А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет5/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Білу және түсіну: 
1. «Прокариоттар» және «эукариоттар» деген түсініктерге анықтама 
беріңдер. Мысалдар келтіріңдер. 
2. Жасуша органоидтерін атаңдар.


7
қолданылуы:
1. Жасуша қабырғасы мен ағзалардың қасиеттері арасындағы байланыс-
ты анықтаңдар. 
2. Гольджи жиынтығы, тегіс және бұдыр ЭПТ рөлін салыс тырыңдар.
Талдау:
1. Өсімдік және жануар жасушаларындағы әртүрлі органо ид тердің 
қалыптасу себептері туралы пікірлеріңді айтың дар. 
2. Суретті қарап, түсіндіріңдер. 
Синтез:
1. Жасуша типтерін, олардың органоидтерін, қабықша ерек шелігі мен 
ядроны сызба түрінде бейнелеңдер. 
2. Ядроның рөлін бағалаңдар. 
Бағалау:
1. Жасушалардың қандай құрылымынсыз олардың тіршілігі мүмкін 
болмас еді? Неліктен бактерияларда рибосомалар мен мембраналар 
айқын көрінеді? 
2. Әртүрлі типті жасушалар арасындағы туыстықты анықтап көріңдер. 
Олардың органоидтерін білу арқылы анықтауға бола ма? 
Пікірталас:
Вирустар жасушадан тыс тіршіліктің болу мүмкіндігін дәлелдей ме? 
Осы тұжырымға «иә» және «жоқ» деп дәлел келтіріңдер. 
§2. өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу 
Өсiмдiктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу
«Камбий, ксилема, флоэма, қабық, сүрек, эпидермис, эпиблема» дегеніміз не 
екенін еске түсіріңдер. «Ұлпа» түсінігіне анықтама беріңдер. 
Ұлпа 
– құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша 
ұқсас жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде 
қалыптасты. Ұлпалар түзілгенге дейін тек төменгі сатыдағы өсімдіктер 
(балдырлар) мен қарапайым жануарлар (біржасушалылар немесе коло-
ния құрып тіршілік ететіндер) тіршілік етті. Жоғары сатыдағы өсімдік 
және жануар ағ зала ры әртүрлі ұлпа типтерінен құрылған (1, 2-сызбалар). 
Ұлпалардың әрбір типі тип тармақшаларынан тұрады. 
өсімдіктерде
ұлпалардың 6 типі: 
түзуші,­ негізгі,
жабын,­ механикалық­ (тірек),­
өткізгіш
және 
бөліп­шығарушы­
болады (4, 5-суреттер). 
Түзуші ұлпа
бірінші болып пайда болады. Тұқым ұрығының жасу-
шалары осы ұлпадан тұрады. Ол барлық ұлпалар мен мүшелерді түзеді. 


8
Түзуші ұлпаның жасушалары ұсақ, қабықшасы өте жұқа және бір-біріне 
тығыз орналасқан. Оларда хлоропласт болмайды және көптеген ұсақ ва-
куольдерге ие.
Түріне қарай түзуші ұлпалар сабақтың, тамырдың негізгі және 
бүйірлік өстерінің ұштарында, жас жапырақтың негізінде және т.б. 
кездеседі.
Жабын ұлпа
өсімдік мүшелерінің сыртын қап тап жатады және олар-
ды кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдай ларынан қорғайды. 
Бұл ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді. 
Өң
жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Ол – жапырақ, 
гүлдің, көптеген өсімдік жемісінің, шөптесін өсімдіктің сабағы мен 
сүректі өсімдіктің жас өркенінің алғашқы жабынды ұлпасы.
5-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет