Аппарат – ағзада қандай да бір қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы
(асқорыту аппараты).
Аппендикс – пішіні құрт тәріздес соқырішек өсіндісі.
Аппендицит – құрт тәрізді өсіндінің (аппендикстің) ісінуі және қабынуы.
Артерия – қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын
тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі
мүшелерге тасымалдайтын қан тамырлары.
Артериолалар – артериялардың соңғы тарамдары жіңішкеленіп капилляр-
ларға айналады.
Артқы ми – Варолий көпірі мен мишықтан тұратын ми бөлігі.
Аскорбин қышқылы (С витамині) – адам мен жануарлар ағзаларындағы
тотығу-тотықсыздану процестерін реттеп, ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру
қабілетін арттырады. Суда еритін витамин.
Асфиксия , тұншығу – қанда оттек жетіспеуінен және көмірқышқыл газының
көбеюінен болады.
Атавизм , реверсия – ағзаның жақын ататегінде жоқ, бірақ ертедегі ататегінде
болған, алайда эволюция процесі барысында жойылып кеткен белгілердің
ұрпақта кездейсоқ қайталануы.
Аталық без – сперматозоидтер мен жыныс гормондары (тестостерон және
т.б.) түзілетін аталық жыныс бездері.
Атония – жүйке жүйесінің бұзылуынан, жұқпалы аурудың салдарынан, ішкі
секреция бездері қызметінің нашарлауынан пайда болады.
Атрофия – ағзадағы мүше немесе ұлпа көлемінің кішірейіп, қызмет
қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды.
Аутизм – көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда
ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді.
Ашытқылар – типтік мицелийі жоқ, жеке бүршіктенетін немесе бөлінетін
жасушалар мен олардың колониясы түрінде болатын саңырауқұлақтардың
жиналған тобы.
Б Бадамша без – қорғаныштық қызмет атқаратын лимфа ұлпаларынан түзілген
бездер.