Ауаны кондиционерлеу қондырғыларын автоматтандыру



Дата16.05.2023
өлшемі99,72 Kb.
#93539
Байланысты:
Ауаны КҚ автоматтандыру


Ауаны кондиционерлеу қондырғыларын автоматтандыру

Ауаны кондиционерлеу қондырғыларында температураны ылғалдылықты және ауа әрекетінің жылдамдығын автоматты реттеу калориферлердің және басқада жылуалмасу аппаратураларының, ауа және су араластырғыштардың жұмыс режимін өзгерту арқылы іске асырылады. Ылғалдылық көпшілік кондиционерлерде «шық нүктесі» бойынша реттеледі. Шық нүктесі - сулау камерасынан кейінгі ылғал ауа температурасы.


Жыл бойы жұмыс істеуге арналған кондиционерлер үшін ( 55 – сурет) ауа температурасын екі нүктеде бақылау қарастырылған: ғимараттағы және жұмсарту камерасынан кейінгі.

55 – сурет. Бірінші және екінші қыздырылымды калорифері бар кондиционерді автоматтандырудың функционалдық схемасы


1 – сыртқы ауа клапаны; бірінші қыздырылым калорифері; 3 – сүзгі; 4 – сулау камерасы;
5 – екінші қыздырылым калорифері; 6 – желдеткіш
Бақылау кедергі термометрі бар 6а жинақта жұмыс істейтін логометрдің 6в көмегімен іске асырылады. Бақылау нүктелерінің ауысуы 6б ауыстырғыш арқылы орындалады.
«Шық нүктесінің» АРЖ және ауа температурасын АРЖ белгісіз жүйелерде орындалған. «Шық нүктесінің» температурасын автоматты реттеу жүйесін үшін ТУДМ – 2М термореттеуші құрылғы 5а қабылданған. Ғимараттағы ауа температурасын АРЖ үшін ТРП – КО1 типті манометрлік реттеуіш 7а қабылданған. «Шық нүктесін» және ғимараттағы ауа температурасын қолмен реттеу ПУ2 және ПУ1 басқару панелдерінің көмегімен логометрдің 6в көрсетуі бойынша іске асырылады.
Бірінші қыздырудан соң калориферден кейінгі ауа температурасын автоматты реттеу жүйесінің 52 – суретте көрсетілген автоматты реттеу жүйесінен ерекшелігі мынада: Егер кондиционер бір жұмыс режиміне ие болса, онда АРЖ үшін температура реттеуші талап етіледі. Температура реттеуші ретінде Т3 және Т4 реттеуіштері мен бірге жалғанған «шық нүктесі» реттеуіші 5а қолданылады. Бұл БС3 қосындылау блогын шығаруға және 5а реттеуіштің импульсін тікелей БС2 қосындылау блогына беруге мүмкіндік береді.
Сүзгілер не үшін пайдаланылады?

  1. Ауаны қыздыру үшін

  2. Суды жұмсарту үшін

  3. Ауаны салқындату үшін

  4. Ауаны құрғату үшін

  5. Суды тазалау үшін

Ауа қандай құрылғының көмегімен қыздырылады?

  1. жалюзді решетка

  2. сүзгі

  3. Клапан

  4. Калорифер

  5. сеператор;

Адамның қатысуынсыз жүзеге асатын басқару
Автоматты
Қолмен
Дистанционды
Жергілікті
Функционалды
Ауаны сулау құрылғысы
калорифер
сеператор
форсунка
Канал
Сорғыш
Қазан құрылғыларында манометр арқылы қандай параметр өлшенеді?
Деңгей
Шығын
Температура
Қысым
Қуат

Сеператор қай жерде орнатылады?


Сулау камерасының кірісінде және шығысында
Сүзгінің алдында
Сулау камерасының кірісінде
Кондиционерленетін ғимаратта
Сулау камерасының шығысында
Технологиялық сигнализацияның қандай түрлері бар?
Дыбыстық және жарықтық
Дыбыстық және ескертуші
Ескертуші және апаттық
Жарықтық және апаттық
Тұйықталған және ажыратылған

Сыртқы метрологиялық шарттарға тәуелсіз ғимараттың ішінде жасанды климатты ұстап тұруға арналған құрылғылар не деп аталады?


Мұздатқыштар
Ауаны кондиционерлеу құрылғылары
Қазан құрылғылары
Калориферлер
Детандерлер

Қазан барабанындағы қысым қандай прибор мен өлшенеді?


Термометр
Манометр
Вольтметр
Вискозиметр
Шумомер
«Оn line» режимінде технологиялық процесс пен ЭЕМ арасында қандай байланыс болады?
Тікелей байланыс
Жанама – параллель байланыс
Жанама байланыс
Кері байланыс
Тікелей – параллель байланыс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет