А. Соловьева, Б. Ибраимова


Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу



Pdf көрінісі
бет194/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу
Жұмыс­ мақсаты
: дайын микропрепараттар арқылы бұл шық ет 
ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасу ша ларының құрылысымен 
танысу. 
Құрал-жабдықтар
: микроскоп, бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип 
тармақтарының дайын микропрепараттары. 
Жұмыс барысы
1. Бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының 
құрылысын қараңдар. Олардың пішіндерін анықтаңдар. 
2. Олардан ядроны табыңдар (олар едәуір қара болып боялған). Ядро 
цитоплазмада мембранаға қатысты қалай орналасқан? 
3. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының 
тип тармақтарында цитоплазмасының боялуы қалай ерекшеленеді? 
4. Жүрек және қаңқа ұлпасы жасушаларының негізгі айыр-
машылықтарын табыңдар. Олардың жасушалары бір-біріне қалай бірігіп 
жатады? 
5. Өздерің көрген жасушалардың суретін салыңдар. Оның негізгі 
бөліктерін көрсетіңдер. 


256
6. Олардың құрылысында қандай ұқсастықтар мен айыр машылықтар 
бар? Қорытынды жасаңдар. Кестені тол ты рың дар. 
Белгілері, ерекшеліктері
Бірыңғай 
салалы
Көлденең жолақты
Қаңқа
Жүрек
Ядро саны
Ядроның орналасуы 
Жасушалардың пішіні
цитоплазманың боялуы
Жасушалардың өзара байланысуы 
Ағзада орналасуы 
Қызметінің ерекшеліктері 
№11­зертханалық­жұмыс
Көру қабілетін зерттеу 
Жұмыс­мақсаты:­
көру өткірлігі мен көру өрісін анық тауды үйрену. 
Құрал-жабдықтар:­
көру өткірлігін анықтауға арналған кесте, 
ұзындығы 5 м-лік рулетка, нұсқар (указка (лазер), сан тиметрлік таспа. 
Жұмыс барысы
1. Кестені жарық жақсы түсетін жерге іліп қою керек. Егер жарық 
жеткіліксіз болса, оған қосымша электр шамымен жарық түсіріңдер. 
2. Зерттелетін оқушыны кестеден 5 м қашықтықта орындыққа 
отырғызу керек. Оған бір көзін алақанымен немесе қалқанмен жабуды 
сұраңыз. 
3. Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп, атау ды сұраңыз. 
Жоғары қатардан бастап ең төменгі қатарға түсіңіз.
4. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса, 
демек, көру қабілеті қалыпты деп есептеледі. 


257
5. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м 
қашықтықтан ажырата алмаса, оған окулистке қаралу керек. 
6. Көру өрісін анықтау үшін қолдарыңа картина алыңдар. 
Жазбаша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет