А. Соловьева, Б. Ибраимова


§20. Туа біткен және жүре пайда болған



Pdf көрінісі
бет67/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

§20. Туа біткен және жүре пайда болған 
иммунитет түрлері
Аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау
Иммунитет туралы не білесіңдер? Иммунитеттің қандай түрлері бар? 
Неліктен қайтадан ауру жұқтырған кезде ағза көптеген жұқпалар мен жеңіл 
күреседі? «Иммундық есте сақтауға» қандай жасушалар жауапты? Антиде-
не және антиген дегеніміз не?
Иммунитет құбылысын лейкоциттердің алуан түрі қам тамасыз 
етеді. Жасушалық иммунитетті фагоциттер
­
тез арада жүзеге асыра-


89
ды:
­ микрофагтар
– нейтрофилдер мен 
макро­фагтар­ –­
моноциттер

Сонымен қатар қоздырушыларды «танитын» және «есте сақтайтын» 
едәуір күрделі иммунитетті Т-лимфоциттер жүзеге асырады. Олардың 
жұмысынан кейін В-лимфоциттер жұмыс істейді – арнайы нәруыздарды –
анти денелерді жасайды. Бұл – 
жасушалық­иммунитет
. Әрбір антидене 
белгілі бір қоздырушыға – антигенге қарсы арнайы жасалады. Яғни бұл 
нақты бір «жауға» қарсы «жеке қару». Қоздырушылармен неғұрлым жиі 
кездессе, оны жоятын антиденелер соғұрлым тезірек жасалады. 
Бірақ иммунитет тек жасушалық қана емес, ұлпалық та болады. Со-
нымен қатар табиғи және жасанды иммунитетті ажыратады. Әрбір имму-
нитет түрлері тағы да екі санатқа бөлінеді (4-сызба). 
иммунитеттің түрлері
табиғи иммунитет 
жасанды иммунитет
туа пайда
жүре пайда
белсенді
әлсіз
болған
болған
иммунитет
иммунитет
(екпе арқылы) 
(емдік сарысудан)
4 - с ы з б а
Табиғи иммунитет 
туа­біткен
және 
жүре­пайда
болған деп бөлінеді

Туа біткен иммунитет барлық адамда бірдей болады. Бұл – адам ауыр-
майтын аурулар иммунитеті. Мысалы, адам ауырмайтын, тек жануарлар 
ауыратын ит обасы, мысық сүзегі және т.б. аурулар. Мұндай иммунитетті 
генетикалық деп те атайды. Бұл жағдайда жаңа туған нәресте қанының 
құрамында қажет антиденелер болады, себебі «Адам» түрінің генінде бұл 
нәруыздар болады. 
Табиғи­ пайда­ болған­ иммунитет
бір аурумен ауырған соң 
қалыптасады. Тұрақты пайда болған иммунитет шешек, қызамық, па-
ротит, қызылша, гепатит және т.б. қалыптасады. Егер адам осындай 
аурумен ауырса, ол қайтадан сол аурумен ауырмайды. Оның қанында 
қоздырушыларға қарсы антидене синтезделіп қана қоймайды, «иммундық 
есте сақтау жасушалары – В-лимфоциттер» де сақталады. Олар ағзада 
қоздырушылармен кездескенде тез арада антидене жасауға және басқа 
ұқсас жасушаларды өндіруге кіріседі. Бірақ кейбір жұқпалы ауруларға, 
мысалы, тұмауға табиғи жүре пайда болған иммунитет аз уақытқа пайда 
болады, ал баспаға (ангина) қарсы иммунитет мүлде дамымайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет