А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет93/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

екінші реттік
зәр
түзіледі (тәулігіне 1,5 л). Тазартылған сұйықтық 
қанға қайтарылады, ал түзілген зәр арналардан пирамидаларға, кейін 
астау мен несепағарға түседі. 
зәрдің шығарылуы
. Зәр 
қуықта
жиналады. Оған шамамен 500 мл 
зәр сыяды. Қуықтың ішінде сілемейлі (эпителий) қабат қатпарлар түзеді. 
Онда қысымға әсер көрсететін (қатпарларды жазатын) рецепторлар бола-
ды. Қуық толған кезде қатпарлар жазылып, рецепторлардан зәр шығару 
рефлексінің орталығына белгі (сигнал) беріледі. Бұл орталық 
жұлынның­
сегізкөз­ бөлімінде
орналасқан. Шамамен 2 жастан бастап ол үлкен ми 
сыңарлары қыртысының бақылауында болады. Сол кезде зәр шығару са-
налы түрде жүзеге асырылады. Зәр қуықтың бірыңғай салалы бұлшық 
еті жиырылған кезде зәр шығару түтігіне түседі де, сыртқа шығарылады 
(орташа 200–300 мл). Ер адамдар мен әйелдердің зәр шығару түтігінің 
құрылысында айырмашылық бар. Ер адамда ол бір мезгілде жыныс әрі 
зәр шығару жүйесінің мүшесі болып табылады. Әйелде ол тек зәр шығару 
қызметін атқарады. 
Бүйректер,­ қыртысты­ қабат,­ ми­ қабаты,­ дәнекер­ ұл­палы­
қабат:­бірыңғай­салалы­бұлшық­ет,­эпителий,­нефрон,­капсу-
ла,­ ирек­ өзекше,­ тоста­ған­ша,­ астау,­ пирамидалар,­ реабсорб-
ция,­бірінші­жә­не­екінші­реттік­зәр.­


121
Білу және түсіну
:
1. «Нефрон, бірінші реттік және екінші реттік зәр» деген түсінікке 
анықтама беріңдер. 
2. Ми және қыртысты қабат дегеніміз не? 
қолданылуы
:
1. Нефрон бөліктері мен оның қызметі арасындағы байла нысты 
анықтаңдар. 
2. Адамның зәр шығару жүйесі неден тұрады? 
3. 65-суретті қараңдар. Онда бүйректің қандай құрылымы берілген? 
Олардың қызметі қандай? 
Талдау
:
1. Зәр түзілу кезеңдерін талдаңдар. 
2. Нефрон капсуласында және ирек өзекшеде жүретін үдеріс терді сызба 
түрінде бейнелеңдер. 
3. Кестені толтырыңдар:
Мүше
Құрылысының ерекшеліктері
Қызметі
Бүйректер
Несепнәр
Қуық
Зәр шығару түтігі 
Синтез
:
1. Бүйректің ми және қыртысты қабаты арасындағы айыр ма шылық-
тарын атаңдар. 
2. Құрылысы мен оларда жүретін үдерістерді еске ріңдер. 
3. Тостағанша, астау, несепағар, зәр шығару түтігі, қуықтың құ рылысы 
мен рөлін бағалаңдар. Олардың ауа жолдарымен ұқсастығы бар ма? 
Жауаптарыңды негіздеңдер. 
Бағалау
:
1. Қарапайымдардан бастап жануарлардың зәр шығару жүйесінің эво-
люциясы туралы реферат жазыңдар. 
2. Бүйрек артериясының қанына зиянды заттардың (несепнәр) 
түсуінен бастап жүретін үдерістер мен құрылымдарды дұ рыс ретпен 
орналастырыңдар. 
3. Адам ағзасы үшін зәр шығару маңызын түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет