Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет25/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   158
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
19 
В.В. Давыдов «оқу әрекетінің өзінің мазмұны мен құрылымы бар, ал оқу кең мағынада түрлі іс- 
әрекет түріне қатысты қолданылады.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамытудың әдістемелік тұғыры балалардың 
жас ерекшеліктеріне негізделіп, оның фоны негізінде есту қабілетінің зақымдалуы барысындағы 
даму бұзылысының сипаты есепке алынады. Жас ерекшелігі және дамудағы бұзылысы спецификасы 
деген екі фактор да арнайы ұйымдастырылыған оқыту жолдары мен тәсілдерін таңдауды негіздейді.
Бұнда басты рөлді есту қабілеті зақымдалған балаларды мектепке дайындау алады.
Я.А. Пономарев құрылымдаған даму кезеңдерінің түрлену қағидасына сәйкес оны ұйымдас-
тырудың құрылымдық деңгейлері мен ары қарай дамытатын өзара әрекеттердің функционалды 
деңгейлері болып келеді. Бұл мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасқан психологиялық туынды-
лар оқыту кезеңінде жойылып кетпей, даму деңгейіне трансформацияланады. Мектеп жасына дейінгі 
балаларға тән көрнекі ойлау формалары түсініктік ойлау деңгейінде жойылып кетпейді. Олар даму 
деңгейі ретінде болады.
Қалыпты еститін балаларда іс-әрекетті арнайы ұйымдастыру жағдайында көрнекі образдық 
ойлауында абстрактілі логикалық ойлауы туындап, ол келесі даму кезеңіне даму деңгейіндегі 
аталмыш психикалық құбылыстардың даму кезеңдерінің трансформациялануына әкеледі.
Балалар бірдей жас кезеңінде болса да, тіпті ұқсас білім көлеміне ие болса да дамудың түрлі 
потенциалы мен түрлі деңгейіне ие. Осыдан балалардың жеке ерекшелік сипаты шығады.
Әр баланың даму жолы әр түлі және жеке сипатқа ие, сол сияқты есту қабілетінің зақымдалу 
деңгейі, сипаты, уақыты да әр түрлі болады. оларды білмей, жеке, және топтық оқуды сапалы 
ұйымдастыру мүмкін емес.
Сөйлеу тілі біз білетіндей, маңызды психикалық функциялардың бірі. Ол баланың жалпы жамуы 
мен өзге психикалық үрдістерінің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді. Осы орайда зақымдалған 
есту функциясы ерте жаста пайда болса немесе туа біткен болса, ол бала тарапынан ауызша сөйлеу 
тілін өз бетінше меңгеру мүмкіндігінен айырады.
Осы орайда мектептің басты міндеті есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін 
қалыптастырып, дамытып, белсенді өзіндік өмірге дайындайды. 
Ауызша сөйлеу тілі қабылдау, өнімдеу, пайымдау, сөйлеу тілінің мазмұндық сипатын (лексика, 
фразеология, грамматикалық құрлымы, функциональды стилистикалық сипатын т.б. қамтиды
(Р.И. Аванесов, И.А. Зимняя, Л.В. Златоусова, Н.И. Жинкин, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия,
Р.К. Потапова, Ф.Ф. Рау, Л.В. Щерба, Р.О. Якобсон). 
Есту қабілетінің ауызша сөйлеу тілінің қалыптасып, дамуы үшін рөлі зор. Р.М. Боскис бойынша, 
есту қабілетінсіз сөйлеу тілін қабылдау мүмкін емес. Сөйлеу тілін ести отырып, бала қоршаған 
ортаға бейімделеді. Ол заттарға қарап, оларды ұстай отырып, дыбыстарға мән беріп, қоршаған 
адамдар мен жануарлардың әрекеті мен қозғалысын бақылайды. Күрделі шынайылықты тану 
үрдсінде бала тарапынан қабылданатын сөйлеу тілінің рөлі ерекше.
Онтогенезде сөйлеу тілін қалыптастырудың басты жағдайы ол есту функциясының толыққанды 
еместігі. Сондықтан есту қабілетінің жетіспеушіліктері баланың сөйлеу тілінің қалыпты дамуын 
тежейді.
Ерте немесе мектеп жасына дейінгі жаста баланың есту қабілетінің бұзылысы баланың сөйлеу 
тілінің дамуына қатты әсер етеді. Бала дамуының күрделі құрылымында есту анализаторының 
біріншілік жетіспеушіліктерімен қатар сөйлеу тілі мен оның өзге психикалық үрдістерінің қалып-
тасуының өзіндік сипаты байқалады.
Отандық және шетелдік сурдопедагогикада есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша 
сөйлеу тілінің қалыптасуы басты міндеттердің бірі саналған. Себебі, сөйлеу тілі тек қатынас құралы 
ғана емес, сонымен қатар ойлау құралы саналады.
Соңғы жылдары алынған экспериментальды мәліметтер ағзаны белгілі сенсорлық ақпараттан 
ажырату кейін аталмыш сенсорлық ақпаратты қаблдаудың жоғалуы сияқты кемшіліктерге әкелетін-
дігі анықталды. Бұл есту қабілетінің зақымдалуына да қатысты. Сондықтан, арнайы түзетушілік 
шараларды өткізу баланың ары қарай мектепте оқу нәтижелілігін ғана емес, қоғамға толыққанды 
бейімделу барысын қамтамасыз етеді.
Ауызша сөйлеу тілі бастапқы кезден ақ коммуникация құралы ретінде қалыптасады. Қарым-
қатынасты меңгеру үрдісінде олар лексиканы, тілдің грамматикасын меңгереді. Есту қабілетінің 
зақымдалуы балалармен олардың естіп қабылдауын дамыту мен ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру 
бойынша жұмысты жүргізуге негіздейді. Екі бағыттың әрқайсысының өзінің міндеттері болып, олар 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
20 
нәтижелерге қол жеткізу жолындағы әдістемелік тәсілдерді қамтиды. Оқыту мазмұнының күрделігі 
аталмыш бөлімдерге белгілі көлемдегі уақытттың бөлінуі.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды мектепке дайындау барысында жүргізілетін сөйлеу тілін 
дамыту бойынша жұмысты балалардың естіп қабылдауын дамыту бойынша жұмыстан ажыратып 
қарастыру мүмкін емес.
Естіп қабылдауды қарқынды дамытудың заманауи жүйесі келесі алыптарға негізделеді: 
- есту функциясының бұзылысы, кез келген функция сияқты белгілі жағдайларға тұрақты 
мақсатқа бағытталған ықпал негізінде, есту қабілеті зақымдалған балалардыың жалпы даму заңды-
лықтары негізінде дамиды. Оқыту үрдсі барысында оның жүйке жүйесінің кемдлігін пайдалану
арнайы оқыту жағдайында есту функциясының бұзылысын дамытудың алғышарты болып келеді.
- сөйлеу тілін естіп қабылдауы есту қабілеті зақымдалған балаларда сөздік қорды, тілдің грамма-
тикалық құрылымын меңгерумен, ауызша сөйлеу тілінің дыбыстап айту жағын түзету мен қалып-
тастыу, оның барлық танымдық әрекетін жетілдіру негізінде жүзеге асырылады.
- арнайы оқыту жағдайында туындаған естіп абылдау балалардың ауызша сөйлеу тілін қалып-
тастыру , дамыту мен түзету үшін полисенсорлы негізді құрайды.
Осы орайда мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін естіп 
қабылдауды дамытудың мәндеті: 
- көріп қабылдауды алып тастағанда, тек есту арқылы сөйлеу тілдік материалды естіп
қабылдауын дамыту; 
- ауызша сөйлеу тілін қабылдау үшін естіпкөріп қабылдау негіздерін туындату; 
- белсенді сөйлеу тілдік іс-әрекетінің дағдыларын жетілдіру; 
- музыканы қосып алғанда, қоршаған әлемнің тілдік емес дыбыстары туралы есту қабілеті 
зақымдалған балалардың түсініктерін байыту. 
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамытуда дыбыстап айтуға оқыту бағдар-
ламасы келесі бөлімдерден тұрады: 
1.
Сөйлеу тілдік тыныс алу. 
Жұмыстың мазмұны ол сөйлеу тілінде тыныс алуды дұрыс қолдану қабілетін қалыптастыру.
2.
Дауыс 
Жұмыстың мазмұны қалыпты тембрден ауытқусыз дауыстың қалыпты жоғарлығы мен күшін 
қолдану дағдысын қалыптастыру. 
3.
Дыбыстар мен олардың үйлесімдігі 
Жұмыстың мазұны ол қазақ тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айту, оларды сөзде фонмалардың 
қысқартылған жүйесін қолдана отырып, оқытудың концентрлік әдісін жүзеге асыруда қолдану 
қабілетін қалыптастыру. 
4.
Сөзбен жұмыс 
Сөздерді олардың дыбыстық құрамын сақтай отырып, оқыту кезеңіне сәйкес-нақты немесе
регламенттелген фонемаларды қолдана отырып,, екпін мен орфоэпиялық нормаларды қолдана 
отырып, сөзді дұрыс айту қабілетін есту қабілеті зақымдалған балаларда қалыптастыру.
5. Фразамен жұмыс
Жұмыстың мазмұны балаларда қалыпты темпте, дұрыс логикалық екпінмен фразаларды айту 
қабіетін қалыптастыру.
Сурдопедагогикада есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамытуда дыбыстап 
айтуын қалыптастыру жұмысы Ф.Ф. Рау мен Н.Ф. Слезинаның аналитикалық синтетикалық 
концентрлік полисенсорлы әдісі негізінде жүзеге асырылады.
Осылайша, есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту жұмысы 
оның дыбыстап айту мен естіп қабылдауын дамыту бойынша жұмыстар негізінде жүргізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Аксенова Л.И. Социальная педагогика в специальном образовании: Учебное пособие
/ Л.И. Аксенова. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 192 с. 
 2. Активизация учебно-воспитательного процесса глухих и слабослышащих учащихся: 
Межвузовский сборник научных трудов /Отв. ред. Е.Г. Речицкая. – М., 1997. – 356 с. 
 3. Воспитание учащихся с нарушением слуха в специальных (коррекционных) образовательных 
учреждениях: Учебное пособие/ Т.Н. Пенин, З.А. Пономарева. – СПб.: КАРО, 2006. – 496 с.
4. Дидактические игры для дошкольников с нарушениями слуха: сборник игр для педагогов и 
родителей / Л.А. Головчиц. – М.: ООО УМИЦ «ГРАФ ПРЕСС», 2003. – 160 с.


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
21 
5. Зыкова М.А. О речевом общении глухих младших школьников / М.А. Зыкова // Дефектология.- 
2001.- №3. – С.35-43.
6. Программы специальных (коррекционных) образовательных учреждений II вида / А.Г. Зикеев, 
Л.И. Тигранов. – М.: Просвещение, 2006. – 430 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет