А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет37/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Тістердің құрылысы. 
Әрбір тістің тіс қаптамасы, мойны және 
түбірі болады (33-сурет). Қызылиектен шығып тұратын тіс бөлігін 
тіс­
қаптамасы
деп айтады. Тістің келесі бөлігі – 
мойны
. Ол қызылиекпен 
жабылған. Тістің үшінші бөлігі – 
түбірі
. Ол 
тіс­ ұяшығына
бекінген. 
Тістің қаптамасы мен мойны тіс цементімен қапталған. Тамыр ұшында 
жүйке талшықтары мен қан тамырларының 
жұмсақ­ұлпасына
(пульпа) 
түсетін тесік болады.
Әрбір тіс 3 қабаттан тұрады: сыртқы – кіреуке (эмаль), ортанғы – ден-
тин, ішкі – тістің жұмсақ ұлпасы (пульпа). 
Кіреуке
тек тіс қаптамасын 
қаптайды. Бұл – ағзаның ең қатты ұлпасы. Оның қалыңдығы әртүрлі, 
тістің шайнайтын бетіндегі кіреуке қалыңдау болады. Балалардың сүт 
тістеріндегі кіреукенің құрамында минералды заттар аз, сондықтан ол 
жұқа болады. 
Кіреукенің астында қатты дентин болады. Ол тығыз сүйек ұлпасынан 
түзілген және тістің көп бөлігін құрайды.


51
Тістің жұмсақ бөлігі – жұмсақ ұлпасы – тесік арқылы тіс ішіндегі 
тамырға өтетін қан тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Қан тамыр-
лары тіс жасушаларын қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Жүйке 
талшықтары тістің сезімталдығына жауап береді. 
Адам тістерінің типтері 
басқа сүтқоректілер сияқ ты күрек тіс, ит тіс, 
кіші және үлкен азу тістер болып бө лінеді (34-сурет).
Ересек адамда 32 тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ 
сүйектеріндегі ұяшықтарға бекінген. Әрбір жақ сүйекте 16 тістен 
орналасқан. Тістердің пішіні әртүрлі. Кесетін жиегі бар тістер – 
күрек
тістер
немесе 
алдыңғы­ тістер
деп те атайды. Олардың қызметі асты 
«кесу», яғни тістеуден тұрады. Саны – 8. 
Күрек тістердің екі шетінде пішіні үшкірлеу келген 
ит­ тістер
орналасқан. Олардың саны – 4. Жыртқыштар отрядында бұл тістер 
жақсы жетілген, сол үшін оларды 
ит­тістер
деп атайды. 
Ит тістерден кейін әрбір жақ сүйектің оң және сол бөлігінде екіден 
8­кіші­азу
тіс
орналасқан. Кіші азу тістерден кейін 3 тістен 
үлкен­12­
азу­ тіс
бар. Азу тістердің беті жалпақ, бұдыр болады. Адам олардың 
көмегімен асты шайнайды. 
Жаңа туған нәрестеде тістері болмайды. Алғашқы тістері 6–9 айында 
шыға бастайды. Әрбір жақ сүйекте 10 тістен барлығы 20 тіс шығады. 
Бұл тістерді 
сүт­тістер
деп атайды және бала 3 жасқа толғанға дейін 
толық шығып бітеді. Сүт тістер 6–7 жасқа қарай түсе бастайды. Олардың 
орнына тұрақты тістер шығады. Бұл балалардың жақ сүйектерінің 
ерекшелігіне байланысты. Тұрақты тістердің жасушалары сүт тістердің 
түбірінде орналасады. Олар біртіндеп сүт тістерді итеріп шығарады да, 
тістерге қоректік заттардың түсуіне кедергі келтіреді. 12–14 жасқа қарай 
тұрақты тістер толық шығып бітеді. Ең соңғы азу тістер 18–20 жаста 
(кейде одан да кеш) шығады. Оларды 
ақыл­ тістер
деп атайды. Шын 
мәнінде, олардың ақылға ешқандай қатысы жоқ. 
34-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет