А. Соловьева, Б. Ибраимова


гипноз – тежеу арқылы мидың барлық қыртысы емес, тек жеке бөліктері  қамтылатын ұйықтаған сияқты күй.  гипогликемия



Pdf көрінісі
бет204/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

гипноз
– тежеу арқылы мидың барлық қыртысы емес, тек жеке бөліктері 
қамтылатын ұйықтаған сияқты күй. 
гипогликемия
– қанда қант мөлшерінің қалыпты деңгейден төмен азаюы.
гиподинамия
– қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі, бұлшық еттің 
жиырылу күшінің төмендеуі кезінде ағза қызметінің (тірек-қимыл аппараты, 
қан айналым, тыныс алу, асқорыту) бұзылуы.
гипоталамус
– аралық ми бөлімі; ағзаның вегетативті қызметі мен көбеюін 
реттейтін жоғарғы орталық.
гипотония
– төмен артериялық қысым.
гипофиз
– мидың негізінде орналасқан ішкі секреция бездері. 
глаукома
– көзішілік қысым артуымен сипатталатын көз ауруы. 
гликоген
– глюкоза қалдықтарынан түзілген полисахарид. Адам мен 
жануарлардың негізгі көмірсу қоры.
глюкагон
– ұйқы безі өндіретін гормон.
гомеопатия
– дәрінің өте аз мөлшерімен емдеу жүйесі.
гормондар
– ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық белсенді заттар. 
Басқа мүшелер мен ұлпаларға мақсатты әсер етеді. 
гуморальды реттеу
– биологиялық белсенді заттар көмегімен сұйық орта 
(қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) арқылы жүзеге асырылатын ағзадағы тіршілік 
әрекеттері үдерісін үйлестіретін механизмдердің бірі.
Д
Дактилоскопия
– жеке адамдарды анықтау, қылмыстық істі тіркеу және 
қылмыскерді іздеу үшін саусақ іздерінің құрылысын зерттейтін криминалистика 
бөлімі. 
Дальтонизм
– туа біткен түсті айыра алмау, негізінен, қызыл және жасыл 
түсті айыра алмау қабілеті.


266
Даун ауруы
– олигофренияның бір түрі. Ақыл-ойы және дене дамуының 
тежелуі, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, кейде кемтарлықпен 
сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет