А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»


Негізгі бөлім және оған қойылатын талаптар



бет11/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
мақала жазып үйрену авт бағд

13. Негізгі бөлім және оған қойылатын талаптар
Сократ – ежелгі грек ойшылы
Сократ қарапайым өмір сүрген. Ол ел ішіндегі атақты адамдармен кездесе бастайды. Бірақ оларға көңілі толмайды. Содан жұрт алдына шығып сөз сөйлейді. Қарапайым адамдармен өмір жайлы әңгімелесуді әдетке айналдырады. Оған «жастарды азғырып жатыр» деген жала жабылады. Артынан қуғын түседі. Ақыры түрмеге қамалады. Жазадан құтылудың жалғыз жолы не өз ойынан бас тарту, не елден кету болады. Сократ достарының көмегінен бас тартады. Сократ «Менің жазадан қорқып, өз ойымнан бас тартуым – жауынгердің қорыққаннан шайқасты тастап кетуімен бірдей» деп, табандылық танытады.
14. Талғам және сән
Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.

15. Логикалық аргумент,психологиялық аргумент.
Аргументативті мақаладе бір мәселе-проблема аталады, оның шешу жолдары аталады. Аргументативті мақала кемінде екі абзацтан тұрады. Кіріспеде проблема нақтыланады, негізделеді. Келесі абзацтарды себептері, шешу жолдары аталады.
Аргумент – тезис дәлелі ретінде келтірілетін негіз (тұжырым). Логикалық аргумент – ақыл мен ойға жүгінетін дәлелдер. Психологиялық аргумент– адам сезіміне жүгінетін дәлелдер. Дәлелдеме– кез келген пайымның негізделуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет