116
Ақ Сарбаз Әлемі
үйіне әдейілеп барыпты. Шай ішіп отырып келіннің сарғайған
бармағын көріп інісіне ақырып жіберді дейді:
– Ертең мына келінді төркініне апарып таста! Тұқымды
бұзайын дедің бе?
Алған жарынан айырылу оңай болсын ба, күйеуінің
ақылымен шылымқор келін сол түні темекі дорбасын аулаққа
апарып көміп тастапты...
...Көмуін көміп тастады-ау. Бірақ сол жаман әдет, жағымсыз
карма тұқымға кетіпті. 1902
жылы туған менің анам Сақыш
өмір бойы насыбай атты. «Насыбай атпасам отыра алмаймын,
мұрнымның желі бар» дейтін. Ораз, Шамшырақ, Маруа деген
апаларым өмір бойы темекі тартып өтті. Маруа апамның
өкпе рагына ұшырап ауыр науқаспен өмірден өтуіне де осы
құрып кеткір темекі себепші болды. Әулеттің еркектері темекі
шекпесе де түк болмайды, ал
әйелдерінің мұрыны темекіні
аңсап тұратындай. Бұны тіпті ойыма да алмас едім жақында
ауылына барғанда Тілеген апамды көріп, ол кісінің қызарып
кеткен мұрынын көріп... атамның баяғы таңдауына қатты
ренжідім.
Мен де 6 жасымда тентек
балдарға еріп қатты темекі
тартқанмын. Жетіге толып 1-інші класқа барған соң сауатым
ашылып, бір күні газет оқып отырсам, никотин деген удың
темекі құрамында болатыны,
темекінің зияны туралы
жазылыпты. Осыны оқыған бойда темекіні бірден қойып
кеттім. Бірақ темекі туралы ойласам сілекейім қоюланып баяғы
шеккенім есіме түсіп кетеді құрығыр.