105
Жас ұлғайған сайын тамырлардың қабырғасы созылғыш қасиетін
жоғалтып, тығыздала бас тайды және артерия тарылады. Осылардың
нәтижесінде қан қысымы артады. Бұл құ былыс
гипертония(гипертен-
зия)
деп аталады. Қан қысымы жоғарылаған немесе төмендеген кезде
адамның басы ауырады. Гипертония кезінде қан тамырлары кеңейіп,
тері қызарады, мұрыннан қан кетуі мүмкін. Сонымен, жүрегі айниды,
құлақта шу пайда болады, жүрегі жиі немесе аз соғады.
Қан қысымы қатты жоға ры лағанда тамырлар жарылып, қан
мүшелерге ағуы мүмкін.
Миғақанқұйылу
өте қауіпті. Осындай жағдай
инсульт
деп аталады.
Бұл ми жасушаларының зақым дануына әкеледі.
Зақымдалған бөліктің мөлшері мен ор нына байланысты сезімталдылық,
сөйлеу, есте сақтау және бұлшық етті
басқару жойылуы мүмкін. Де ненің жеке бө-
ліктері немесе бүкіл ағза қозғалмай қалуы
ықтимал.
Қан қысымы өзгерген кезде оны
электрондық немесе ме ха никалық тонометр
арқылы өл шеу керек (56-сурет).
Егер адамның қан қысымы көтерілсе,
құ рамында нәруыздары бар тағамды аз пай-
далану және 8–9 сағат ұйықтап, таза ауада
көп серуендеген жөн.
Миокард
инфаркты
– қанағым (тромб, спазм не тамырдың жары-
луы) бұзылуы салдарынан жүрек бұл шық етінің кейбір жерлерінің
семуі. Оттексіз жүрек бұлшық етінің жасушалары 20–40 минут ішінде
тіршілігін жояды. Сондықтан дер кезінде көмек көрсету қажет.
È
нфарктің белгілері – кеуде тұсының қатты ауыруы. Ол сол қолға,
иыққа, мойынның сол жақ бөлігіне, жауырынаралық бөлікке тарала-
ды. Көбінесе қорқыныш сезімі пайда бола-
ды. Жүрек ұстамасы 15 минуттан бірнеше
сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Инфаркт және ишемия кезінде жоғарыда
айтылған белгілер болмауы да мүмкін.
Олар асқорыту немесе тыныс алу
мүшелері аурулары (жөтелу, ауыр тыныс
алу) түрінде байқалуы мүмкін. Сирек
жағдайда белгілер болмауы да ықтимал.
Нақты диагнозды бірден ЭКГ – жүрек
электрокардиограммасы арқылы қоюға
болады (57-сурет).
56-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: