262
Апатия
– немқұрайлылық күй. Қандай да
бір іске деген құлшыныстың
болмауы. Енжарлық, селқостық, көңілдің еш нәрсеге соқпай, ұнжырғаның түсуі.
Аппарат
– ағзада қандай да бір қызмет атқаратын мүшелердің
жиынтығы
(асқорыту аппараты).
Аппендикс
– пішіні құрт тәріздес соқырішек өсіндісі.
Аппендицит
– құрт тәрізді өсіндінің (аппендикстің) ісінуі және қабынуы.
Артерия
– қанды жүректен
алып шығып, дене мүшелеріне
тарататын
тасымалдаушы
ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі
мүшелерге тасымалдайтын қан тамырлары.
Артериолалар
– артериялардың соңғы тарамдары жіңішкеленіп капилляр-
ларға айналады.
Артқы ми
– Варолий көпірі мен мишықтан тұратын ми бөлігі.
Аскорбин қышқылы
(С витамині) – адам
мен жануарлар ағзаларындағы
тотығу-тотықсыздану
процестерін реттеп, ағзаның түрлі
ауруларға қарсы тұру
қабілетін арттырады. Суда еритін витамин.
Асфиксия
, тұншығу – қанда оттек жетіспеуінен және көмірқышқыл газының
көбеюінен болады.
Атавизм
, реверсия – ағзаның жақын ататегінде жоқ, бірақ ертедегі ататегінде
болған, алайда эволюция процесі барысында
жойылып кеткен белгілердің
ұрпақта кездейсоқ қайталануы.
Достарыңызбен бөлісу: