Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет104/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

БАРЛАУШЫ
«Мен саған жаумын!» деп сізге тура шабуылдаған жау 
қауіпті емес. Сіз оның ескертуін қабыл аласыз. Одан сақтану, 
қорғану жолдарын қарастырасыз.
Ең қатерлісі үндемей ішіңе кіріп кеткен жау. Ол арнайы 
тапсырмамен келген жансыз болуы мүмкін. Ізгілік Күштері 
арнайы миссиямен Жерге бір Рухты жібергені сияқты Түнек 
Күштері де өз агентін сізге жібере алады.
Жай адамға оны әшкерелеу өте қиын. Ол агент сіздің 
сөзіңізді сөйлеген болып, сізді қоштаған болып сенімге 
кіруге барын салады. Жалынды сөзі, жарасымды ісімен өзін 
жақсылықтың жаршысы қылып көрсетеді. Керек десеңіз бұл 
жолдан қаржысын да аямайды. (Құйылып тұрған қаржыны кім 
аясын)
Олардың негізгі мақсаты Ақ Сарбаздың нақты жоспарын 
білу. Шешуші сәтке алдын-ала бейімделіп, Жерұйыққа өтіп 
кету. Сол жақтан зұлымдықтың жаңа карма шиыршығын 
бастау.
Түнек иелерінің мыңдаған жылдар бойы адам ішіне кіріп, 
санасын зомбилауға тырысқаны өз алдына, қазіргі кезде адам 
денесін қашықтан басқару үшін ашықтан-ашық эксперименттер 
жасалуда.
Адам өзінің Түнекке қызымет ететін агент екенін білмей-ақ 
әрекет етуі мүмкін.
Осындай әдісті Зұлымдық Күштеріне Құдай да қолдана 
алады. Мысалы, «Сталин – Құдайдың қамшысы болған» – 
дейді Ақ Сарбаз.
«Ол дарынды революционерлерді атып тастап, Батыс 
әлеміне, егер коммунизм жеңсе, өмірлері қандай болатынын 
көрсетті».
Ақ Сарбаз, «ең қатыгез тиран» деп есептеген Сталинды 
Тозақтан таба алмағанда таң қалған ғой. Ал, өзі ұстаз тұтқан 
Рухани ізденіс


328
Ақ Сарбаз Әлемі
ұлы ғалым Эйнштейнді Тозақтан есі ауысқан қалпында көріпті.
– Бұл ғалым не үшін осындай күйге түсті? – деп сұрағанда: 
«Хиросима мен Нагасаки үшін» деген жауап алыпты.
Егер сіз ашқан теорияның негізінде жаппай қырып-жоятын 
қару жасалып, адамзат өміріне қатер келетін болса, оның 
кармасын сіз көтересіз!
Еліне қызымет етіп, мемлекет кармасын жақсарту мақсат-
ында Ақ Сарбаз тоқсаныншы жылдарда инновациялы 
антикоррозия 
жабынды 
ойлап 
шығарған 
мәскеулік 
өнертапқышты қолдап, «Алтын Емел» деген бояу шығарып
шағын өндіріс ашыпты. Бояудың негізгі шикізаты шунгит – 
Қазақстанда өте көп екен. Бояу 60 градус аяз бен ыстыққа 
шыдайтын, улы иісі жоқтығы өз алдына, қоюланып қалғанда 
жылы суға езіп алып бояй беруге болатын еді.
Мен өзім осы бояумен ағашты да темірді де бояп көрдім. 
Бұнымен таттанған темірді де бояй беруге болады. Бояу тез 
кебеді. Егер бояуды қырып қарайтын болсаңыз, тат қабатының 
жоқ боп кеткенін көресіз. Бояу құрамында 6 компонент болса, 
тат жетінші бөлік боп реакцияға түсіп жоғалып кетеді.
Кейін бұл фирма автомобил шинасы мен кабель де де 
ойлап шығарды. Дөңгелек резинасының сапалылығы сондай 
жүрген сайын тозудың орнына мықты бола түседі. Он жыл 
ауыстырмай қолдана аласыз!
Әлемде теңдесі жоқ мұндай тауарды 3 жыл зерттеген соң 
Жапония ғалымдары арнайы патент берген екен.
Егер бұл тауыр өндіріске еніп, Әлемге шығарыла бастаса 
Қазақстандағы көптеген адамды жұмыспен қамтыған болар 
еді.
Алайда мемлекет тарапынан еш қолдау болмай, апта сайын 
келетін түрлі тексерістер шаршатқан Ақ Сарбаз фирманы 
інісіне тапсырып, өзі бұл жұмыстан түбегейлі кетеді де қалған 
өмірін рухани жұмысқа арнайды.
1997 жылы басымнан бір қызық оқиға өтті. Көрші ауылда 
тұратын ақын Сағынтай жездеміздің 40 жас мерейтойы 
болатын болды. Бұрыннан араласатын Табылды нағашым 
тойға күнібұрын келіп жатыр екен. Ертең той болады дегенде 
сау етіп маған келе қалды. Қастарында бұрын мен көрмеген 


329
бір кісі бар.
– Бұл менің 20 жыл көрмеген служагым Салауат – деп 
таныстырды оны аңқылдақ жездем, – мені іздеп сонау 
Алматыдан шыққан беті екен, тура тойыма тап келгенін 
көрмеймісің!
Ойымда ештеңе жоқ, қонақтарға қызымет көрсетіп жүгіріп 
жүрмін. Шайдан соң жездем жеке шаруасымен шығып кетті 
де, қос қонақ төрде қисайып жатқан. Сыртқа шығып қайтып 
келсем, Табылды ұйықтап жатыр да Алматылық қонақ менің 
бөлмемнен шығып келеді екен. Бетіме бүртүрлі қуыстана 
қарап:
– Оқуға газет іздеп едім – деді де жанымнан тез өтіп, төрге 
барып жантая кетті. Бір қарасам газетін бетіне жауып ұйқыға 
кетіпті.
«Бұл менің үйімді тінтіп не іздеп жүр?» деген ой жылт етті.
Ертесі той өтті. Келген қонақтар жөніне кетті. Шақыртусыз 
Алматыдан арнайы келген қонақ та кетті. Менің чемоданымда 
Ақ Сарбаз кітабындағы Ғарыш Заңдарын өзімше зерттеп жазып 
жүрген екі қалың дәптерім бар еді. Келіп қарап соның біреуін 
таппай қалдым.
«Сіздің Алматылық служагыңыз кім болып істейді?» деп 
жездемнен сұрасам: «орган қызметкері – майор екен» деген 
жауап алдым.
Содан бері де 20 жыл өтті. Жездеме Алматылық служактан 
ләм-мим хабар болмапты. «Демек менің шатпақтарым 
біреулерге керек болған-ау» деген ойдан кейде күлкім келеді.
Өмір бойы КГБ агенттері аңдып жүрсе де, мемлекетке қауіп 
әкелер еш айғақ таба алмаған, СССР-ді құлататын құдыретті 
қарудың бәрін өз болмысынан тапқан Жан – Ақ Сарбаз 
болатын.
Мен секілді ауылдың жай тұрғынына бақандай майорды 
тыңшы қылып жіберулеріне қарағанда Құдайдың қалауын 
білуге ынтызар Үлкен Күштердің тұрғаны анық еді.
Түнек Күштері қазір алыстан отырып-ақ үйімізге кіре беретін 
болды.
Сенбесеңіз әлемжелідегі достарыңызды тексеріп көріңіз.
Рухани ізденіс


330
Ақ Сарбаз Әлемі
МЫСЫҚ
Жер планетасы мысықтың планетасы екенін білесіздер ме?
Есте жоқ ескі заманда, өз эволюциясының хайуанат 
сатысында дамыған кезде Люцифер – мысық болған. Иса – 
адам деңгейінде өмір сүрген қожайыны, Ақ Сарбаздың Рухы 
– сол үйдің иті боп өмір кешіпті.
Мысық өзінің арамдығына басып бірдеңені бүлдіре бастаса, 
ит оны әшкерелеп ұстап алады екен.
Осы карма олар қанша биік дамыса да өзгерген жоқ деуге 
болады. Люцифер-мысығының бүлдірген әлемін құтқару үшін 
Иса екі мың жыл бұрын адам боп қайта туды да, Құрбандық 
Заңы арқылы Адамзатты апаттан құтқарды. Одан соң Өзінен 
безген мысық-Люциферді тәубесіне түсіру үшін, Өзіне шын 
берілген Ақ Сарбазды Жерге жіберді.
Бұның дәлелін «Ақ Сарбаз» кітабынан табасыз. Ол үшін әр 
сөйлемді ой жіберіп, түсініп оқу керек.
Енді мысық пен иттің қандай екенін европалық отырықшы 
халықтың көзімен емес, қазақтың көзімен қарап көрейік.
Бұрын хайуанаттардың тілін түсінетін қасиетті адамдар 
болған.
Ит өз қожайынын «Ием» деп танып, оған сөзсіз бағынып, 
барынша адал қызымет етуге тырысады. Иесіне ұқсауға 
тырысатындықтан кейде сол иесінің қасиетін бойына жинайды. 
Сол себепті шатақ кісінің иті де қабаған болады. Қонақжай 
адамның иті кісі қаппайды.
Мысық өзі тұратын үй қожайынын «қызыметшім» деп 
есептейді. Өзін сол үйдің қожайыны санайды. Ұйықтаса 
ең жұмсақ жерді таңдайды. Тамақтың ең дәмдісін жеуге 
тырысады. Тамақты көзін жұмып ішетіндіктен, Құдай алдына 
барғанда өзін адамның асырағанын мойындамайтын көрінеді. 
Сол кезде ит:
– Сыртта жүріп мен тойып жүргенде, іште жүрген сен қалай 


331
тамақ ішпедім дейсің? – деп оны жазғырып, иесіне арашашы 
болады екен.
Ит аңды қожайыны үшін ұстап беретін болса, мысық 
тышқанды өзі үшін ұстап жейді. 
Далада қожайыны өліп қалатын болса иті қарға-құзғынды 
жолатпай оның денесін күзетіп жатады. Мысық болса:
– Ием өлді, енді денесін құрт жейді. Құрт жегенше мен 
жейін! – деп иесінің денесіне ауыз салады. Сол себепті кісі 
қайтқан үйден мысықты шығарып жіберіп, мәйітті күзетеді.
Мысық сиқыршы, дуакерлерді, Түнек Күштерін жақсы көреді. 
Оларды сезгенде пырылдап, көзі жайнап, миялай бастайды. 
Сиқыршы, мыстанның қасында да қара мысығы жүреді.
Ит болса зұлым рухтардан қорқады. Оларды жек көреді.
Өзі тұратын үйде ұл бала дүниеге келсе бәрінен бұрын ит 
қатты қуанады екен:
– О, кесіп-кесіп тастайтын кетпен қара туыпты! – деп.
Қыз бала дүниеге келсе:
– Қысып-қысып, тамғанын беретін сараң туды ма? – деп 
онша жақтырмайтын көрінеді.
Люцифер өзі мысықтан шыққан соң өз планетасында мысық 
сияқтыларды көбірек жаратқан. Аң патшасы – арыстаннан 
бастап мысық тұқымдастардың түрін санап тауыса алмайсыз.
Ал, ит тұқымдастар санаулы ғана.
Европа дәстүрінде мысықты ұлықтау, сұлу әйелді мысыққа 
теңеу үрдіске айналған. Алайда есі дұрыс қазақ мысық болғысы 
келмесі анық.
«Мысық тілеу» – деген қазақта жақсы сөз емес.
«Ғарышта болашақта тағы бір Люцифер-Сайтан шығу 
ықтималдығы бар» – дейді Ақ Сарбаз.
Ол сатқын сіздің мысығыңыз боп шықпасын деп тілеңіз!
Рухани ізденіс


332
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет