83
ғы рухани қазына мақал-мәтелдерден, өлең-жырлардан айқын
көруге болады. Мысалы: «жас өспей ме,
жарлы байымай
ма» дейді. Бұл – тоқтамайтын эволюциялық қозғалыс заңы.
«Жарлы байға жетем дейді, бай Құдайға жетем дейді» деп
әрбір жанның эволюциялық талпынысын паш етеді.
«Әуелі туғаннан соң бірге жеттім
Еңбектеп екі жаста төрге жеттім.
Үш жасқа келгенімде тілім шығып
Шүлдірлеп ата-анамды ермек еттім» (Әбубәкір Кердері)
Немесе:
«Таяқ тайға жеткізер
Тай құнанға жеткізер
Құнан атқа жеткізер
Ат мұратқа жеткізер» – деп халқымыз эволюциялық өрістің
кеңеюін айтады.
Эволюцияның ең кеңейген төртінші сатысында Жан
Алладан алыстап қатты дененің тұтқынына айналады. Жанның
Жаратушыдан шығып, жеті саты арқылы Құдайға қайта оралып
келуі «Ақ Сарбаз» кітабында жүйелі түрде көрсетілген. Жалған
дүниенің сағымын қуып адасып, ақырында ақиқат жолына
қайта оралған Жан туралы қазақ:
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» – дейді.
Бұл да эволюция жолы.
Эволюция заңы
дегеніміз мәңгі тоқтамайтын, түрленіп,
түлеп, құбылып, жаңарып, үнемі өзгеріп отыратын тіршілік.
Ешнәрсенің тоқталып қалмайтындығын, тек бір-біріне ауысып
тұратынын білген қазақ «жалған» дүниеге байланбаған. «Мал
үшін таласпа, ар үшін талас» деген мақал осыны дәлелдейді.
«Айхай, дүние серуен,
Адам бір көшкен керуен» (Қорқыт)
«Алдыңғы толқын ағалар
Кейінгі толқын інілер.
Кезекпенен өлінер
Баяғыдай көрінер» (Абай)
Қазақ шешендері дүниенің түпкі табиғаты мен шарықтау
Ғарыш Заңдары
84
Ақ Сарбаз Әлемі
шыңын жете зерттеген. Әр құбылыстың бастапқы эволюциялық
қозғалысы туралы:
«Сөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ,
Жол анасы – тұяқ» – деп толғайды да:
«Дау мұраты – біту,
Саудагер мұраты – ұту,
Қыз мұраты – кету,
Жол мұраты – жету» – дей келіп, сол қозғалыстың жетінші
биігін ұқтырады.
Көшпенділер тіршілігінің ішкі қозғалысында эволюциялық
биікке шыққан құбылыс қайсы дейтін болсақ, ол – СӨЗ ӨНЕРІ.
Қазақ билерінің сөз саптауының
өзі эволюцияның айналма
қозғалысына ұқсас.
«Түгел сөздің түбі бір
Түп атасы – Майқы би» – деп бастап:
«Дәрі шөптен шығады,
Өнер көптен шығады,
Сөз сөзден шығады,
Сөйлемесе қайдан шығады?» – деп әрі қарай орап, өрбітіп
алып кетеді де ең ақырында «тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйініне» тоқтайды.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін барлығынан биік
қойған қазақ елі осы арқылы үлкен рухани қасиетке – ТІЛ
құдыретіне ие болған.
«В начале было СЛОВО... Все через него начало быт» деген
ІНЖІЛ сөзінің шындығын қазақтар дәлелдейді. Қазақ халқы
сөздің нәзік энергия екенін, ментальды энергияның ешқашан
құрып кетпейтінін білген. Сондықтан да сөзге қатты мән
берген, сөзге тоқтаған.
«Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп бағалаған.
Қазақтың би-шешендері Карма заңын СӨЗБЕН шешіп,
әркімнің иерархиялық
орнын СӨЗБЕН бағалап, көшпенділер
эволюциясын СӨЗБЕН шапшаңдатып отырған.
Қазақтың шешендік сөздерінде тоқтам мен түйін бар, тұйық
85
жоқ. Тұйықтан шыға алмай қалу қазақ шешендеріне тән емес.
Әр сөз, түйін, байлам, өз орайымен айналып келіп отырады.
Бірінен-бірі туып отырады. Мұны эволюциялық айналма
қозғалыс деп түсіну керек. Мысалы:
«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,
Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» – деп қазақ иерархияны
құрметтеуді, үлкеннің алдына шықпауды насихаттайды. Ал,
енді:
«Әке тұрып ұл сөйлесе, ержеткені болар,
Шеше тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар» – деп ешкімнің
өмір-бақи төменгі сатыда қалып қоймай, үнемі жетіліп, дамып,
биіктеп отыратынын білдіреді. Эволюция дегеніміз міне осы.
Эволюция жолы – Жанның жетілу жолы. Тәжірибе, білім,
асыл қасиеттер жинау – эволюцияның мұраты. Ал, Жан
эволюция жолымен үнемі алға қарай жүре ме? Жанның кідіріп
қалуы, не болмаса кері кетуі мүмкін бе? Әбден мүмкін. Қазақ
мұны да «Кері кеткеннің келіні ұры қылады» деген.
Тіршілікті түгел тану үшін Ғарыштың келесі заңдарын
да білмек керек. Эволюция заңымен
қозғалып өмірдің жеті
деңгейіндегі даму сапарына шыққан Жанның іс-қимылының
салдарынан екінші бір Ғарыш заңы келіп шығады. Біздің
тіршілік туралы көптеген сұрақтарымызға екінші заң –
Ғарыштың КАРМА заңы жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: