59
Тамақтан уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек.
Тез ара-
да дәрігер шақыру керек. Дәрігер келгенше асқазан мен ішекті тазар-
ту қажет. Ол үшін көп мөлшерде су немесе марганцовканың (калий
перманганатының) жылы, ашық қызғылт түсті әлсіз ерітіндісін ішіп,
құсу керек. Бұл шараны бірнеше рет қайталау қажет.
Тағы бір қауіпті ішек ауруына
ботулизм
жатады. Бұл тамақтан
уланудың ауыр түрі. Оның қоздырғышы оттексіз ортада тез көбейеді.
Ауруды бұзылған балық, қалбырдағы ет немесе көгөніс тудыруы мүмкін.
Егер консервілейтін өнімге (саңырауқұлақ, көгөніс, балық) то пырақ тисе,
ал топырақта ботулизм қоздырғышы болса, гер ме тикалық жабылған
ыдыста ол міндетті түрде көбейеді. Сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе
қақпағы ісіп, көтеріліп тұр ған және ішіндегі түсі өзгерген өнімді жеуге
болмайды.
Ботулизмнің ауру белгілері тез байқалады, сирек жағдайда 7 күнге
дейін жасырын кезеңі болуы ықтимал. Ботулизм кезінде жүйке жүйесі
зақымдалады (көру, сөйлеу, жұту нашарлайды). Ерте байқалатын
белгісіне «тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай әсер болады», жұтыну
қиындайды. Бұл ауруға күмәнданған кезде тез арада дәрігерге қаралу
керек. Ботулизм – өте қауіпті ауру және дәрігердің көмегінсіз жазылып
кету мүмкін емес.
Улы саңырауқұлақтармен
улану да қауіпті болып табылады.
Сондықтан білмейтін саңырауқұлақты ешқашан жеуге болмайды. Жеу-
ге жарамды саңырауқұлақты алдымен тазалап алады, сосын қайнатады.
Саңырауқұлақты бір рет қайнатып алған соң ғана пісіруге, қуыруға не-
месе тұздауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: