастап  театр  тек  музыкаға  арналған  опералық  театр  болып 

қалыптасады.  Театрға  арнап  әлемнің  ең  дарынды  композиторлары    өздерінің  ғажайып 

операларын  жазады.  Ал  әлемнің  ең  танымал  опера  әншілері  мен  дирижерлары    «Ла 

Скала»  театрының  сахнасында  болуды  өмірлік  мақсат  еткен.  Сонымен  бірге    Еуропа, 

Америка,  Жапонияның  бай  саяхатшылары  «Ла  Скала»  театрында  болғанды  өздеріне 

мәртебе санаған.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білесің бе?  

44 

 

Лучано  Павароттидің  аты    бүгінгі  таңда  опера  өнерінде      танымал  екені  белгілі. 

Дүниежүзіне  әйгілі  Миланның  «Ла  Скала»  театрының  солисті  опера  әншісі  Лучано 

Паваротти  болды.  Паваротти  өзінің  мықты  дауысымен, 

диапазонының  кеңдігімен,  шебер  орындаушылығымен  әлем 

халқын  таңдандырған.  Әсіресе,  ол  әдемі  тенор  дауысымен 

бірге,  өзінің  текті  де  таза  шынайы  қалпымен  халықты  өзіне 

баурап алады. Паваротти тек опера әншісі ғана емес, ол әйгілі 

әлемдік  эстрада  әншілерімен  де  қосылып  әндер  айтқан.  Ол 

өздеріңе  танымал  Элтон  Джон,  Лайза  Минелли,  Стинг, 

Патрисия  Каас  және  «Куин»  тобымен  қосылып  та  ән  айтқан 

екен.  Ол  -  өзінің  өмірінде  100  аса  әндерін  таспаға  жазған 

ғажап әнші. Бүгінгі таңда оның таспа жазбалары милиондаған 

таралыммен әлемге тарап жатыр. 

    



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет