ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
230
А. Таңжарықова
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР
Қазіргі қазақ əдебиетінде мифке қызығу-
шылық реализммен постмодернизмге дейінгі əр
түрлі эстетикалық бағыттағы жазушылардың
көбіне тəн, ол əңгімеден романға дейінгі түрлі
жанрлық нышандарда жүзеге асырылып келеді.
Миф əртүрлі көркем бағыттар мен жанрларда
нығайып қана қойған жоқ, көркем мəтіннің
барлық деңгейіне енуде.
М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз» повесі
сонау бағзы замандардан да əрідегі біздің баба-
ларымыз тəу еткен «Тəңірі» туралы əңгіме-
ленеді.
«Ол өзі бір Жақия да, Бұдда да, Иса да, тіпті
Алла-тағаланың өзі де адам санасынан орын
тебе қоймаған кез еді. Не жанарымызға сый-
майтын, не ақылымызға сыймайтын бүкіл мына
жарық дүниені де, Адам ата мен Хауа анадан
өзге тірі пенде көріп-білмеген, көзге де, көңілге
де қараңғы о дүниені де Тəңірі жеке-дара би-
лейтін» [1.7].
Ғалым С.А.Қасқабасов «Қазақтың көне
мифінде болуға тиісті ілкі ата – демиург бейнесі
Тəңір образымен алмастырылған. Ал, Тəңір
аспанның əміршісі саналған. Яғни Тəңір – ең
жоғарғы құдай, ол аспан мен жердегі тылсым
мен тіршіліктің иесі» деген... [2.96]. М.Ысқақ-
баевтың «Ұят туралы аңыз» повесін фоль-
клорлық таным пайыммен жасампаздық мифке
жатқызуға болады.
Ал жасампаз миф туралы орыс ғалымы
Е.М.Мелетинский «Жасампаздық мифтер де-
геніміз бүкіл дүниені құрайтын нəрселердің
пайда болуын баяндайтын мифтер» деп анық-
тайды өзінің «Поэтика мифа» атты еңбегінде
[3.195].
Бұл мифтік повесте Тəңірі екі періштесін
кезек тыңдап, ғаламда болып жатқан өзге-
рістерді солардың шар айналарынан қарап біліп
отырады. Анда-санда жерге қарап, əуелде
адамзат атаулы Адам ата мен Хауа ананы
пейіштен қуғанда екеу-ақ еді, қазір ұзын саны
бірер мың болыпты деп ой түйеді.
Шарапат қашанда ізгілік пен жақсылықтың
символы іспеттес. Ал Кесепат болса мүлдем
қарама-қарсы. Автор Шарапат пен Кесепатты
антитезалық бейнелеу тəсілімен ізгілік пен
зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың
қарама-қарсы символы ретінде алған. Дүние
дүние болып жаралғалы жұмыр басты пенде
бойындағы екіұдай мінез: бірі жамандыққа
бастап тұратын – кесепат азғыруы, бірі адамдар
үшін жақсылық жасауға бар Шарапаттың іс-
əрекеті өмір-бойы бір-біріне кереғар күресіп
өтетіні содан екен.
Ғ.Мүсіреповтің «Ана туралы жыр» əңгімесі
алғашқы адамның пайда болуы Адам ата мен
Хауа ананың алғаш жер бетіне түсіп, ұрпақ
жаюы туралы. Мұны əңгімені фольклорлық
пайыммен гениологиялық мифке жатқызуға
болады. М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз»
повесіндегі орталық негізгі кейіпкер Тəңірі
болса, бұл шығармада Алла бейнесі берілген.
«Ұят туралы аңызда» Тəңірінің екі періштесі
Кесепат пен Шарапат болса, Ғ.Мүсіреповтің
«Ана туралы жыр» повесінде Алланың бес
періштесі болады. Екі повесте де бір Құдіретті
күшке бас ию, тағзым етіп табыну. Екі автордың
да авторлық идеясы – бағзы заманнан келе
жатқан Тоныкөк, Күлтегін жырларымен үндесіп
жатқандай.
«Жоғарыдағы Көк Тəңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің ортасында адам баласы жаратылған...»
Бұл повесті көне діни аңыздық сюжетке
құрылған, мифтік бейнелермен толықтырылған
жасампаздық рухани шығарма деп қарастыруға
болады. Сонымен қатар бұл шығармада ар,
ұждан, ізгілік, ақыл, қанағат ұғымдарын мəң-
гілік мəселелерді қамтиды. Егер адам бойын-
дағы қанағат атты мінез өз күшін жойса, ардан,
ұяттан безіп күнəға бататындардың жосықсыз
көбейетінін мегзейді.
Академик С.Қирабаев «Ұят туралы аңыз»
повесін аңыздық сюжетке құра отырып, соның
негізінде жазушы адам баласы өмір бойы тол-
ғандырып келе жатқан бүкілхалықтық проб-
леманы – зұлымдық пен адалдықтың күресін
бейнелейді. Ертегілік оқиғаларға нақты адам
əрекетіне ылайық сипаттар береді. Дүниені
жеке дара билеуші Тəңірі де, оның періштелері
Шарапат пен Кесепат та Марал повесінде
аңыздық күйден көркем бейнеге айналады»
[4.353] деп бағалайды.
Бұл мифтік аңыз шығыстың мотивтегі көне
сюжетке құрылған. Жазушы құрғақ баяндаудан
гөрі адам тойымсыздығының түп төркіні неде
деген сұрақты ортаға салады.
Е.М.Мелетинский өзінің «Миф поэтикасы»
деп аталатын іргелі зерттеу еңбегінде мифтің
əдебиетке əсер ету нəтижелерін былайша си-
паттады: