ҚҰДАЙ ЖӘНЕ МАХАББАТ
Дүниедегінің бәрінен түңіл. Бұ дүние, О дүние – астрал
дүниесі – бәрі жалған. Жалғанды жаның жатырқап, теріс
айналып, түңілген кезде, тек Құдайдан түңіле көрме!
Құдай – әлемнің анасы, тіршіліктің түп қазығы ғой!
Шексіздікке желі тартқан барлық галактикаларды ұстап
тұрған түп қазық – Құдай. Құдайсыз күнің жоқ. Құдайсыз
білім жоқ. Жанымыз Құдайдан алыстаған сайын ауыр азапқа
душар боламыз. Барлық бақытсыздық – Құдайдан қол үзіп
қалғандығымыздың кесірі екенін білмейміз.
Құдайға қосылған жаннан бақытты кім бар?! Құдайға қосылу
рахатына еш ләззат жетпейді!
Құдайдың сүйіспеншілігі, мейір-шапағаты мен шуағына
бөленуден асқан рахат жоқ!
Дүниеде Құдайға ғашық емес жан жоқ. Бәрі ғашық. Бірақ
олар өздері ынтық болған құбылыстың Құдайдан шығып
тұрғанын түсіне бермейді.
26.11.1997ж
Рухани ізденіс
282
Ақ Сарбаз Әлемі
РУХАНИ ІЗДЕНІС
Мынау менің – басым
Мынау менің – аяқ-қолым
Мынау менің – кеудем
Кеуденің ішінде менің – жүрегім
Бастың ішінде менің – миым
Сонда «Мен» дегенім қай мүшемде?!
Рухани ізденіс осылай басталады.
«АДАМ – үш ағыстың арнасы.
Менталды өмір ағысы, Астралды өмір ағысы және Физикалық
өмір ағысы адам денесі арқылы өтеді»
Денеден СЕЗІМ күшті.
Сезімнен ОЙ күшті.
Ойдан САНА күшті.
Сананың қайнар көзі – РУХ.
Рухтың негізі – ҚҰДАЙ.
Қатты денені НӘЗІК СЕЗІМ басқарады.
Нәзік сезімді НҰРЛЫ ОЙ басқарады.
Нұрлы ойды АЙҚЫН САНА басқарады.
Айқын сананы БИІК РУХ басқарады.
Биік рухты ҚҰДАЙ басқарады.
Құдай дегеніміз – Ғарыштың бірлігі
Барлық жаратылыстың Түп Негізі.
Бір Құдай дегеніміз – Бір Ғарыштық Заңға бағынатын Ғарыш
Серіктестігі.
Киелі кітаптар Абсолюттің Өзінен емес, бергі жағындағы
Ғарыш Серіктестігінен, не Ғарыш Бауырластығынан берілуі
мүмкін. Құрандағы «Біз» деп басталатын көпше атау соның
дәлелі.
283
Достарыңызбен бөлісу: |