А. С. Пушкиннің туғанына 150 жыл толу қарсаңында қысқы кеш А. С. Пушкин



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі99,47 Kb.
#9802

А. С. ПУШКИННІҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ 

ТОЛУ ҚАРСАҢЫНДА 

Қысқы кеш 



А. С. Пушкин 

Кешкі боран көкті бүркеп, 

Қарды үйіріп, соқты үдей, 

Жас баладай өксиді кеп, 

Кейде ұлып бөрідей. 

Тозған лашық қамысындай 

Суылдайды кей уақыт, 

Түн қатқан бір жолаушыдай, 

Қағады әйнек бей уақыт. 

Әрі мұңлы, әрі күңгірт 

Баспанамыз кеш құрым, 

Алдында әйнек болып жым-жырт 

Неге отырсың кемпірім? 

Әлде, досым, қажыдың ба 

Боран ұлып, бұйығып? 

Әлде талып қалғыдық ба 

Ұршығыңды иіріп? 

Кел ішелік осындайда 

Жарлы жастық серігім, 

Ішелікші, ыдыс қайда? 

Бір тарқасын шер бүгін. 

Жырлашы бір, көк шымшық құс 

Теңіз жайлап қалғанын, 

Жырлашы бір, жас мұңлық қыз 

Ертемен су алғанын. 

Кешкі боран көкті бүркеп, 

Қарды үйіріп, соқты үдей, 

Жас баладай өксиді кеп, 

Кейде ұлып бөрідей. 

Кел ішелік осындайда 

Жарлы жастық серігім, 

Ішелікші, ыдыс қайда? 

Бір тарқасын шер бүгін. 

Аударған: Қасым Аманжолов 



Әдебиет және искусство. - 1949. - № 1. - 46 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет