Тақырыбы: Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті Орындаған: Абеуова А. А тобы: Ст-17-14 Қабылдаған: Садвакас А. С с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет1/3
Дата16.05.2023
өлшемі15,36 Kb.
#93619
  1   2   3

Тақырыбы: Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті
Орындаған: Абеуова А.А
Тобы: Ст-17-14
Қабылдаған: Садвакас А.С
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Тақырыптың өзектілігі мен мақсаттары


Мақсаты: Ауыз қуысы ерекшеліктерімен
танысу, маңыздылығын түсіну.
Өзектілігі: Бейспецификалық иммунитет құраушы лизоцим, интерферон, шырышты қабық және терінің иммунитеттегі рөлін түсіну.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ауыз қуысы, гигиенасы
2. Жергілікті иммунитет және оның қызметі
3. Ауыз қуысын иммун реттеу жалпы принциптері
4. Сілекей, тері және шырышты қабық
5. Тіс кариесі, факторлары
ІІІ. Қорытынды
Ауыз қуысы
Ауыз қуысы (саvitаs оrіs) –ас қорыту трактысының бастапқы бөлігі.Алдыңғы жағынан ерін, оң және сол жағында ұрт, төменде, жоғарыда қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының табаны мен шекараласады.Ауыз қуысының кіре-берісі- бастапқы бөлігі кеңістік және алдыңғы жағынан ерін,оң және сол жағында ұрт, артында жоғары және төменгі жақтағы тістермен шектеледі.Жоғары жақтағы екінші азу тіс тұсынан құлақ маңындағы сілекей безі ашылады.Ауыз қуысының меншікті бөлігі-ауыз қуысының кіре - берісімен, алдыңғы жағынан тістермен, артында жұмсақ таңдай, жанындаұртпен шектеледі.
Ауыз қуысының меншікті қабаты нерв байламдары, қан тамырлары, лимфа түйіндер орналасқан. Ауыз қуысының меншікті қабаты дәнекер тіннен және клетка аралық заттардан және кеткалық құрылынан тұрады. Ауыз қуысының кілегей асты қабатындаауыз қуысының табаны, ерін мен қрттың өтпелі қатпары,борпылдақ дәнекер тін және майда сілекей, май,бездері,(Фордайса ), қыл тамырлар орналасқан.
Ауыз қуысын сақтауда гигиена басты орында.
Жергілікті иммунитет
Жергілікті иммунитет, ағзаға ешқандай микробтардың жағымсыз әсері болмаса да ағзада үнемі кездеседі. Оларға жататындар: Тері және шырышты қабықтар (тосқауылдық қасиеті); Шырышты қабықтардың секреттеріндегі бактерицидтік заттар; Қанда, сілекейде, көз жасындағы әртүрлі қорғаушы заттар.
Жергілікті иммунитеттің тұрақты болуын фагоциттер қамтамасыз етеді, оның негізгі қызметі:
Өлі және зақымданған жасушалардың элиминациясы;
Биологиялық белсенді заттардың секрециясы;
Патогендерден (бактерия,вирус,паразиттер) қорғау.
Ауыз қуысындағы иммун тапшылығы жағдайының көріністерінің бірі - тіс кариесі. Бұл адамда жиі кездесетін ауру. Тіс кариесі ересектер мен балалардың барлығына дерлік әсер етеді. Халықтың 90% -ы тістердің осы патологиясын емдеуді қажет етеді. Көптеген клиникалық және эксперименттік зерттеулер қолайсыз экзогендік және эндогендік факторлар кешенінің әсері (өткен аурулар, әсіресе инфекциялық сипаттағы аурулар, дұрыс тамақтанбау, ұзаққа созылған стресс, өндірістік интоксикация, қолайсыз климаттық-географиялық және геохимиялық жағдайлар) ингибирлеуді тудыратынын анықтады. иммун тапшылығы жағдайының дамуына әкелетін ағзаның иммунореактивтілігі-ауыз қуысында және кариестің дамуына ықпал етеді.
Спецификалық және бейспецификалық факторлар қатарласып іс атқаруымен ауыз қуысын тісжегі және басқа да аурулар қоздыратын түрлі патогенді микробтардан сақтауды қамтамасыз етеді.
Спецификалық иммунитет:
• Жасушалық иммунитет
•Гуморальды иммунитет
Бейспецификалық иммунитет:
• Тері және шырышты қабық қорғаныс факторлары
• Фагоцитарлық және цитотоксикалық әсері бар жасушалар
•Сарысу және тін сұйықтығының гуморальды құрылымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет