269
Консументтер
– қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін
өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын
ағзалар.
Конъюктива
, көздің шырышты қабығы – көздің дәнекер ұлпалы, мөлдір,
шырышты қабықшасы.
Конъюктивит
, көз қарығуы – конъюктиваның қабынуы.
Кортизон
– бүйрекүсті бездерінің қыртысы бөлетін стероидты гормон.
Кортиев мүшесі
– дыбыс қабылдайтын
аппараттың шеткі бөлігі; дыбыс
тербелісін жүйке қозуына түрлендіреді.
Көбею, репродукция
– тіршіліктің үздіксіздігі мен сабақтастығын
қамтамасыз ететін, өзіне ұқсас ұрпақ беру қасиеті.
Көз бұршағы
– нұрлы қабықтың артында,
қарашыққа қарсы орналасқан
мөлдір, тамыры жоқ, екі жағы дөңес денешік (линза).
Көз шарасы
– көз алмасы орналасқан бас сүйектің бет бөлігіндегі сүйек
ойысы.
Көкірек
– жүрек, кеңірдек және өңеш орналасқан кеуде қуысының бөлігі.
Көмей қақпашығы
– көмекейдегі эластикалық шеміршекті пластинка.
Жұтқан кезде
көмекейге кіреберісті жауып, тамақтың кеңірдекке түспеуін
қамтамасыз етеді.
Кохх таяқшалары
– микробактериялардың түрі;
туберкулез ауруының
қоздырғыштары.
қ
Достарыңызбен бөлісу: