*«Саусақтар сәлемдеседі» жаттығуы.Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі.
*«Адамдар келеді» жаттығуы. Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатамыз. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
*«Моншақ» жаттығуы. Қызыл-сары көк моншақ
Мен тіземін көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшықетін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Дидактикалық ойын арқылы да баланың сөздік қорын дамытып, ауызша сөйлеу машығын игеруге болады. Таным белсенділігі қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Мысалы: «Дәл осындай затты тауып ал»ойынында қағаз бетіне салынған суреттердің ішінен де, бірдей ойыншықтарды заттар арасына жасыру арқылы да ойнауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |