Ааж өмірлік циклының түсінігі, үрдістері



Дата06.01.2022
өлшемі121,83 Kb.
#15724
Байланысты:
ААЖ өмірлік циклының түсінігі


ААЖ өмірлік циклының түсінігі, үрдістері

Кез келген ақпараттық жүйенің тіршілігі мынандай негізгі кезеңдерден өтеді: жобалау, пайдалану, тозу (ескіру) жəне бөлшектеу. Осы факторлардың жиынтығы жүйенің өмір циклін құрады. Ақпараттық жүйелердің өмір циклі қазіргі уақытта ISO/ IEC 12207 сатандартында белгіленеді. Осы стандарт субъектілер жинағын – өмір циклінің əр кезеңіндегі қатысушыларды белгілейді.



Жалпы түрде ISO 12207 стандарты өмір циклін бағдарламалық өнімді əзірлеуді, пайдаланууды жəне сүйемелдеуді қамтитын, талаптарды қоюдан бастап, оны пайдалануды тоқтатуына дейін жүйенің өмірін қамтитын, үдерістерден, жұмыстардан жəне міндеттерден тұратын құрылым ретінде белгілейді.

2.3 -сурет. Өмір циклінің каскадтық моделі


Бұл ретте нақты модельдер ұсынылмайды. Бағдарламалық қамсыздандыруды жəне ақпараттық жүйелерді əзірлеу үдерісінде өмір циклі моделінің үш нұсқасы пайдаланылады: каскадты моделі, кері байланыстары бар каскадты моделі жəне шиыршықты моделі. Каскадты модель жүйені құрудың жəне оны пайдалануға енгізудің негізгі кезеңдерін белгілеуді көздейді (2.3-сурет):

• жүйеге қойылатын талаптарды талдау;

• жүйені əзірлеу — жобалау;

• жүйені іске асыру;

• енгізу— оны пайдалануға енгізу;

• пайдалану үдерісінде жүйені сүйемелдеу.

Каскадты технология — иерархиялық құрылым. Келесі кезеңдегі жұмыстар басталар алдында бұдан бұрынғы кезең аяқталуы тиіс. Келесі кезеңнің əзірлеушілер ұжымы қажетті құжаттаманың толық жинақтамасын алуы тиіс.

Каскадтық тəсілдеменің артықшылықтары – əр кезеңде жобалық құжаттаманың толықтық жəне келісушілік өлшемдеріне сай толық жинағы қалыптастырылады; қисынды ретпен орындалатын жұмыс кезеңдері барлық жұмыстардың аяқталу мерзімін жəне тиісті шығындарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Иерархиялық каскадты технология жүйеге қойылатын талаптар толық көлемде тұжырымдалған жағдайда пайдаланылуы мүмкін.

Ақпараттық жүйені əзірлеу сəтінде толық анық болмаған жағдайда кері байланыстары бар каскадты модель қолданылады (2.4-сурет). Кері байланыстың болуы жүйені əзірлеген кездегі итерациялар туралы айтуға мүмкіндік береді. Белгілі бір кезеңге ауысқан кезде жүйеге қойылатын талаптарды нақтылау жəне əзірлеу үдерісіне өзгерістерді енгізу үшін алдынғы кезеңдерге қайта оралу орындалады.



Өмір циклін қалыптастырудың каскадтық технологияларына бір ортақ кемшілік тəн — жобаларды əзірлеудің үлкен мерзімдері, өйткені жүйені əзірлеу үдерісіне өзгерістерді тек белгілі бір кезең аяқталған соң ғана енігзуге болады.

2.4-сурет. Кері байланыстары бар каскадты өмір циклі


2.5-сурет. Өмір циклінің шиыршықты моделі

Шиыршықты модель жүйені талдау жəне жобалау үдерістеріне сүйенеді (2.5-сурет). Жүйенің немесе қосалқы жүйелердің бірнеше жұмысқа қабілетті түпнұсқалары құрылады, шиыршықтың əр кезеңінде жүйенің мақсаттары мен сипаттамалары нақтыланады жəне шиыршықтың келесі бұрамы үшін жұмыстар жоспарланады. Бұл өмір циклінің бастапқы кезеңдеріне: талдау мен жобалауға сүйенетін өмір циклінің моделі. Осы кезеңдерде техникалық шешімдердің іске асырылатындығы түпнұсқаларды құру жолымен тексеріледі.

Шиыршықты модельдің негізгі мəселесі келесібұрамға ауысу сəтін анықтауда тұрады. Ауысу, тіпті барлық жоспарланған жұмыс аяқталмаса да, жоспарға сəйкес жүзеге асырылады. Жоспар алдынғы жобалардан жəне əзірлеушілердің жеке тəжірибесінен алынған статистикалық деректер негізінде жасалады.



Кезекті бұрам — итерация, ол жүйеге қойылған талаптарды жəне оның орындалуын нақтылауға мүмкіндік береді, алдыңғы итерацияға тəуелді емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет