254
№9 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с
Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы. «Сүйектің
химиялық құрамы» деген көрнекі көрсетілетін тәжірибе
Жұмысмақсаты:
табиғи және өзгертілген сүйектің микро скопиялық
және макроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық
құрамы мен құрылымының әртүрлі құрамбөліктерінің рөлдерін анықтау.
Құрал-жабдықтар:
сүйек ұлпасының микропрепараттары, сүтқоректі
жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері,
жануарлардың күйдірілген және каль ций сіздендірілген сүйектері (мыса-
лы, тауықтың); препарат тық ванна немесе табақ.
Жұмыс барысы
1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мы-
надай элементтерді анықтаңдар:
– тығыз сүйек заты;
– кемікті зат – оның пластиналары қай бағытта орна ласқанына назар
аударыңдар;
– сүйекқапты табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма?
– сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) табыңдар;
– қуысты – сары сүйек
кемігін табыңдар;
– зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар.
2. Сүйектің микроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай
элементтерді анықтаңдар:
– сүйек цилиндрлерінің пластиналары;
– остеоциттер
және олардың өсінділері;
– остеондардың орталық қуысы.
3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілме-
ген (табиғи) типтерінің қасиеттерін көрнекі түрде зерттеңдер.
– Барлық үш сүйекті созып көріңдер. Кальцийсіздендіріл ген сүйек
қандай қасиетке ие?
– Барлық үш сүйекті иіп көріңдер. Күйдірілген сүйекті игенде не
болады? Ол қандай қасиетке ие?
Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырың-
дар. Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17
а
2019
а
217
255
Сүйек
типтері
Созу
Ию
Құрамының
өзгеруі
Алынған
нәтиже
себептері
Қалыпты
Кальцийсіздендірілген
Күйдірілген
Сүйек элементтері мен сүйек ұлпасының,
оның химиялық
құрамбөліктері мен қасиеттерінің өзара байланысы туралы қорытынды
жасаңдар.
№10 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с
Достарыңызбен бөлісу: