Саралау –
оқушыларға қалай
көбірек қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?)
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?)
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Оқушылар шығармашылығынан
«Тіл – халық қазынасы»
Тіл – ойдың көрінісі – ежелгі қағида, ал әдебиет – көркем ой. Демек, тіл мен әдебиет бір-бірінен бөлінбес, егіз дүние. Әдеби тілдің бірнеше саласының ішінде көркем тіл, көркем әдебиет тілінің дамуы тіл ғылымы мамандарының назарын ерекше аударуы, зерттеу объектісі болуы заңды. – Әдеби тілдің бірнеше саласы бар. Көркем әдебиет тілі соның ішіндегі ерекше, маңызды саласы. Тіл қоғамдық құбылыс, тарихи құбылыс. Тілді жасаушы халық. Ал қашаннан-ақ, әсіресе ақын, жазушы, сыншы қауымы тілдің даму процесіне араласып отырған. Әдеби тілдің өз даму кезеңдері, сол әр кезеңнің өзіне сай талапталғамдары болады. Мысалы, орыс әдеби тілінің ұзақ тарихы бар. Фонвизин, Радищев, Державин, одан беріде Пушкин, Лермонтов, Белинскийлердің, сондай-ақ советтік кезеңде де әдеби тілге деген көзқарас, талаптардың бір-бірінен принципиальды айырмашылығы жоқ дегенмен де әдеби тілді дамыту, жетілдіру тұрғысынан әр кезеңнің өзіндік проблемалары бар екендігі кәміл. Қазір дүниежүзілік аренаға шыққан орыс тілінің өзінде де көптеген сөздерге әдеби тілдің жазылу дәстүріне, тіпті орфографиялық ережелерге байланысты пікірталастар толастар емес. Тілдің барыс-бағдарына қоғам назар аударып отырады. Ал қазақ әдебиеті бүгінде өркендеген, толасқан әдебиет. Соңғы жылдардың өзінде шоқтығы биік бірталай шығармалар дүниеге келді.
(Елдосұлы Аманат)
Достарыңызбен бөлісу: |