109
Өкпеден басқа аталған барлық мүшелер
ауажолдары
деп аталады. Олар
ауаны өкпеге жеткізу үшін және оны барынша қауіпсіз ету (жылыту
не салқындату, шаң-тозаң мен микробтан тазарту) үшін қажет.
Өкпеде
оттектің қанға түсуі, қаннан көмірқышқыл газының шығарылуы жүзеге
асырылады.
өкпедегі газ алмасу.
Ауа өкпеге бронхылар бойынша енеді. Бронхио-
лалар өкпе көпіршіктері –
альвеолалар
арқылы аяқталады (59-сурет).
Әрбір альвеола қан капиллярлары торымен шырмалған. Оларда вена
қаны көмірқышқыл газынан арылады. Ол
оттекпен қанығып, артерия
қанына айналады.
Гемоглобин көмірқышқыл газын беріп, оттекті қосып алады. Газ ал-
масу альвеола қабырғасы және вена капиллярлары арқылы жүреді. Аль-
веолалар
өкпе бетінің ауданын ұлғайтып, ұяшық тәрізді жасайды, ол
ар қылы газ алмасу жүзеге асады.
Қан оттекпен қаныққан соң өкпеде болған ауаның құрамы өзгереді.
Атмосфера ауасын да (тыныс алғанда) 78,09% азот, 20,95% оттек, 0,03%
көмірқышқыл газы және басқа газдар болады. Өкпе арқылы өткен кезде
59-сурет.
Тыныс алу жолдары.
Өкпе мен бронхылардың құрылысы:
1 – мұрын қуысы; 2 – көмей; 3 – көмекей; 4 – кеңірдек; 5 – оң және сол жақ өкпе; 6 – брон хылар;
7 – бронхы тармақшалары мен альвеолалары; 8 – альвеоланың құрылысы; 9 – қан тамырлар;
10 –
аль вео лалар; 11 – жарып көрсетілген альвеолалар; 12 –
альвеолалардың сыр тын дағы
капиллярлар торы
6
5
1
3
9
11
8
7
12
10
2
4
110
(тыныс шығарғанда) ауа құрамында 16% оттек пен 4% көмірқышқыл
газы болады. Ауа құрамындағы азот мөлшері өзгермейді (78,09%) (60-су-
рет).
Осылай қан өкпеде көмірқышқыл газын бөліп шығарады да, оттекке
қанығады. Оттекке байытылған қан үлкен қан айналым шеңбері бойын-
ша барлық ұлпаға таралады.
Достарыңызбен бөлісу: