113
– Қалай емдедіңіз? – деп сұрадым.
– Алақанымды маңдайына қойып, кармасын өзіме алдым.
– Өзіңіз ауырған жоқсыз ба?
– Ауырдым, бірақ өлетіндей емес. Ауруды жеңдім!
Мен Ұстазға барып жүрген уақыттарда кей кезде маңдайынан
кей кезде желкесінен үлкен шодырайған ісіктердің шыққанын
байқайтынмын. Кейде ол ісіктер ізім-ғайым жоқ боп кетеді.
«Осының
бәрі Әлемнің, өзгелердің ауыр кармасын өзіне
алғаннан екен ғой!» деген ой келді.
«Мен біреудің ауруын емдегенде оны қолмен сылғандай
етіп алып тастай алмаймын. Кеселін өзіме қабылдау арқылы
жазамын» деуші еді Ұстаз. Бұл әрекеттерді емші болу үшін
емес, карма қарыздарынан құтылу үшін істегенін ұқтым.
Өзгенің кармасын көтерудің өшпес үлгісін осыдан екі мың
жыл бұрын Иса пайғамбар көрсетіп кетті. Ол Рухымен Құдайға
қосылып кеткен, Жерде тууды қажет етпейтін кемел Ғарыш
Құрылысшысы болатын.
Люцифер азғындатқан адамзат
сол кездің өзінде қара
кармасы тасып, планеталық апаттың алдында тұрды. Бұл
меніңше Төртінші Сатының аяқталып, Бесінші Сатыға өтер кез.
Адамзатты апаттан сақтап, Ғарыш Сарбазы дайын болғанға
дейін уақыт ұту үшін Иса Ғарыштың Құрбандық Заңымен,
Жердің Планета кармасын Өзіне алып, құрбан болды. Сол
себепті Ол – ҚҰТҚАРУШЫ деп аталады.
Кресте өліп, қайта тірілгенге дейінгі үш күн ішінде Ол
Тозақты түгел аралап көрді.
Бұған дейін Тозақтан шыға
алмай, Люцифер тұтқынында жатқан Адам атаны айтулы
ұрпақтарымен қоса соңынан ертіп Тозақтан алып шықты.
«Егер маған ұқсағыларың келсе әркім өз кресін өзі
көтерсін» депті Иса Голгофқа кресін көтеріп бара жатып.
Бұл сөздің мағынасы: «ӘРКІМ ӨЗ КАРМАСЫН ӨЗІ КӨТЕРСІН»
дегені еді. Христиандар болса ол сөзді тіке мағынада түсініп,
мойындарына крест тағып жүр.
Қазіргі қаптаған емші, сиқыршы, маг, экстрасенс
дегендер: «кармаңды тазартамын», «жолыңды ашамын» деп
клиенттерінен ақша алады.
Ғарыш
Заңдары
114
Ақ Сарбаз Әлемі
Меніңше біреуге ақша төлеу арқылы келе жатқан карма
соққысынан құтылам деу – ақымақтық. Кез-келген аурудың
өзі – сіздің кармаңыз. Емші оның салдарын емдейді, себебін
емес. Себебін өзіңіз біліп оны
тоқтатпасаңыз ол ауру сізге
қайтып айналып соғуы мүмкін.
Жолды ашу бұрын қазақта бата арқылы жүзеге асқан. Онда
да маңдайға жазылған миссиясын айқындай алмай, тығырыққа
тіреліп тұрған адамның жолын ашатын бата берген. Бұл кез-
келген адамды бата арқылы мықты қылып жіберуге болады
деген сөз емес.
Қазір қазақтың мойнында Планета Кармасы тұр. Батыстың
батпағына батып, шығыстың шырмауығына шырмалып басы
айналып, амалы құрыған қазақты не құтқарады? Ол мына
планеталық қара карманы еңсере ала ма?
Әрине!
Тәңірге сеніп, Ақ Сарбаз идеясымен қаруланып,
қазақ салтын ұстанып қана құтыла алады!
Егер бұл қадамды қазақ жасамаса Әлемнің басқа халықтары
жасайтын болады. Өйткені Эволюция көшінде аман қалуға
бәрі мүдделі.