131
ұрпағы боп туа ала ма? Қазіргі жемқор шенеуніктердің баласы
боп туа ала ма? Діни сектанттың баласы болып туа ала ма?
Жо-оқ! Алтыншы Сатының баласы ақымақ емес қой. Егер
жаңағылардың
ұрпағы боп туса, өмірінің бәрі сол әулеттің
жағымсыз кармасын өтеуге кететінін біледі.
Сол себепті әулетінде жағымсыз карма жинамаған,
текті
отбасында тууға тырысады. Бұл отбасы қарасирақ кедей
болса да бәрібір. Рухтың жедел дамуы үшін жоқшылықтың көп
пайдасы тиеді.
Жақсы. Бір қасиетті бала сіздің отбасында дүниеге келді
делік. Сіз оған қандай тәрбие беріп жатырсыз? Оның кім болып
өскенін қалайсыз?
Кемел дамыған Рухтың адам денесіндегі өмірі өте сәтті өтеді
деп айту қиын.
Ақ Сарбаз Өзі туған отбасындағы 5 баланың үлкені боп, сол
әулеттің барлық қиын шаруасын істесе де, оған ата-анасының
көңілі толмаған ғой.
Баласының академик, профессор
болғанын, шенеунік, бай болғанын
қалаған ата-анасы Оны
үнемі жазғырып келді. Тіпті бір күні шешесі:
«Сен енді аға болмайсың. Сенің орныңа інілеріне дұрыс
үлгі көрсетуі үшін өзіңнен кейінгі інің аға болады!» – деп бұны
әулетіндегі ағалық құқынан айырған үкімін жариялайды.
Сол кезде Ақ Сарбаз баяғыдағы Жақып ғұмыры кезінде
жасалған жағымсыз кармадан енді құтылғанын түсінді.
Өйткені қазіргі әкесі – қайта туған Ысқақ, шешесі – Жақыпқа
әке батасын қулықпен алуына
себепші болған Ребекка
болатын. Ал, ағалық жолды тартып алып берген інісі – кезінде
Жақыптың кесірінен ағалық батадан қағылған Елсау еді.
2700 жылдан кейін өтелген бұл карма қандай биік миссиямен
келсең де ешкім Ғарыш Заңынан тыс қалмайтынын көрсетеді.
Ғарыш Заңдары