А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет64/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

АВЖ-ның жұғу жолдары
ЖИТС, негізінен, жыныстық қарым-
қатынас арқылы жұғады. АВЖ қан құю және егу (укол салу) кезінде 
қан арқылы жұғуы мүмкін. Нашақорлар көбінесе бір шприцті пайда-
лану кезінде бір-біріне жұқтырады. Кейбір жағдайда АВЖ жұқтырған 
әйелден болашақ баласына беріледі.


84
АВЖ ауа-тамшы арқылы жөтелу және түшкірген кезде, сондай-ақ қол 
алысып амандасқанда, моншада, жәндіктер шағып алғанда жұқпайды.
ЖИТС пайда болған кезден бері оны тиімді емдеу әдістері та былған 
жоқ. Сондықтан алдын алу шаралары өте маңызды болып саналады.
Бас тысы – ағзаға вирустың енуіне жол бермеу керек. ЖИТС-тің алдын 
алу жалпымемлекеттік және жеке шаралар болып бөлінеді.
Ж а л п ы м е м л е к е т т і к :
1. Донордан қан алғанда және қан құю кезінде мұқият тексеру. 
2. Есірткі сату және жезөкшелікпен күресті күшейту.
3. Емдеу орталықтарында санитарлық режім ережелерін қатаң сақтау. 
4. Жүйелі медициналық бақылау жасау.
5. Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ж е к е :
1. Жекебас гигиенасының ережелерін сақтау.
2. Саламатты өмір салты.
3. АВЖ-ға (адамның вирустық жұқпасы; ВИЧ) мерзімді түрде қан 
тапсырып тексерту.
Жасушалық­және­гуморальдық­иммунитет,­фагоцитоз,­анти-
дене,­антигендер,­Т­және­В-лимфоциттер,­нейтрофилдер,­моно-
циттер,­эозинофилдер,­базофилдер,­иммунитет.­
Білу және түсіну
:
1. Жасушалық және гуморальдық иммунитет дегеніміз не? 
2. лимфоциттер болмаса, иммунитет жүзеге асады ма? 
3. Нейтрофилдер мен моноциттер не үшін керек екенін түсін діріңдер.
4. «Антиген», «антидене» деген терминдерге анықтама бе рің дер. 
5. лейкоциттердің түрлерін атаңдар.
қолданылуы
:
1. лейкоциттер түрлерінің әртүрлі қызметін сипаттаңдар. 
2. Т- және В-лимфоциттерінің әртүрлі типтерінің рөлін салыстырыңдар. 
3. ЖИТС ауруымен ауыратын адамның иммунитетінің жойылу 
себептерін атаңдар. 
4. Жасушалық және гуморальдық иммунитетті жүзеге асыратын 
лейкоциттердің рөлін салыстырыңдар. 
Талдау
:
1. Ағзаның иммундық жауап беру кезеңдерінің қалыптасуын талдаңдар. 


85
2. Жасушалық және гуморальдық иммунитет кезіндегі иммундық 
жауапты сызба түрінде талдаңдар. 
3. лейкоциттердің әрбір типінің ағзаға керек екенін мысалдар келтіріп 
дәлелдеңдер. 
Синтез
:
1. Иммундық жасушаның кез келген түрінің жұмысы туралы эссе 
жазыңдар. 
2. Фагоциттерге жалпы сипаттама беріңдер. Олардың иммунитеттегі 
рөлі қандай?
3. Жасушалық және гуморальдық иммунитет арасындағы айыр -
машылықты мынадай пункт бойынша атаңдар: 1) жасуша типтері 
(атауы); 2) қоздырғышқа жауап беру реак цияларының типтері
3) қоздырғышқа жауап беру уақыты; 4) ағза үшін маңызы; 
5) жасушалардың құрылысы мен қызметінің ерекшелігі. 
4. «Жасушалық және ұлпалық иммунитет: әрекеттесуі, бел сенді эле-
менттер, кезеңдері, жауап беру уақыты» деген сызба сызыңдар.
Бағалау
:
1. Комикс немесе аниме жасаңдар: ағзаның иммундық жауап беруін 
көрсету үшін басты кейіпкер ретінде лейкоциттердің әртүрлі типтерін 
қолданыңдар. 
2. ЖИТС ауруы емделетін ауру деп есептейсіңдер ме? Жауап тарыңды 
дәлелдеңдер.
3. Табиғаттағы иммундық реакциялардың маңызын түсін діріңдер. 
Неліктен иммундық механизмдер күрделі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет