А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»


«Ғылымда даңғыл жол бар, ол – ізденіс пен білім жолы»



бет25/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
мақала жазып үйрену авт бағд

«Ғылымда даңғыл жол бар, ол – ізденіс пен білім жолы»


Бүгінгі таңда әлемдік экономика ерекше қарқынмен дамып, технологиялық тегеурінге, инновациялық ізденістерге, жаңа мүмкіндіктерге кең жол ашылуда. Осы орайда озық жетістіктерге қол жеткізіп, алдыңғы қатарлы елдермен терезе теңестіру үшін іргелі ғылымның алатын үлесі зор. Ал ғылым өндіріспен тығыз қарым-қатынас орнатқанда ғана нәтиже көрсетіп, жемісін береді. Сондықтан еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің таңғы арайында «Ғасырлар тоғысында» атты сараптамалық еңбегінде елдің болашағы ғылымға тікелей тәуелді екенін баса айтып және алғашқы күннен ғылым мен өндірістің қатар дамуына жете көңіл бөлді.
Үлкен ғылыми жобаларды мемлекет тарапынан қолдаудың ауқымды бағдарламасын жасатып, өзі тікелей қадағалап отырды. Аяғынан жаңа тұрған жас мемлекеттің экономикалық өрлеуінің әр алуан сатысы осындай ғылыми жұмыстардан бастау алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ», деп ғылым саласының өркендеуіне, тиісті бағдарламалардың әрі қарай жалғасуына баса мән берді. Мемлекет басшысы ғылымды дамытуда тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керектігін, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажеттігін де алға тартты. Мемлекеттік саясат та жаңа инновациялық экономиканың негізі болуға тиіс деген тұжырым қалыптасты. Ғылым, білімді ілгерілету және технологиялық жаңғыруларға дендеп көңіл бөлу нақты қолға алынды.
(Бакитова Дана)






Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады


Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген даналық бар. Өмірге бағдар беру, болашаққа нық сенімді азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.Осындай ұлағатты ұстаздың тәрбиесін менде алып келе жатырмын.
Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санайды. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау»- деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай жүрген ұстаздарымызға мың алғыс.
( Кадимова Гаухар)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет