336
Ақ Сарбаз Әлемі
қасуыңыз үшін.
Өйткені супермаркеттерді түсіңізде де көрмейтін боласыз.
Жерұйық Ғаламшарында туған балалар нан, печенье,
шоколад, торт деген сөзді білмейтін болады. Немереңіз «ертегі
айтып берші» деп қыңқылдағанда бәлкім өзіңіздің мұнда жеген
тағамыңыз бен киген киімізді, мінген көлігіңізді ертегі қылып
айтатын шығарсыз.
«Түтікпенен
сок ішкен, түндікпенен жем жеген» мұндағы
комфорт өміріңіз тәтті түстей көзден бұл-бұл ұшады.
Әйел болсаңыз таңмен таласа көнек шелекпен қой саууға
шығасыз. Одан ірімшік, құрт қайнатасыз. Бұл сіздің отбасының
тарыққанда жейтін наны болмақ. Одан бөлек басатын киізіңіз,
сабайтын жүніңіз сізді күтіп бұрқырап жатады.
Отты сөндірмеуге тырысасыз. Сіріңке сатып алатын дүкен
жо-оқ. «Отқа келген қатынның отыз ауыз сөзі бар» деген
баяғы мақалдың мағынасын сонда түсінесіз.
Еркек болсаңыз таңмен таласа атыңызды ерттеп мал
соңынан кетесіз. Бағылатыны бар, сауылатыны бар, айыратын
бар, қайыратыны бар.
Одан қалса илейтін теріңіз, игеретін
жеріңіз, қырқатын қойыңыз бар. Көп нәрсеге талпынған
ойыңыз бар.
Сіздің компьютерлік біліміңіз, дипломыңыз адыра қалмақ.
Ақылы мықтыдан тақымы мықты озатын уақыт келеді.
Айтпақшы «Күміс планетада теңіз бен мұхиттар жоқ болса
сор да жоқ болғаны. Сонда халық тұзды қайдан алмақ?» деп
сұрадым Ұстаздан.
«Жер астынан шығатын тұз орындары бар» ‒
деп жауап
берді маған, – ол жердің халқында тұз өндіретін арнайы
адамдар болыпты.
Таңнан кешке дейін қыбырлап бел жазбай еңбек етіп
жүргенде ақ бетімнің ажары, өмірімнің базары қайда қалды?
деп ойлауға мұршаңыз да болмай қалуы кәдік.
Алайда бүгінгі күні осындай тірлік кешіп жатқан адамдар
бар. Олар табиғаттың бел баласы секілді.
Қаланың тірлігіне
қызықпайды да.
Егер Жерұйықта өмір сүргіңіз келсе иномарканың жұмсақ
креслосында отырып армандамай, ауылға барып,
бір мезгіл
қой сауып (тым болмаса) көріңіз.
337
РУХ ОТЫ
Біз өмір сүріп жатқан Физикалық Дүние – Тозақтың түбі боп
саналады. Ең тұрпайы дүние – осы. Бұл бейнелеп айтқанда
судың мұз күйі сияқты, энергияның қатайған түрі.
Астрал Дүниедегі Тозақ пен Тазартқыш бізден жоғары
орналасқан. Сол себепті ондағы миллиярдтаған зұлым рухтар
жоғарыдан энергия алатын каналдары жабылып қалғандықтан
бізден энергия алмаққа ұмтылады.
Біздің оларға бойымыз әбден үйреніп кеткеніміз сондай бар-
жоғын сезінбейміз де. Үстіндегі бүргесін көтеріп жүре беретін
мал жарықтық сияқты жүре береміз.
Бүргесі бар үй, кандаласы бар үй деген сияқты әр үй
адамдарының көрінбейтін сорғыш вампирлері (зұлым рух,
жын, пері) болуы мүмкін. Бұл шақырусыз қонақтар бізге
қайдан жақындайды?
Бұлар бізге әулеттен мұра боп қалуы, болмаса өз денемізге
өз ниетімізбен шақырып алған вампирлер болуы мүмкін.
Жай адамның ой-сезімі олар үшін қауіпті емес.
Алайда
жаңаша ойлап сезіне бастаған, жоғарғы санасын оятуға
талпынып жүрген адам олар үшін қауіпті. Сол себепті бұндай
жолға түскен адамға зұлым рухтар жаппай шабуыл жасай
бастайды. (Сенбесеңіз ешкім жоқ үйде түнде
жалғыз жатып
көріңіз)
Олар сіздің көз алдыңызға түрлі қорқынышты кейіпте көрініп,
жан-жағыңыздан қалқып келе жатқандай болады. Мақсаты
сіздің ойдың отын сөндіру, төменге басып тұншықтырып
тастау.
Сіздің жақсы ойыңызға
қарама-қарсы жаман ойларды
жан-жақтан қалқытып жібереді. Құдды шомылғалы түскен
суыңызға жан-жақтан лас су құйылып жатқандай сезінесіз.
Мұндайда барлық Түнек Күштері от стихиясынан қорқаты-
Рухани ізденіс
338
Ақ Сарбаз Әлемі
нын есте ұстау керек. Өзіңізге Ақ Сарбаздың отын шақырып:
«менің айналамдағы жаман ойлар мен жаман сезімдер Ақ
Сарбаздың отына өртеніп, жоқ болсын!» деп ойлаңыз. Осы
ойды бірнеше қайталағанда нәтижесін көресіз.
Түнек Күштері сіздің аураңызға
кіре бастаса әдетте ол
білінеді. Арқаңыз, төбеқұйқаңыз шымырлайды. Ондайда:
«менің аурам отты шарға айналып, жақындағанды күйдіретін
болсын!» деп ойлау керек.
Бұл ойлар белгілі бір күшке ие болу үшін, оны тұрақты
шығарып консервілеген жөн.
Нені көбірек ойласаңыз соған айнала бастайсыз. Егер
қасыңыздағы адам: «от екенсіз!» деп комплимент айтса,
біліңіз:
Бұл Сіз Өзіңіз тұтатқан Рух Оты!