Студент-практиканттың аты-жөні:Тазабек Нұрай Оқу орнының атауы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті Институты: Математика, физика және информатика институты Мамандығы: Математика пәнінің мұғалімі Курсы, тобы: 2-курс МОК213 Психолог-әдіскер: Алматы 2023
9- апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 20.03. – 25.03.2023ж. Есті диагностикалауға арналған әдістемелер.
Қысқа мерзімді естің көлемін зерттеуге арналған әдістемелер.
Жанама есте сақтауды анықтауға арналған әдістемелер.
Оперативті есті анықтауға арналған әдістемелер.
1. Есті диагностикалауға арналған әдістемелер. «Сөздер тізбегі» ойыны Мақсаты: Есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтау Шарты: Оқушылар шеңберге отырғызылады. Бірінші оқушы кез-келген бір заттың атын атайды. Мысалы: «ірімшік». Екіншісі алдыңғы айтылған сөзді атайды да, өзі бір сөз қосып айтады. Осылайша жалғаса береді. Әрбір келесі ойыншы алдында айтылған барлық сөзді ретімен атап шығады да, өзінің сөзін қосып отырады. Кім шатасады, сол ойыншы ойыннан шығады. Ал ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.
«Алфавит» жаттығуы Шарты: Алфавитті дұрыс және керісінше ретпен айтып еске түсіру керек.
2.Қысқа мерзімді естің көлемін зерттеуге арналған әдістемелер.
«Жоғалған зат» ойыны. Шарты: Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Бала оларға мұқият қарап алған соң, теріс қарап тұрады. Үстелден бір зат алып тасталынады. Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек. Заттардың санын ақырындап өсіруге болады. «Көңілді шеңбер» ойыны Мақсаты: Балалардың ес пен зейінін дамыту. Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда «не өзгерді?» – деп сұрайды.Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. 3.Жанама есте сақтауды анықтауға арналған әдістемелер.
«Түйме» ойыны Шарты: Балалар жұптасып ойнайды. Олардың алдарында екі бірдей түйме жинағы жатыр. Әрбір ойыншыда өз ойын алаңы бар – ол тор көзге бөлінген текше. Ойынды бастаушы өз алаңына үш түйме тастайды, екінші ойыншы оны қарап, әрбір түйменің орналасуын есте сақтап қалуы керек. Осыдан кейін бірінші ойыншы өзінің алаңын қағазбен жасырып, ал екінші ойыншы өз алаңында бірінші ойыншының түймелері орналасуын бұлжытпай орналастырады. Ойында қаншалықты тор көз бен түйме көп болса, соншалықты ойын күрделене түседі. 4.Оперативті есті анықтауға арналған әдістемелер.
Мақсаты: Оперативтік есте сақтау қабілетін тексеру Бұл әдістемеде оқушының оперативтік есте сақтау қабілеті ретінде аз уақыт ішінде есінде сақтай отырып, оны сол мезетте ӛңдей алатын ақпарат кӛлемі бағаланады. Шарты:. Сіздерге бес таңбалы сандар қатары оқылады. Сіздің міндетіңіз: сандарды сол оқылған ретімен есте сақтау. Содан соң ойша бірінші санды екіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз, екінші санды Үшіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз, Үшінші санды тӛртіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз, тӛртінші санды бесіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз. Шыққан тӛрт қосындыны тізбектей жазасыз. Мысалы: 32716 - 3 + 2=5 2 + 7=9 7+1=8 1+6=7 нәтиже-5987 Нұсқалар: 31527 44352 13152 63452 42613 71521 35126 71726 34325 25341