161
ситуацию, адекватно владеть средствами коммуникаций, добывать информацию и
пользоваться ею. Для того чтобы, учащиеся любого возраста могли без посторонней
помощи решить учебную задачу, они должны понимать задачу и хотеть ее решить; у
них должны быть развиты познавательные силы - мышление, речь, внимание,
воображение, память; они должны владеть обобщенными знаниями и умениями –
умением думать, сравнивать, обобщать, обоснованно и последовательно излагать свои
мысли [5].
Литература:
1.
Методическое пособие: «Особенности формирования функциональной грамотности учащихся
основной школы по предметам естественно-научного цикла» - Астана 2013.
2.
А.Я. Кононов «Математическая мозаика», Москва 2004.
3.
«Национальный отчет PISA» 2009г, 2012г.
4.
А. Абылкасымов, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жумагулов, Алгебра 8, Мектеп 2008
5.
Государственная Программа развития образования Республики Казахстана 2011-2020 годы от
7 декабря 2010 года.
6.
Национальный план действий по развитию функциональной грамотности на 2012-2016 годы.
ƏОЖ 378.172
СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Кудыкенов А.К., Оразбаев А.А.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Денсаулық тəрбиесі – ортақ мəселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің
саулығы мемлекет əл–ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының
аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап
өтті. Өйткені салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің гүлденуі мүмкін емес.
Біздің елімізде мемлекет тарапынан əр адамның спортпен айналысуына мейлінше
жағдайлар жасалған. Жыл сайын халықаралық стандарттарға сəйкес келетін жаңа спорт
нысандары пайдалануға беріліп жатыр, сондықтан бұқаралық спортпен айналысу үшін
қолда бар барлық ресурстарды белсенді пайдалану қажет. Сонда ғана біз, Президент
талап еткендей, қазақстандықтардың 30 пайызына дейін бұқаралық спортқа тарта
аламыз.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас
ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын
сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға жəне жоғары, сапалы білім алып, сол білімді
келешектегі өмірінде пайдалана білуге тəрбиелеу.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты
ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру
мəдениетін қалыптастыру мəселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды
анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тəрбиелеу формалары мен жаңа
əдістерді ұстанатын білім де қажет. Жоғарғы оқу орынның студенттері салауатты өмір
162
салтын қалыптастыру туралы алған білімдерін болашақта алдарында тəрбиеленетін
өскелең жастардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Студенттердің салауатты өмір сүру мəдениетін қалыптастыру бұл:
Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз жəне жанды табиғи ортамен
жан–жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы жəне өзі үшін барынша
пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы
мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған
іс–шараларды жүргізу.
Жоғарғы оқу орнында студенттердің денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың
басты мақсаты:
- тұлғаның психологиялық, дене – қимыл əрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас
ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының
уəждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
- олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру,
өзіне-өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мəдени – гигиеналық мінез – құлық
дағдыларын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты дегеніміз - бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған
мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздің ойымызша, адамның əлеуметтік – психологиялық
жəне биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар
негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нəтижесінде дене шынықтыру немесе спортпен шұғылдану;
- дене еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке жəне əлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас жəне экологиялық мəдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тəрбие алу;
- зиянды əдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мəселелерінің бірі –студенттер
арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың
əлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып
отыр:
- əлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт т.б.
Сондықтан да, бүгінгі студенттер, ертеңгі ел ұстар азаматтарды салауатты өмір
салтына бейімдеуге күш салып, зиянды əдеттерден сақтандыруымыз керек.
Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда Жоғарғы оқу орындағы
оқыту үдерісі мен тəрбиемен қатар, сабақтан тыс уақыттағы тəрбие де үлкен рөл
атқарады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Дене шынықтыру»
пəні аясында «Салауатты өмір салты – ел саулығының кепілі» атты модуль
дайындалып, іске асырылды.
Модульдің мақсаты мен міндеттері:
1. Студенттерге салауатты өмір салтының негізі мен ерекшелігін ашу, оларға
салауатты өмір салтының бағыттары туралы ақпарат беру.
2. Оқу үдерісінде студенттердің салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту.
3. Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ұжымдық
шығармашылық жұмыс» əдістемесін тəжірибеде қолдану.
163
Модуль бағдарламасында келесі мəселелер қарастырылды. Дəріс сабақтарында
ғаламдық мəселелер сөз болды. Əлеуметтік-саяси, əлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың əсерінен қоғамдағы құндылықтар өзгеріп, студенттер арасында
есірткінің белең алуы айтылды. Студенттер бос уақытын көшеде жүреді, оларды ешкім
қадағаламайды, күмəнді топтар мен күмəнді істерге барады. Мұндай топтарда «өзіндік
заңдар», адамгершілік, эстетикалық нормалары бар. Осы топтарда, ғалымдардың
зерттеулерінде көрсетілгендей [1], қоғамға жат кері моральдық жəне құқықтық
нормалар көп болады. Топ мүшелері құмар ойындарын ойнайды, маскүнемділікке
салынады, дөрекілік танытады, ерте, əрі тұрақсыз жыныстық қатынасқа түседі.
Олардың өмірлеріне алкоголь, токсикомания, есірткі өте қауіпті [2].
1-кесте. «Дене шынықтыру» пəні аясындағы
«Салауатты өмір салты – ел тірегі» атты модулі.
№
Тақырып атауы
Сағат саны
Дəріс Практика
1
«Студенттердің салауатты өмір салты» түсінігі мен мəні.
2
2
2
Оқу үдерісі мен сабақтан тыс уақыттағы студенттердің салауатты өмір салты.
2
3
Ұжымдық шығармашылық жұмыс (ҰШЖ): «Мен – адаммын», «Дұрыс
тамақтану», «Денсаулыққа зиян».
1
1
4
«Жастар – темекі шегу мен есірткіге қарсы», «Денсаулық негіздері» атты
рефераттар.
1
1
5
«Сен салауатты өмір салты туралы не білесің?» атты эссе байқауын өткізу.
1
1
6
«Сенің денсаулығың – сенің қолында» атты тақырыпта Салауатты өмір салты
Орталығынан мамандарды шақырып, дөңгелек үстел өткізу.
1
1
7
Ұжымдық шығармашылық жұмыс (ҰШЖ): «Денсаулыққа не зиян келтіреді?»
1
1
8
«ЖҚТБ: мəселе жəне шешім», «Дұрыс тамақтану», «Қазіргі қарқын мен
жастар көзқарасы» атты тақырыптарда рефераттар жазу.
1
1
9
«Дұрыс тамақтану – өмірдің саулығы» атты бейнесюжет жəне слайд жасау.
2
2
10
Ұжымдық шығармашылық жұмыс (ҰШЖ): «Дені сау адам жəне оның
өмірінің алғышарттары».
2
2
«Студенттердің салауатты өмір салты» түсінігі мен мəні, салауатты өмір
салтының факторлары, принциптері анықталды. Салауатты өмір салтының аспектілері:
дене, интеллектуальдылық, тұлғалық, əлеуметтік, рухани, эмоционалдылық.
Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін дəріс оқумен
қатар, практикалық жақтан қарастыру да тиімді болып табылады.
Ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру тұлғаның маңызды
қасиеттерін қалыптастырады: мақсаттылық, жауапкершілік, бастаған істі соңына дейін
жеткізу, тəртіптілік, орындаушылық.
Ортақ істі ұйымдастыруға қатысу – ұжымды біріктірудің негізгі құралы. Көптеген
студенттер өз мамандықтарына сай келетін қасиеттерін танытып, ұйымдастырушылық
дағдыларын дамытады. Педагогтар олардың осы қасиеттерін дəріптеп, өздеріне
белсенді көмекші етеді.
Ұжымдық шығармашылық жұмыстың соңғы кезеңінде ұжымдық талдау немесе
жеке педагогикалық талдау жасалынады. Мақсаты: сəттіліктер мен сəтсіздіктердің
себебін анықтау.
Сонымен қатар, ұжымдық шығармашылық жұмысты талдауда, төмендегідей
тəрбие ісінің талдауы ескерілуі қажет:
1) Ұжымдық шығармашылық жұмысты дайындау мен өткізудің талаптары
орындалды ма?
2) Жұмыстың мазмұны мақсатқа сай болды ма?
3) Жұмыстың қай кезеңі сəтті өтті?
164
4) Жаңалық болды ма?
5) Тəрбие ісі эмоционалды жақтан əсер етті ме?
6) Келесі жұмыста қосымша нені енгізу қажет?
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда студенттер өздерінің дене жəне рухани
жағынан өсуіне көңіл бөлулері қажет:
1) өз денсаулығын бағалау;
2) өзінің денсаулығын отбасы негізінде қарастыру;
3) денсаулық күнделігін жүргізу;
4) салауатты өмір салтының ескі жəне жаңа бағыттарын бағалау жəне сынау;
5) айналадағылардың жəне өз денсаулығына көңіл бөлу.
«Денсаулық күні» аясында студенттерге «Салауатты өмір салтын ұстанайық»
атты байқаулар ұйымдастыру.
Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі: денені
шынықтыру, күн тəртібін сақтау, дұрыс тамақтану, белсенділік, жағымды көңіл-күй,
зиянды əдеттерден арылу (ішімдік, темекі шегу, есірткі қолдану, өзіндік емделу,
тұрақсыз жыныстық қатынас т.б.)
«Менің салауатты өмір салтына көзқарасым» атты сауалнама жүргізу,
«Денсаулық жəне жастар» атты брейн-ринг, «Зиянды əдеттер» атты тақырыпта
нарколог дəрігер, Азия ойындарының жеңімпаздары, олимпиада чемпиондарымен
кездесу, «Никотинді таста – дəруменді ал» атты жастар акциясын өткізу, темекі мен
ішімдіктің зияны туралы ақпараттық флаерлер тарату, əртүрлі спорт жарыстарын
ұйымдастыру.
Университеттің спорт клубтарына қатысу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика,
гимнастика, «Гимнастикалық шоу» спорттық мереке ұйымдастыру, «Шаңғыға тұр!»
атты жастардың салауатты іс-шарасын өткізу.
Студенттер салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін:
- өз ағзаларының қарқынды өсуі мен дамуына байланысты замандастарының
арасында беделділігін таныту;
- қарым-қатынас жасауға, достасуға ұмтылу;
- дене шынықтыру сабақтарына;
- бəсекелестік, өзін-өзі көрсету, өз ортасында орнын табу;
- жеке тұлғалық қасиеттерін таныту, қоғамдық жəне кəсіптік жақтан көтерілу;
Сонымен, жоғарыда аталған жұмыстар негізінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттер арасында салауатты өмір салтын
қалыптастыру жұмыстары сəтті жүргізіледі.
Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін əрбір студент
мақсатты жəне саналы түрде салауатты өмір салтын ұстанулары қажет.
Студенттермен педагогикалық жұмыстың түрі əртүрлі болуы мүмкін, алайда,
дəрістер мен тəрбиелік əңгімелесулермен қатар, фильмдер көрсету, спорт
секцияларында шұғылдану, спорт жарыстарын ұйымдастыру жəне қатысу, тренингтер
т.б. тиімді болып табылады.
Əдебиет:
1.
Уақпаев Е. Қазақстанда дене тəрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы, 2000.-376 б.
2.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Қазақстан
мектебі №4, 2006.-12 б.
3.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен ҚР
денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |