200
Эктодерма сыртқы қабат болғандықтан одан тері және оның туынды-
лары түзіледі. Жүйке жасушалары эволюцияның бастапқы кезінде сырт-
тан келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын тітіркенгіш жасушалар
болған. Олар әлі толық мүше түзбеген, тек дене бетінде шашыраңқы орна-
ласты. Бірақ олардың саны біртіндеп артып қана қоймай, жүйке, жүйке
түйіндері, ми мен жұлын сияқты мүшелер түзілді. Ми – ми сауытын-
да, жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Жоғары сатыдағы
дамыған ағзалардың миы мен жұлыны зақымданғанда
олар тіршілігін
жояды. Ал дененің сыртында сезім мүшелері – көз, тері, құлақ, тіл пайда
болады.
Мезодермадан бұлшық еттер мен дәнекер ұлпалары түзіледі. Бұлшық
ет бар жерде қаңқа сүйектері, буындар, сіңірлер, шеміршектер пайда бо-
лады. Ең үлкен бұлшық ет – жүрек бұлшық еті. Онымен әрқашан қан
мен қан тамырлар қатар дамиды. Жыныс мүшелерінің бұлшық еттері де
жақсы жетілген, ол кейбір жануарларда зәр шығару мүшелерімен тығыз
байланысты болады.
Көпжасушалы жануарларда (гидралар, медузалар, мар жандар) алғаш
рет ішекқуыстыларда – әртүрлі дене қабат тары пайда болды. Бұлар
қосқабатты, денесі бір ғана қуыс тан тұратын, көпжасушалы жануарлар-
дың төменгі сатыдағы дамыған түрлері. Олардың денесінің сыртқы қаба-
ты –
экто дерма, ішкі қабаты – энтодерма және ішек қуысынан тұрады
.
Эмбриогенез, постэмбриогенез, зигота, бөлшектену, бластула,
гаструла,нейрула,органогенез,эктодерма,мезодерма,энтодер-
ма.
Достарыңызбен бөлісу: