А. Соловьева, Б. Ибраимова


қабақ – көз айналасындағы қозғалғыш тері қатпары.  қабылдау



Pdf көрінісі
бет209/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

қабақ
– көз айналасындағы қозғалғыш тері қатпары. 
қабылдау
– тірі ағзалардың көру, есту, түйсіну, дәм және иіс сезу қабілеті. 
қабыну
– ағзаның ауру тудыратын агенттердің әсеріне күрделі бейімделу 
реакциясы.
қабыршақты теміреткі 

псориаз.
қалтырау 
– адамның суықты сезуі, түсінің бозаруы, бұлшық еттің дірілдеуі, 
беткі қан тамырларының қатты жиырылуы.
қаназдық
– анемия.
қан өндіру
– қан жасушаларының түзілуі, дамуы және жетілуі.
қан өндіретін мүшелер
– лимфа және қан жасушалары түзілетін мүшелер: 
сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көкбауыр, айырша без. 
қан құйылу
– қан тамырларының тұтастығының бұзылуынан немесе 
өткізгіштігінің артуынан ағза қуысында немесе ұлпаларында қанның жиналуы.
қан сарысуы 
– қанның формалы элементтері мен фибрин болмайтын сұйық 
бөлігі. 
қан шығару, қан ағызу, қан алу
– емдік мақсатпен қанның белгілі бір 
мөлшерін алу.


270
қанның ұюы 
– қан плазмасында фибриногеннің ерімейтін фибринге еруі 
нәтижесінде сұйық қанның эластикалық ұйысқан қанға айналуы.
қарашық
– көзге жарық сәулесі енетін нұрлы қабықтағы тесік. 
қозу
– тірі жасушалардың ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі факторларына 
әсер көрсетуі. 
қозғыштық
– тірі жасушалар, мүшелер мен тұтас ағзалардың тітіркендіргіш 
әсерін қабылдап, оларға қозу арқылы жауап беру қабілеті.
қоян ерін
даму кемістігі; жоғары еріннің тік бағытта (ортасынан, бір 
немесе екі жағынан) бөлінуі.
құныс, кифоз
– омыртқа жотасының артқа қарай шығыңқы болып қисаюы. 
қырақтық
– жақын қашықтықта анық көруге кедергі келтіретін көру 
кемшілігі.
құрт ауруы – 
тез өршитін туберкулез ауруының ескірген атауы; созылмалы 
ауру кезінде, көбінесе өкпе туберкулезі кезінде ағзаның тез арықтап, әлсіреуін 
білдіретін ескірген атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет