282
Ақ Сарбаз Әлемі
РУХАНИ ІЗДЕНІС
Мынау менің – басым
Мынау менің – аяқ-қолым
Мынау менің – кеудем
Кеуденің ішінде менің – жүрегім
Бастың ішінде менің – миым
Сонда «Мен» дегенім қай мүшемде?!
Рухани ізденіс осылай басталады.
«АДАМ – үш ағыстың арнасы.
Менталды өмір ағысы, Астралды өмір ағысы және Физикалық
өмір ағысы адам денесі арқылы өтеді»
Денеден СЕЗІМ күшті.
Сезімнен ОЙ күшті.
Ойдан САНА күшті.
Сананың қайнар көзі – РУХ.
Рухтың негізі – ҚҰДАЙ.
Қатты денені НӘЗІК СЕЗІМ басқарады.
Нәзік сезімді НҰРЛЫ ОЙ басқарады.
Нұрлы ойды АЙҚЫН САНА басқарады.
Айқын сананы БИІК РУХ басқарады.
Биік рухты ҚҰДАЙ басқарады.
Құдай дегеніміз – Ғарыштың бірлігі
Барлық жаратылыстың Түп Негізі.
Бір Құдай дегеніміз – Бір Ғарыштық Заңға бағынатын Ғарыш
Серіктестігі.
Киелі кітаптар
Абсолюттің Өзінен емес, бергі жағындағы
Ғарыш Серіктестігінен, не Ғарыш
Бауырластығынан берілуі
мүмкін. Құрандағы «Біз» деп басталатын көпше атау соның
дәлелі.