Халықаралық туризм және меймандостық университеті
«Туризм және спорт факультеті»
«Туризм кафедрасы»
Қазақстан Республикасында туристік қызыметтерді
ұйымдастыру және басқару
Орындаған :А.С.Сейткәрім
Б.Д.Оңалбай
А.Ш.Даушов
Қабылдаған:Ш.С.Нурмухамедова
Түркістан 2022
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.Туризмнің дамуының теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Туризм мәні мен қызмет етуінің механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Қызмет көрсету: туризмдегі әлеуметтік . экономикалық фактор ... ... ... .
ІІ. Қазақстандағы туристік фирмалардың қазіргі даму жағдайы және басқару деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Туроператорлық фирмалардың жалпы басқару жүейсі ... ... ... ... ... ... ... ...
2. 2 Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралықинвестициясүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор сал
ының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
Б.э. дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан турмзмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл – ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.
Жұмыстың мақсаты: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
• Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
• Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторларды қаратыру;
• Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясын қарастыру;
• Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
• Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін қаратыру;
• Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста туризмнің ерекшеліктері, оны құраушы компоненттері қарастырылған. Сонымен қатар атаулы еңбекте басты назар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру жолдарына бөлінген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік, құқықтық актілері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
І.Туризмнің дамуының теориялық аспектілері
1.1 Туризм мәні мен қызмет етуінің механизмі
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.
Саяхат - адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша: «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты» .
Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар) - бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм дегеніміз — ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі.
Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
1) XIX ғ. дейін — элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайыкәсіпорындардың тууындауы.
2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс — көлік дамуындағы дүрбелеңөзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.
3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең – көпшілікті туризмныңдамуы.
4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін – қазіргі кезең – көпшілікті туризм,туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.
Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.
Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды – Меккеге, христиандарды – Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.
Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін — Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.
XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.
Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 — жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең)тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті (төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты, өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар, туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында .
Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.
Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа, туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.
Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен, кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.
Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .
Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм — бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес ?жалпы түсінік.
1993 жылы БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды .
Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:
-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;
-қозғалудың уақытша сипаты;
-сапардың мақсаттылығы;
Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекенжайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады [12].
БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.
Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.
Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 астам пайызын, және әлемдегі өндірістің әр бір тоғызыншы орнын қамтамасыз етеді.
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген .
Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдер және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.
Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен пара-пар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдардың нашарлануына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.
Tәуелсіз алғанға дейін Қазақстанда туризм, экономиканың басқа салалары сияқты бір орталықпен қатаң түрде реттелді. Қазақстанның тарихи маңызы бар архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштер және табиғи көркем жерлер дұрыс жарнамаланбай және қажетсіз болып қалатын.
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу үстінде.
Соған байланысты, елімізде бір қатар қаулылар мен заң жобалары қабылданды. Оның ішіндегі ең маңыздысы болып, туристік саланы дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.
Бағдарламаның басты мақсаты — қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік деңгейдегі шараларды іске асыру.
Бұл бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның мәдени-тарихи және рекрияцылық аймақтарын дамыту және сақтау. Ол үшін мынандай шараларды іске асыру қажеттілігі қарастырылған:
- мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау жәнеұтымды пайдалану;
- халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршағанортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
- Ұлы Жібек жолы бойындағы археологиялық, архитектуралық, құрылыстықобьектілерді зерттеу және т.б.
Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін дамыту үлкен маңызы бар. Соған байланысты ел басы «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризм инфрақұрлымын дамыту жөніндегі жобасын Қазақстан Республикасында іске асыру туралы» Жарлығына, «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрлымын жасау» мемлекеттік бағдарламасына қол қойылды.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
1.2. Қызмет көрсету: туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор
Туристік кешеннің тиімділігі түрлі қырынан зертелуі мүмкін: шығын қалыптастыру, қызмет, кіріс көлемін жоспарлау, инвестициялық жобаларды іске асыру және т.б. тұрғысынан. Сонымен бірге, шығындары, оларды бөлу әдістерін сараптау, сметалар есептеуді құрастыру мен бақылау, түрдің немесе қонақ үй шығынын өзіндік құнын шығару, туристік және қонақүй өнімінің сатылу және рентабельділігін анықтау мұның барлығы туристік қызметтер нарығында қызмет көрсетуші мекеме қызметінің жалпы тиімділігін сараптаудың бастапқы кезеңіне ғана қажет мәселелер [13].
Сараптау нәтежелері туристік мекеме әкімшілігіне және басқа қолданушыларға сараптама субъектілеріне сарапталған объектінің жағдайын туралы қажетті ақпаратты береді. Сараптама субъектілерінің мақсаты әр түрлі болу, бірақ олардың барлығы бір нәрседе ұқсасады – объектінің ағымдық жағдайы секілді, оның даму келешегінен күтілетін нәрселерді дәл бағалауға мүмкіндік беретін шешу өлшемдер алуда. Егер мекеме мүддесі бұрын тек қонақүйді жүктеу мәселелері менғана анықталса, онда шаруашылықтың жаңа жағдайында ҚТК ұйымдастыру жұмысына қызыққан сараптама субъектілерінің мақсаты мен мүддесін есепке алу қажет.
ҚТК шынайы басқару практикасында басқару жүйесінің элементтерінің түрлі жиылы мен олардың іштей өзара байлансытары нәтижесінде сондай-ақ басқару тиімділігіне ықпал ететін сыртқы орта ықпалының нәтижесінде пайда болатын көптеген факторлар, құбылыстар мен оқиғалар бар. Әдебиеттерде аталған факторларды мынадай топтарға бөлуге болады: саяси, құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық, әлеуметтік және психологиялық. Негізінде бұл факторлар бір-бірімен тығыз байланыста әрекет етеді.
Өзгермелі факторлардың тұтас қатарына тәуелді ҚТК басқару тиімділігінің деректі тұрақты емессосыған байланысты осы мәселені шешуде әдетте мекемені дамытудың негізгі тенденциялары мен оның экономикалық көрсеткіштерінің өзара байланысын зерттейді.
Ресейдің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономикалық тиімділікті бағалаудың бұрынғы әдістемелері күшін жойды, жуық араға дейін жоспардан нарыққа өту кезеңінің тиімділік мәселелерінің әдістемесі мүлдем балалар. Жасалған әдістемелік вакуумды сарапшылар дайындаған кеңестермен және көмекші құралдармен толықтыра бастады. Мысалы, 1994 жРесейдің мемқұрылымы, экономика, қаржы министрліктері және Мемкомпөнеркәсіп ұсынған инвестициялық жоба тиімділігі бағалау және оларды қаржыландыру үшін іріктеу бойынша әдістемелік нұсқаулар жарияланды.
Қонақүй-туристік саласындағы мекеме қызметінің тиімділігн бағалау мәселелері тұтас қоғам тиімділігі бағалау мәселелеріне ұқсас. Осы сұрақ мынау: ұсынылған қызмет тиімділігін арттыру ісінде ықпал етпейтінін көрсетеді [10].
Нарықтық қатынастарға тән белгілердің бірі – қатысушылардың прагматизмі материалдық және материалды емес сипаты кез келген құндылық осы шешілу қандай да бір мақсатқа жетуге ықпал еткен жағдайда ғана қызығушылық тудырады. Алға қойылған мақсатқа жету табысты басқару белгісі деп есептеледі. ҚТК кез келген мекеме қызметіміндетті компоненттер ретінде әрекетке жетелеуші мотивтен, қызметтің болашақ нәтижесі туралы түснікмақсаттан және мақсатқа жету құралынан тұрады. ҚТК мекеме мақсаты оқу басқа барлық өлшемдері анықтайды, оған мысал ретінде тиімділік түрлерінің ірілендірілген топтамасын келтіруге болады ҚТК мекеме мақсатына тәуелді тиімділік түрлерін топтастыру.
Мекеме мақтасы шешулі ресурстардың бағалық жүйесіне сәйкес олардың жарлықтыларымен қалыптасады. Жоғары басшылық шешімі ресурстардың бірі болып табылады, сондықтан жоғары басшылықтың құндылық жүйесі мақсат құрылымына ықпал етеді. Ғылыми әдебиеттерде ҚТК ұйымының мақсаттарының келесі жалпыланған түрлерін көрсетеді:
-бәсекелестік күрес жағдайында тірілу;
-банкроттық пен ірі қаржы сәтсіздіктерінен қашу;
-бәсекелестермен күрестегі көшбасшылық;
«бағаны» жоғарылату не имидж жасау;
-экономикалық потенциалдың өсуі;
- өндіру мен тарату көлемінің өсіу;
- кірісті жоғарылату;
- шығынды азайту;
-рентабельділік және т.б.
Қол жеткізілген нәтижелердің қойылған мақсатқа қатынасы (мақсаттың тиімділігі) мен ресурстардың осы нәтижелерге қатынасы (шығындырудың ресурстық тиімділігі) басқару үдерістерінің кез келген тиімділігін тауысады деген пікір жиі айтылады. Оның үстіне тиімділікті нәтижелілік және экономикалық деп бөлу аз. ҚТК мекемелері қызметінің мақсаттық негізділігін сараптау да қажет .
Бір сөзбен айтқанда, соңғы көзқарас тұрғысынан тиімділікті оның мақсаттарын нормативті идеалдар мен бағалы нормаларға сәйкес сараптау қажет.
Осы негізде тиімділіктің келесі үш түрін көрсетеді:
тұтанушылық (мақсаттың қажеттілікке, идеалдар мен нормаларға қатынасы);
нәтижелік (қол жеткізілген нәтиженің мақсатқа қатынасы); шығындық (шығынның қол жеткізілген нәтижеге қатынасы).
Тиімділіктің бұл түрлері бүтін желіні құрайды тұтынушылық тиімділік нәтижеліктің мазмұны ал ол болса шығындықты анықтайды.
Жалпы айтқанда, мұқтаждық-мақсат міндетресурстар желісі кез келген стратегиялық жоспар жасау мазмұнын аяқтайды. Сондықтан тиімділіктің аталған түрлері баолжам мазмұны толығымен сәйкес келеді және жоспарлау мен тиімділікті сараптау сияқты басқару қызметтері мен жоспарлардың және олардың орындалу нәтижелерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Егер тұтынушылық (Т), нәтижелік (Н) және шығындық (Ш) тиімділікті, Ц/Т,
Н/Ц және Н/Ш қатынастарымен берсең, онда тиімділіктің кешендік ұғымына
Т = Ц/Т*Н/Ц*Н/Ш
өрнегі сәйкес келеді.
Мекемені басқару тиімділігі эффекті, яғни жүйеде алынған нәтижені осы нәтиженің жетістігімен байланысты шағындармен салыстыру жолымен анықталу мыналарға жинақталады:
1)басқару тиімділігінің шарттарына:
2)басқарудағы шығын тиімділігінің көрсеткіштері:
3)басқару тиімділігінің жалпылаушы көрсеткіштері;
4)басқару тиімділігінің жеке көрсеткіштеріне
5)басқару және өндірістік ресурстардың арақатынастық көрсеткіштеріне.
Қонақүй – туристік бизнесінің мекемесін басқару тиімділігін ерекше көрсету керек. ҚТК мекемесін басқару тиімділігі-күрделі және көп қырлы категория. Басқару тиімділігінің көп қырлылығы бірқатар ұғымдық сызбаларды қамтамасыз етеді. Мұндай сызбалардың ішінде.
басқарма жұмысшысының еңбегінің тиімілігі;
басқару аппаратының еңбегін, оның жекелеген органдары мен бөлімшелерінің тиімділігі;
басқару үдерісінің тиімділігі; басқару жүйесінің тиімділігі бар.
Қазіргі кезде басқару тиімділігін анықтау келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:
басқаларды жетілдірудің ұйымдық-техникалық шараларын сараптау мен бағалау;
ортақ тиімділікті анықтау;
ҚТК мекемесінің жалпы эффектісіндегі басқару жүйесі эффектісінің үлесіне анықтау;
функционалды бөлімшелер қызметінің нәтижесін анықтау.
Басқару тиімділігін анықтау өзара байланысты кезеңдерден тұратын үдеріс ретінде қарастыруды ұсынады. Бағалаудың әрбір келесі кезеңді алдыңғы кезеңді толықтыра отырып, оны нақтылайды.
Бірінші кезеңде басқару тиімділігі шарттарының сапалық және сандық анықтылығы айқындалады. Мақсатқа жету ҚТК мекемесін басқару тиімділігін шамасы-сандық сипаттамасы болады.
Екінші кезеңде басқару шығынының тиімділігі анықталады[15].
Үшінші кезеңде қолда бар потенциалды басқару тиімділігі анықталады. Көрсеткіштер өндірістік және басқару ресурстарын пайдаланудың тиімділігінің жалпылаушы көрсеткіштерінің базасында қалыптасады.
Басқару үдерістері мен қатынастарының көп деңгейлі және көп аспектілі сипатына сәйкес басқару тиімділігінің шарттары мен көрсеткіштерін құрастыру ерекше маңызды.
Қонақүй туристік саласы мекемелерінің ішкі тиімділігі (өнімділігі) ресурстардың (шығындардың) турлар таратудың көлемімен, сатылған номерлердің санымен арақатынасы негізінде анықталады, сыртқы тиімділік оны ҚТК мекемелерімен қанағаттандыру қажеттілігі мен деңгейін есепке алады. Фирма тиімділігін басқаруда нарықты қанағаттандыру шарасы бойынша негізгі міндеттердің бірі ресурстарды қолдану тиімділігі мен турөнімдер ерекшелігін белгілеу болады.
Сонымен, тиімділіктің топомнемді нұақасын жасау оны былай көрсетеді:
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру деңгейіндегі жоғары жүйенің шектеулі бөлігі ретінде;
жеке тұтас жүйе ретінде;
осы жүйеге кіретін компоненттердің шоғыры ретінде .
Басқару өнімі аталған нұсқамен сәйкес үнемденеді. Біріншіден, ол басқару объектілері мен басқару жүйесінің қызм,ет көрсету нәтижесі ретінде көрінеді. Екіншіден, аралық-басқару жүйесі қызметінің сапасы түрленеді. Үшіншіден, ол қызмет пен басқарумен операцияларды атқарудың бастапқы сапасы, басқару күштері мен құралдарын пайдалану сипаты.
Қонақүй секілді, туристік қызметтердің өндірістік және басқару факторларын таңдау және топтастыру үшін статистикалық әдістерді, заманауыл кибернетика басқару тиімділігін анықтау үшін өндірістік қызметтер аппаратын пайдаланған жөн. Сондай-ақ, кластерін сараптама-оның таңдау үшін де, факторларды топтастыру үшін де қолданылу мүмкін жетістігі. Бұл жерде факторларды сандық бір атаулы бағаларда беру міндетті емес, оның үстіне бір мезгілде сандық және сапалық сипаттамаларды пайдалануға болады. Алынған топтама түрі зерттеуші берген топтаманың тиімділігін шартына, немесе мақсатты қызметіне тәуелді. Мұндай шарт ретінде ауытқы шаршыларының ішкі топтық қосындысын төмендетуді атауға болады.
Тиімділіктің заманауи стратегиялары ресурстармен басқаруды қызмет масштабын кеңейтуге ұмтылумен ұштастырады. Ресурс пен нәтиже арасында күрделі өзара әрекет тиімділік құрылымында статистикалық және динамикалық аспектілердің бөлініпшығуын талап етеді. Тиімділіктің мұндай топтамасын алғаш рет американдық экономист Йозеф Шумпер кәсіпкерлік қызметін зерттегенде қолданды. Егер статистикалық тиімділік қалыптасқан экономикалық жағдайға қосымша өсуге есептелмеген компанияларды қолдану үдерісін сипаттаса онда динамикалық тиімділік дамуға тенденцияны сипаттайды. Динамикалық тиімділік ұғымы стратегиялық басқаруға қажет.
Кейінірек топтастырудың бұл идеясын көптеген экономисттер мен басқарушылар ұстанды.
Статистикалық тиімділік пен оны бақылау тәсілдері қысқа уақыт ішінде ҚТК мекемелерінің қызметін ағымдық үдерістерінен басқаруда негізгі болып табылады. Ол кезде тиімділіктің динамикалық аспектілерін зерттемей стратегиялық басқару мүмкін емес. Динамикалық тиімділік-бұл ұзақ уақыт кезеңінде ҚТК мекемелерінің жоғары бәсекелестікке қабілеттілігін қолдаудың негізгі тәсілі. Тиімділіктің бұл екі аспектісінің мекемелер үшін бірдей құндылығын айту қажет. Тек статистикалық тиімділікті басқару тәсілдерінғана пайдалану ҚТК мекемелерінің болашақта дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол кезеңде үлкен тәуекелмен байланысты тиімділіктің динамикалық аспектілерін арттыру ақталмаған шығынға, оның тиімділіктің жаза сапасына өту қорқынын жоғалтуына әкелуі мүмкін.
Отандық ғылым мен практикадағы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесін сараптай отырып, келесі топтарды бөлуге болады:
Тиімділіктің жалпылауыш көрсеткіштері;
Тірі еңбек (еңбек ресурстары) тиімділігінің көрсеткіштері;
Негізгі қорларды, айналым құралдары мен капитал салымдарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері;
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері;
Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін көрсеткіштері (жаңа техниканың экономикалық тиімділігінің жоспарлық және есептік көрсеткіштерімен берілген көрінісі);
Тиімділік көрсеткіштері жүйесінің қарастырылған нұсқаларының барлығы жабық емемс, олардың мазмұны бірдей.
Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі сараптау мақсатына, бөлектеу деңгейі мен тереңдігіне байланысты басқа да сипаттармен толығады. Акционерлік қоғамдарда акциялардың кірістілігі қосымша бақыланады, бұл акционерлер мен болашақ инвесторлар мүддесін көрсетеді. Ағымдық және стратегиялық тиімділікті сараптағанда ресурстардың ішкі құрылымын бейнелейтін және мекеме тиімділігі туралы қосымша ақпарат беретін көрсеткіштер қолданылады. ҚТК ұйымы жоғары кірісті қамтамасыз етуі тиіс деген теңес кең таралған. Мұндай қадамның бастапқы шарты: кез келген фирма кірісті арттыру үшін әрекет етеді, бірақ пратикада мұндай максимумға жету мүмкін болғандықтан қалыпты кіріс ұғымы қолданылады. Түрлі қызмет түрлерінің кірістігі тікелей ерекшелігіне алады, бұл барлық бизнесмендердің бір мезгілде өз бізнесін одан да пайдалыға ауыстыруға ұмталдырмайды. Мұндай қадамның негізінде өндірілген өнімге баға түзу жүйесі - өзіндік құн қосу үстеме жүйесі жатыр.
Фирма мен басшылық қызметінің келесі бағытына өндіріс көлемі мен қызмет тұтынысын дамытуға ұмтылу жатады. Бұл үлкен деңгейдегі фирма көлемі менеджердің лауазымы мен жағдайын анықтайтынына негізделеді. Аталған теорема шеңберлерінде басқа да формальда шарттар қолданылады, атап айтқанда, тұтас фирма тиімділігін бағалау үшін акцияға кіріс көрсеткіштері таралған, инвестиция тиімділігін бағалау үшін инвестицияланған капитал рентабельділігін көрсеткіші қолданыла алады.
Соңғы жылдары қосымша құнды арттыру теориясы қарқынды түрде жасалуда.
Кез келген деңгейдегі фирмаға иелені қызметі мен басқару және бақылау қызметі арасындағы үзіліс тән, бұл бірқатар жаңа басқару теорияларының пайда болуына әкеледі. Негізінде фирма иелері мен басқарушы тұлға мүддесінің қайшылығы жататын өкіметіліктің беру теориясы өте танымал. Мұнда фирмаға тікелей қатысы бар жеке тұлғалардың екі үлкен тобының-иеленушілер (акционерлер, қатысушылар) мен басқару тұлғасының оңамалануы жүреді. Олардың мүддесі барлық уақытта сәйкес келе бермеуі мүмкін бұл әсіресе болашақтық шешімдерді сараптаумен байланысты, олардың кейбірі ағымдық кірісті қамтамасыз етеді, ал келесілері-келешекке есептелген [1].
Қызығушы топтар теориясы аталған теорияның бір түрі болып табылады. Кез келген фирманың қызмет көрсетудегі мақсаты фирмаға тікелей не жанама қатысы бар заңды және жеке тұлғаларды шиеленісті мақсатын үйлестіру. Сондықтан турфирма кірісті арттыруға ұмтылып қана қоймай, өз жұмысшыларының әлеуметтік жағдаймен, қоршаған ортаны қорғаумен және т.б. айналасуы керек. Ұйымды өте тиімді ету үшін көптеген қатысушылардың бір-біріне қайшы мүдделерін есепке алу керек. Сондықтан ұйымдастыру тиімділігінің шарттары қатысушылар құрамы мен олардың мүдделеріндегі өзгерісті бейнелей отырып, үнемі өзгереді. Сонымен, жеке мешіктер салынған кірісті бағалайды және көбейтуге ұмтылады. Несие берушілерді оқшаулық, салым келешегі, қаржы тәуелші қызықтырады. Кәсіподақтар еңбек келісімінің шарттарын анықтау үшін фирма қызметінің тиімділігін бағалайды. Бизнеске қатысушылармен қатар, мекеме қызметінің тиімділігіне сыртқы ұйымдар мен тұлғалар («аутсайдерлер») тікелей және жанама бақылау жүргізеді. Олай болса, нарықтық экономика жағдайында тиімділікке бизнеске қатысушылар, аутсайдерлер, мемлекет жасаған көпқырлы бақалау ғана мекеме үшін экономикалық орта жасайды, мұндағы тиімді қызмет-мекеменің өмір сүруі мен қызмет көрсетуіне қажетті жағдай, менеджерлердің міндеті-акционерлердің , жұмысшылардың, несие берушілер мүддесінің арасында, статистикалық және динамикалық, ішкі және сыртқы тиімділік арасындағы теңдікті қамтамасыз ету.
Олай болса, менеджерлер ұйым тиімділігіне динамикалық категория ретінде қарау керек және үнемі өзгерістерге дайын болуы тиіс ҚТК мекемесінің тиімділігіне қадамдардың бірі жалпы жүйелі модельге негізделген. Оның шеңберінде ұйымдасқан әрекет жүйесіне түсетін негізгі құрамдас элементтер сыртқы ортамен байланысты: шектеу, талап пен мүмкіндіктер; ұйым ресурстары; оның тарихы. Басты кіріспе элемент болып мекеме стратегиясы табылады. Жүйенің шығысында мекеменің стретегиялық міндетімен үйлескен қызмет тиімділігі бар. Негізгі сызбамен сәйкес мекеме кіріспе элементтерді алатын және оларды шығушы элементтерге таситын механизм ретінде қарастырылады. Мекеме сараптамасындағы негізгі объекті болып түрлену үдерісі табылар. Бұл модельде мекеме төрт компоненттің құрамында қарастырылады:
орындау қажет міндет не жұмыс және олардың негізгі сипаттамалары;
тапсырманы орындау міндетімен жұмысшылар;
мотивация жасайтын және тапсырманың орындалуына ықпал ететін формалды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
мекеме қызметінің шынайы жағдайынан көрініс беретін формальды емес ұйымдық құрылымдар.
Тиімділік проблемасы нашар сәйкестік туралы растайтын ұйымдастыру факторларымен және басқарумен байланысты пайда болады. ҚТК мекемелеріне жасалған бұл қадамның құрамында кездейсоқтық элементтері болады. Ең жақсы мекеме жобасы басшылық стилі не жұмыс әдісі болмайды. Түрлі жағдайларда мекеменің түрлі моделі мен оларды басқару тура келетін болады [9].
ІІ. Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қазіргі даму жағдайы және басқару деңгейі
2.1 Туроператорлық фирмалардың жалпы сипаттамасы
Туризм құрамында қамтылған қызмет көрсетулерге, оларды беру жеріне, қызмет көрсетілген халқына байланысты ішкі және халықаралық деп бөлінеді.
Ішкі туризм - туризмнің берілген мемлекеттің территориясында сол елдің тұрғындарымен (ішкі туристер) іске асырылуымен байланысты қызмет.
Халықаралық туризм - туризмді бір елдің халықының басқа елдің территориясында іске асырумен байланысты қызмет. Мұндай туристер шетел туристері категориясына жатады. Басқа мемлекет территориясында туристерге туристік қызмет көрсетулерді ұсынку мен қызмет – көшпелі туризм деп аталады да, шетел туристеріне мемлекеттің территориямһсында көрсетілген туристік қызмет кірме туризм деп аталады.
Айта кететін жағдай, неғұрлым жалпы категорияларға «туристерді жіберу» мен «туристерді қабылдау» ұғымдары жатады. Олар бірдей деңгейде ішкі және халықаралық туризмге қатысты болып келеді. соынмен қатар туризм статистикасында туристік келу деген ұғым орын алған. Сол себептен туристік келулерге қарай туристік ағымдар бағаланады. Туристің ішкі табиғатынан келесі түсінік туындайды: турист келгендіктен, ол қайтадан кетуі тиіс.
Сонымен қатар туризмнің статистикасын бір ел территориясынан екінші ел территориясына жылжитын транзиттік туристер шиеленістіре түседі. Мемлекет территорисында транзитпен жүру үшін арнайы транзиттік виза болуы тиіс. транзитік туристердің елде болу транзитінің мерзімі шектеулі болып келеді. бұл Санкт-Петербургтен Швецияға барған ресей туристерінің мысалында анық көрінеді. Мұндай саяхат үшін ең тиімді жол болып Туркаға автобуспен, ары қарай Викинг Лайн компаниясының теңіз паромымен Стокгольмге бару табылады. Жол жөнекей Финляндия территориясын кесе отырып, туристер төрт сағатқа «Серена» аквапаркіне кіруге Хелсинкиде тоқталады. Финляндия үшін бұл туристер транзиттік болып саналады [11].
Туристерді қабылдау атаулы аймаққа немесе туристік орталыққа келіп жатқан туристерге қызмет көрсету бойынша қызметті сипаттайды. Туризмді ұйымдастыру бойынша атаулы қызметтен тасымалдаушыларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды (туризмнің барлық инфрақұрылымын) іске қосу, ақша массасының келуі, ал шетелдік туризм жағдайында шетел валютасыынң келуі шығады. Туристерді қабылдау туристік аймақта немесе орталықта жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етеді, аймақ экономикасыынң дамуына септігін тигізеді. Соынмен қатар ішкі және шетел туристерін қабылдау арасындағы баланс ұғымы қалыптасқан.
Формальды белгі бойынша барлығы да саяси-экономикалық факторларға байланысты болып келеді. СССР-да идеалогиялық және экономикалық ойлар бойынша шетел туристерін қабылдау маңызды болған, бұл өз кезегінде шетел туристеріне қызмет көрсету бойынша жеке саланың құрылуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар туризм шетел валютасының келіп түсуінің маңызды көі болып табылған. Соынмен бірге белгілі шетелдік туристер катеогриясына уһтуристік ықмзет көрсетулер тегін көрсетілген. кеңес азаматтары мен шетел азаматарына туристік қызмет көрсетуде айырмашылық байқалып отырды. Рубль ковертациясын енгізгеннен кейін және қызмет көрсетулердің құндары теңестірілгеннен кейін өзгерістер пайда болды. Бірқатар астаналық фирмалар мен туристік оралықтар үшін Тюменнен келген ауқатты туристі қабылдау (салыстырмалы түрде) ауқаты төмен сараңдау неміс туристін қабылдағанға қарағанда тиімдірек саналған [8].
Туристерді жіберу де маңызды категория болып саналады. Мұндай қызмет ақша массасының басқа аймақтарға, ал шетел туризмі кещінде басқа мемлекеттерге, тартылуымен сипатталады. Жұмыс орындары туризмді ұйымдастыру кезінде (тасымалдау) ғана болмақ. сол себептен, жергілікті аймақ билік басшылары үшін туристерді жіберу ешуақытта да алғы сала болып табылмайды. Туризм валютаның сыртқа кетуін қамтамасыз еткендіктен мемлекеттер ішкі туризмді дамытуға белсенді күш жұмсауда. Бірақ та көшпелі туризмнің барлық түрлері жергілікті қазынаға айтарлықтай көлемді салық түсіруде.
Сонымен қатар ішкі және сыртқы туризм саласындағы қызмет жиынтығын қамтитын ұлттық туризм деген ұғым бар. Ол мемлекеттің өз тұрғындарына қызмет көрсетуді қамтиды.
Туризм үйлесімді дамып жатқан дамыған мемлекеттерде көшпелі және кірме туризмнің балансы сақталған. Ішкі туризм ұлттық туристік қорларды игеру мен іске асыруға, өнеркәсіптің дамуына, туризмнің инфрақұрылымының дамуына септігін тигізеді.
Алайда іс жүзінде барлық мемлекеттер (мемлекет экономикасы толығымен туризмге бағытталған жағдайда) мұндайды қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, 50 мың жергілікті андоррлықтар жыл сайын 12 млн шетел туристерін қабылдайды. Кейбір мемлекеттер ішкі құрылымдық себептерге байланысты азаматардың шетеле шығуын шектейді немесе туристік қызметтің мемлекеттік реттелуіне қатысты шаралар қолданады.
Туризм мен туристік өнім адамзат өмірінің көп саласының бір турі мен күрделі әлеуметтік үрдістер болып табылады. Туристік қызметті тұтыну өнімін (туристік өнім) қалыптастыру бойынша туризмді ұйымдастырушылардың (туроператорлар, туристік агенттер, басқа да қатысушылар) қызметі деп және атаулы өнімді тұтынушылрадың (туристердің) қызметі деп тануға болады. Туристік өнім туристік ұсыныс пен турдың негізі болып табылады.
Туристік өнімнің негізгі көзі болып дестинацияның туристік қорлары танылады.
Туристік қорлар – бұл туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, күшқуатын қалпына келтіре алатын туристік көрсетілім нысаналарын қамтушы тарихи, әлеуметтік-мәдени және табиғи-климаттық нысаналар.
Мұндай анқтама кезінде бірқатар мәселелер туындайды.
1. Бұл ретте экскурсанттардың жағдайы қалай болмақ? Заңға сүйенсек,экскурсант үшін туристік өнім жоққа шығатын ұғым. Мысалы, Санкт-Петербургке турист ретінде келген тұлға атаулы денистанцияға қатысты міндетті ретте турист болып саналады, бірақ та Новгород қаласына күндізгі саяхатын жасаған кезде, ол келу денистанциясына қатысты өзінің туристік қасиетін жоғалтады да, экскурсантқа айналады. Осыған орай оның келуі туристік статистикада тіркелмейді. Мұндай жағдайдағы бір экономикалық категориядан екінші экономикалық категорияға алмасулар жиі орын алып отыратын құбылыстар.
2. Туристік қорладың функционалдық қызметі туристің рухани қажетіліктерінқанағаттандыру мен ның күш-қуаиын қалпына келтіруден тұрады делік. Сонда тек турист қана емес, барлық жеке тұлғаларға қатысты материалдық қажеттіліктермен не істемекшіміз?
3. Ал егер де туристік денистанцияға жатпайтын туристер категориясыментұтынылып жатқан жағдайда туристік қорлар өздерінің туристік қасиеттерін жоғалтып алмайды ма?
4. Атаулы қорларға денистанциялардың жергілікті тұрғынардың қатынасынқалайша анықтауға болады? Олар халықаралық нормаларға сәйкес туристік қорларға тең құқылы қолжетерлікті иеленген.
Соңғыға қарап келесі қорытындыға келуге болады: туристік қорлар туристерге байланысты емес, сол себептен олар туристік категорияларға жатпайтын басқа да салаларды өздерінің туристік қасиеттерін жоғалтпай қызмет атқара алады.
Сонымен қатар келесіні де мойындауға жөн: табиғи, климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да қорлар туристедің бар немесе жоқтығына қарамай өмір сүріп келеді. Біздің пайымдауымызша, туризм -150 жыл бұрын пайда болған формация немесе құбылыс. Алайда бұл жағдайда 3000 жылдан асқан Хеопс пирамидасын қайда жібермекпіз? Сол ұзақ уақыт бойы, соңғы 150 жылды алмағанда, ол туристік қор ретінде саналмаған, дегенмен де өзінің рухани және материалдық қасиеттерін әлі күнге дейін жоғалтпай, сол күйі сақтап келеді. күн, ауа теңіз әдемі жерлер мен басқа да нысаналар тұтынушыға қатысты абсолюттық болып келеді. Күн жергілікті тұрғыдан да, келген туристі де басқа да адамды бірдей жылытады.
Осыған орай қорлардың тәуелділігі мен туристер категориясы туралы көзқарастарды жүйеге келтіру үшін бірқатар шектеулерді енгізуді жөн көрдік. Кез келген түрдегі қорлар қажетті және жеткілікті қасиеттерді иеленіп, әлеуметтік және экономикалық факторлар күшінің негізінде туризм мақсатында қолданылып, индвидумдермен (туристер немесе экскурсанттар) тұтынылған жағдайда ғана туристік өнім құрайды. Сонымен қатар, кез келген қор құраушы бірлік туристік ретінде басқалармен жиынтық құраған кезде ғана саналады. Демек, қорлар туристік қасиеттерін тікелей немесе жанама туристік қызметтермен кешен құрған кезде ғана иелене алады. Туристік қорлар туристік өнім көздері қызметтерін атқарады. Ресурстық негіз туристік өнім ретінде келесі ретте беріледі: - туристік қорлар
- материалдық және матеиалдық емес нысаналар;
- туристік өнімді тұтынуға бағытталған туристік қызмет көрсетулер.
Қолдағы бар қорлар туризм мақсатында пайдаланылуы үшін қорларды туристік өнім ретінде беретін технологиялар мен білім жиынтығының жүйесі қажет [5].
Туристік қызмет көрсетудің дәстүрлері, салттары, әдістері мен тәсілдері көне замандардан келе жатыр. Туризмнің негізін құраушы дәстүрлер мен салттар мыңжылдықтар бойы қалыптасып келе жатыр.
Сонымен қатар тек қана білім мен біліктілік жеткілікті емес. Туристік индустрия мен көршілес салаларды құру үшін ұйымдастырушылық және құқықтық орта мен жақсы дайындығы бар қызметкерлер тобы қажет. Олардың дайындалуы, қайта оқытылуы, мамандандырылуы да біраз шығындар мен уақытты қажет етеді. Маманды кәсіби дайындау 2 ден 5 жылға дейін уақыт алады, ал кәсіби дағды иеленуші үшін тағы біраз жылдар қажет. Сонымен, туристік өнім үш көзін иеленген.
1. табиғи ресурстар;
2. туристік қызмет көрсету мен туризмнің технологиялары мен білімінің тәртіпке келтірілген жүйесі;
3. кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымы мен дайындалған мамандар тобы.
Өзінің құрылымы бойынша туристік өнім бірнеше деңгейлерді иеленген:
1) қызмет көрсету, жұмыс немесе тауарлардың бір ғана өндірушісінің өнімі
– тұтыну өнімі;
2) өнімді өндірушілердің біртекті немес әртекті топтары;
3) туристік сала өнімі;
4) дестинация өнімі (бірнеше салалар мен қор көздерінің жиынтық өнімі) 5) жоғарыға ұқсас мемлекет немесе аймақ өнімі.
Туристік өнім – бұл заңдыға қаранда, экономикалық категорияға жақын келетін категория. Кез келген туристік өнім заттық бағытталған құрамдас бөлшекке ие болып келеді. соынмен қатар, априор туристік өнімі барлық тұтынушылар үшін жалпылыққа ие қор элементеріне негізделеді. Құрамдас бөліктер табиғи сипатта болуы мүмкін және де өндіруші мне тұтынушыға мүлдем тәуелді болмауы мүмкін. Мысалы, туристік қызығушылық тудыратын табиғи құбылыс: солтүстік нұр шашу, табиғи ландшафт, теңіз, тау және т.б. атаулы категорияларға тарихимәдени нысаналар мен кешендер, сәулетік және тарихи нысаналар, мұражай, ғибадатханалар жатады [4].
Туристік өнімге қатысты әр жеке құрамдас бөлік жиынтық құрамында қызмет етеді. Мысалы, дамыған инфрақұрылымның (байланыс, жолдар, коммуналды және тұрмыстық қызмет көрсетулер жүйесі, сауда) бар болуы міндетті шарт болып табылады. Табиғи қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі болып табылғанымен, басқа элементтермен тіркесіп барып тұтынылуда іске асырылады. Егер де қолжетерлік пен басқа да қосымша жағдайлар қарастырылмаса, онда қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі деп саналмайды.
Туристік өнім оны құраушы үш бөліктен тұрады:
1) Туристік қызмет көрсетулер (яғни туризмді ұйымдастырушылардың қызметттері: туроператорлар, туристік агенттер, қонақжайлылық жүйесінің қызметі, тасымалдау қызметі, қоғамдық тамақтану және туристік категориясына жататын басқа да қызмет көрсетулер);
2) Туристік қызметті тұтынумен қатар жүретін жұмыстар;
3) Турда тұтынылатын тауарлар мен турдан тыс тұтынылатын тауарлар.
Атаулы құрамдас бөліктердің өзара байланысы мен олардың туристік өнімдегі пайыздық арақатынасы туризм мақсаты мен ұйымдастырушылардың дайындығы мен ауқаттылығына байланысты. Соынмен қатар туристердің белгілі өнімді тұтынуға деген уәжі мен дайындығының да рөлі баршылық.
Туристік өнім турдың негізін құрайды да, оның жеке элементтері тур бағдарламасына еніп, ваучерге жазылуы м.үмкін.
Сонымен, қарапайым өнім бір ғана қызмет көрсетуден, қызмет көрсетудің бір кешенінен немесе бір топ шаралардан тұруы мүмкін. Бұл типтік немес жеке тури құраушы күрделі қызмет көрсету кешеніне негізделген жиынтық өнім болуы мүмкін. Соынмен қатар, жоғары деңгейде ірі тур операторларына ұсынылатын бірнеше турлардан тұратын туристік өнім да бар. Ең жоғарыда туристік орталықтың, аймақтың туристік жиынтық өнімі тұрады. Қор құраушылардың басым бөлігі тур құнына енгізілмейді, дегенмен де олар қалғандарымен тікелей байланыста болып, өнім құнына ықпал етеді [3].
Туристік өнімнің тұтынушысы ретінде туристер, экскурсанттар және туристік орталықтың басқа да қатысушылары танылуы мүмкін.
Тур – орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру бойынша қызмет кешенін құрайды. Бұл ереже ұйымдастырылған туризмге қатысты болып келеді. Сонымен қатар тур - тек бір ғана қызмет көрсетулер кешені емес, ол бір бірімен тығыз өзара байланысқан қызмет көрсетулер кешендерінің жиынтығын құрайды. Сонымен турды келісім-шарт нысанасы деп таниды.
Турды іске асырумен немесе сатумен турагент пен туроператор айналысады. Олрадың екеуі де туристік өнеркәсіп кәсінорындары мен туристер арасындағы делдалдық қызмет атқарады.
Сонымен қатар, кез келген туристің өзіндік құқықтары болады. Турға қатысты құқықтарын иеленген турист келесілерге құқықты:
-турға бару немесе бармау, яғни одан бас тарту;
-оны толығымен немесе бөлшектеп пайдалану;
-турды құқықтың басқа субъектісіне беру;
-турды басқа субъектіге сату,
-турды өзінің шешімі бойынша біреуге сыйға тарту; - турды ауыстыруға, кепілдікке беруге және т.б [2].
2. 2 Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
Туризм – бұл негізгі қызмет көрету. Бірақ қызмет көрсету барысында туристік қызмет көрсетулер бір реттен емес, бірте-бірте бірінің артынан көрсетіліп отырады. Бұл оның ерекшелігі ретінде саналады. Мысалы, көліктік қатынас қызметі туристерді жылжу үшін көлікпен қамтамасыз етеді, қонақ үйлер жатын бөлмелер мен тамақтаныу орындарымен қаматамасыз етеді.
Сонымен қатар кез келген кәсіпорынды құру кезінде ең алдымен оның құрылымының негізін ұстаушы болып өндірген тауарлар мен қызмет көрсетулерін адлдыға жылжыту әрекеттері саналады.
Осы орайда келесі сызбаны қаратырайық:
1-сурет. Туристерді тарту құралдары
Сонымен қатар турфирмалардың бір-бірімен әрекеттесу маңыздылығы ортақ турөнім шығару кезінде байқалады. Аталғанды ескере отырып, турқызметтердің бірін-бірі толықтыру екрекшеліктеріне де тоқталған жөн. Олардың негізінен, үш аспектісі белгілі:
- әр турфирма ішіндегі кірме факторлар мен өндірістік факторлар арасындағы бірін-бірі толықтырушылық;
- әртүрлі туркәсіпорындарының бірін-бірі толықтырулары;
- турқызмет кәсіпорындары мен туристік еоекшеліктер арасындағы бірін-бірі толықтырушылық.
Сонымен қатар тауар өнімділігі сапалы болу үшін ең алдымен білікті қызметкерлер болуы шарт. Мысалы Отель менеджері қызметкерлерді сұрыптап, таңдағаннан кейін оларды қызықтыра отырып, дайындаулары тиіс. бҰл ол үщін маңызды болып келеді. сонымен қатар таулы мекендердегі отелдер тек турагент пен тур оператаорларға ған тәуелді болмайды. Олар, жаңа жоғарыда аталғандай, көлік кәсіпорындарына және т.б. тығыз байланысты болып келеді [7].
Сонымен қатар турфирманың қызметінде дистрибьторлық жүйе маңызды рөль атқарады. Олардың құрамын турөнімді құрушы мен тұтнушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етушілер құрайды. Дистрибьторлық қызметердің маңызы келесіден байқалады:
- олар сұраныс жайлы нақты мәліметтерге ие;
- тұтынушылардың талаптары жайлы неғұрлым тереңірек мәліметтенген;
- нарықтың сегментациянысна қатысты сұраныстың өзгеруін жедел арада анықтай алады.
- Атаулы қызмет атқарушылар түрлі қызмет түрлерін бір жиынтыққа жинап, кешенді қызмет көрсетулерге қатысы тұтынушыға қызмет көрсетулердің жиынтық пакетін ұсына алады;
- Олар тек қана джиынтық қызмет көрсетулердің пакетін беріп қана қоймай, тұтынушыға маршруттар, қызмет көрсетулердің типтері, олардың рекшеліктері мен кемшіліктері туралы өосымша мәліметтер береді [8]. Осыған орай келсесі сызбаны қарастырып көрейік:
2 – сурет. Туризмдегі дистрибьюция жүйесі
Сонымен қатар, айта кететін жағдай, бәскелестікке қажетті факторларының бірі болып сұранысты анықтаушы фактор танылады. Мұны келесі сызбана көруге болады:
Арнайы сұранысты анықтаушы факторлар
3-сурет. Арнайы сұранысты анықтаушы факторлары
\
Қорытынды
Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеулі талап етеді.
Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.
Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.
Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар еткізу ықпал етеді.
Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.
Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.
Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.
Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды злемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.
Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген "тың" күйінде қалып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Туристік іс әрекеттерді ұйымдастырудың теориялық әдіснамалық негіздері
Котлер Ф. Маркетинг негіздері: ағыл. ауд. Алматы: «Жазушы», 2020.
Достарыңызбен бөлісу: |