81
көреміз. Ойлап көрсек табиғат бірінің ішінде бірі қозғалады
екен. Мысалы, жауын-шашын, дауылдар, жер сілкіну, жанартау
атқылау т.б. құбылыстар планетаның ішіндегі қозғалыс болса,
планеталардың күнді айналу құбылысы – кеңістіктің ішіндегі
қозғалыс болып табылады.
Оларды қозғап тұрған не құдырет? Бәрі қайдан шығады,
қайда барады?
Бұның сырына жету үшін ЖЕТІ деген қасиетті санды түсіну
керек. Жеті қазақта киелі ұғым.
«Жеті атасын білмеген – жетесіз,
Түп атасын білмеген – тексіз» дейді халқымыз. Қазақ жеті
қазынаны қадірлейді. Жерді жеті қат деп өлшейді, аптаны жеті
күнге бөледі. Бабаларымыз Жеті Жарғы жазады.
Қазақтың
наурыз көжесі де жеті дәмнен тұрады. Жұма күні жеті шелпек
пісіреді. «Жеті түнде не қылып жүрсің?» деп сұрайды. Айта
берсең көп.
Сонда ЖЕТІ дегеніміз не? Жеті дегеніміз – бүкіл Ғалам екен.
Барлығы жетіге саяды, жетіден тарайды.
Жеті деген сөз Ғарыштың Заңы. Ғарышта жеті заң бар. Біз
аяқ, қол, бас деп дене мүшелерін жеке-дара атасақ та, олар
жеке өмір сүре алмайды ғой. Ғарыш заңдары да сол секілді.
Бүкіл он сегіз мың ғаламның өзегі, тірегі, негізі болып тұрған
осы жеті заңның біреуін алып тастаса жаратылыс бұзылады,
құрып кетеді. Түсінікті жеңілдету үшін Ғарыш заңын Ғарыш
құбылыстары деп алайық. Олар үлкенге де кішіге де бірдей.
Ғарыштың заңды құбылыстарынан еш нәрсе де сырт
қалмайды. Барлық жаратылыс осы заңдармен құбылады.
Түрленеді. Дамиды.
Бірақ әр нәрсе өз ретімен, өз орнымен,
қатаң тәртіппен, әр түрлі ырғақпен құбылады.
Біз білетін табиғат заңдары Ғарыш заңдарының бір бөлігі
болып табылады. Топырақтан
бастап періштеге дейінгі
түрлердің барлығы Ғарыш заңдары арқасында жаратылған.
Ғарыш заңдары тіршілікке күштеп таңылған емес. Ғарыш
заңдары дегеніміз – мына қайнаған тіршіліктің тура өзі. Біз
егер тіршіліктің сырын ұқсақ, Ғарыш заңдарын ұққанымыз, ал,
Ғарыш заңдарын бірінші зерттесек, сол арқылы тіршілікті де
Ғарыш Заңдары
82
Ақ
Сарбаз Әлемі
ұға аламыз.
Ендеше салт-дәстүрімізді жаңа қырынан танып түсіну үшін
алдымен Ғарыш заңдарын жекелеп алып қарайық.
Соның бірі біз сөз еткелі отырған ‒ ЭВОЛЮЦИЯ ЗАҢЫ.
Достарыңызбен бөлісу: