6
Митохондриялар
– жасушаның энергетикалық стан сысы. Ол барлық
эукариоттарда бар. Органикалық заттардан (нәруыздар, майлар немесе
көмірсулар) оттек әсерінен су мен көмірқышқыл газы түзіледі, ал
бөлінген энергия АТФ түрінде қорға жиналады. үдеріс
кристаларда
–
ішкі мембрана өсінділерінде жүреді.
Рибосомалар
нәруыз биосинтезін жүзеге асырады – аминқышқылда-
рын нәруыздарға біріктіреді. Олар барлық тірі жасушаларда, тіпті
прокариоттарда болады.
Гольджи жиынтығы
заттардың жасушаішілік тасы малын, майлар
мен көмірсулардың модификациясы мен синтезін, лизосомалардың
түзілуін жүзеге асырады. Ол ядроның қасында қуыстар мен цистерналар
түрінде ретті орналасқан мембраналардан тұрады. Олардан үнемі
мембрана көпір шіктері бөлініп отырады. Онда сыртқа бөлінетін немесе
ұзақ уақыт сақталатын заттар болуы мүмкін. Көпіршіктер дің бір бөлігі
лизосомаларға айналады.
Лизосомалар
– асқорыту вакуольдері – асқорыту ферменттеріне
толы мембрана көпіршіктері. Олар зиянды немесе қоректік заттарды
ыдыратады. Өзін-өзі қорытуды –
автолизді
жүзеге асырады. Жануарлар
мен саңырауқұлақтарда болады.
ЭПТ (эндоплазмалық тор)
– цитоплазманың ішіндегі мембрана
түтікшелері (өзекшелері). Тегіс ЭПТ (рибосомасы жоқ) майлар мен
көмірсулардың синтезін, ал бұдыр ЭПТ (рибосомалары бар) – күрделі
нәруыздар биосинтезін жүзеге асырады. Барлық ЭПТ Гольджи жиын-
тығымен бірге заттардың жасушаішілік тасы малына қатысады.
Нағызвакуоль
тек өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда болады. Бұл –
жасуша шырынына
толы мембрана көпіршігі. Онда зиянды немесе
қоректік заттар концентрлі ерітінді түрінде сақталады. Сонымен қатар
вакуольдер өсімдік жасушасында жасушаішілік қысымды сақтайды.
Қабықша,цитоплазма,ядро,эукариоттар,прокариоттар,ри-
босомалар, митохондрия, Гольджи жиынтығы, ядрошық, хро-
мосомалар, кариоплазма, пластидтер, автолиз, лизосомалар,
ЭПТ,вакуоль,жасушалықшырын.
Достарыңызбен бөлісу: