ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
232
тық болмыс, салт-сана, фольклорлық сана, бүкіл
қазақ елінің рухани-мəдени – пəлсапалық бай-
лығының негізі, түп-тамыры, көрсеткіші жатыр.
Д.Досжановтың
«Тілегімді
бере
гөр»
повесінде Шалқардың шалғай түкпірінде жас
журналист жігіт Дана сол маңнан мемлекеттік
қорық аштырмақ болады. Жергілікті «Охотсоюз-
дың» қорықшысы, өкіметтің байлығына қолын
салып, тегін ішіп-жеп отырған араны ашылған
Молдаберді зиянкестік əрекет жасап жас жігітті
айдалада соққыға жығып тастап кетеді. Біраз
жыл өткен соң Молдаберді ұшты-күйлі жоғалып
кетеді. «Ақырында Мəнəулие маңында жапанда
шошайып жалғыз отырған жүз жасқа келген
аңшы шал айтыпты-мыс деген сөз ел ішінде гу
ете түседі. Əлгі аңшы айдалада, киік қарап
сандалып жүрсе, бүйірі қабысып бұратылған аш
қасқыр көріпті. Құдая тоба, сол қасқырдың
көзі құдды Молдабердінің көзі, үні құдды
Молдабердінің үні дейді: қарт аңшы қарап
тұрып қайран қалыпты, қатты шошыпты, көріп
тұрып сенбеуге амалы болмапты. Аш қасқырға
айналып айдалаға қаңғып кеткен Молдаберді
сол деп иманын айтып жат та қарғаныпты. Бұл
қауесетке бəреу сенеді, біреу күлді, біреу
шошынып ішегін тартты.
Біз айтсақ – үйірінен, туған жерінен қарадай
безініп, айдалада алып соғып тояттауға таппай
сілесі қатып сенделіп жүрген аш қасқыр – сол
Молдаберген дер едік», - деп аяқтайды автор
повесті [6.138].
Бұл повесте автор «аш бөрідей» деп қазақ
айтпақшы өмірінде «тою» дегенді білмей, өмірі
аш көзденіп, аш қасқырдай жалаңдап өткен
Молдабердінің образын символмен ұтымды
берген.
Автор неліктен кейіпкерін қасқырға айнал-
дырды? Бұл ретте ел арасында тараған танымал
аңыз желісімен келетін болсақ, халық қар-
ғысына ұшыраған Қарынбай сараңның суырға
айналуын тілге тиек етіп кетуге болады.
Жазушының «Келіншек таудағы тас түйе-
лер» атты тағы бір мифтік шығармасында қыз-
дың əке қарғысына ұшырап тасқа айналуының
себебі тасбауырлығында жатса, сол Молда-
бергеннің қасқырға айналуы оның аш көзді-
лігінде болса керек.
Д.Досжановтың тағы бір «Қызылқұмның
желі не деп жырлайды» атты əңгімесінде
түйеден өзге уайымы жоқ қария алдындағы
малды совхоз басшысы басқа кісіге алып
бермекші болғанда, шарт ашуланып, түйесіне
мінеді де құмға сіңіп ұшты-күйлі жоғалып
кетеді. Ел-жұрт қарияны іздеп, таппағаннан
кейін өлдіге санап, жаназасын шығарады.
«Сол жаназа оқитын күні бұрын-соңды мал
ішінен ұшыратпаған, сол аяғын сылти басқан
кəрі атан ( неге бура емес) келіп, ашаға сүйеніп
үнсіз жылап тұрыпты. Көрген адамдар əлгі кəрі
атанның көз жанары өткірленіп, қарағаны, əр
кісіні танитындай жетіп келіп бас шұлғығаны –
құдды баяғы Мүсіркеп түйеші деп жат та
қарғанады».
Автор бұл жерде кейіпкерін неліктен түйеге
айналдырып отыр? Көзін ашқалы көргені түйе,
бар ынта пейілі өзінің алдындағы аз ғана
түйесінің қамы болған, адамдардан гөрі түйемен
тіл табысу оңайырақ тиетін Мүсіркеп шалды
түйе малынан басқа малға айналдырудың жөні
жоқ сияқты.
Автор идеясына сəйкес мифологиялық дү-
ниетаным бірде асқақ, бірде трагедиялық, бірде
фарстық сипатта болуы мүмкін.
Тұтастай алғанда ХХ-ХХІ ғ.ғ. басындағы
қазіргі қазақ прозасында миф ролінде тек тар
мағынадағы мифология емес, тарихи аңыз-
дар, тұрмыстық мифологиялық, тарихи-мəдени
реальды жағдай, өткеннің танымал жəне белгісіз
көркем мəтіндеріндегі көркем образдар көрінеді.
_________________
1. Ысқақбаев М. «Ұят туралы аңыз» Алматы:
Жазушы. 1980. Б-7.
2. Қасқабасов С. Жаназық. Аударма баспасы.,
Астана. 2002. Б-96.
3. Мелетинский Е.М. Москва 1976г. Поэтика мифа,
с.195., 121
4. Қирабаев С. Адам тануға ұмтылыс. Қазақ əде-
биеті. 1980. Желтоқсан. Б-353
5. Кекілбаев Ə. Таңдамалы шығ. 1 том. Алматы:
Жазушы, 1989. Б-221
6. Досжанов Д. «Алыптың азабы». Алматы: Рауан,
1997, Б-138.
* * *
В статье рассматриваются фольклорные мотивы в
современной казахской прозе.
* * *
The article considered folklore
motives in modern Kazakh
prose.