Абай атындағы Қазақ Ұлттык Педагогикалык



Дата03.12.2023
өлшемі14,35 Kb.
#133107
түріОқулық
Байланысты:
Айжан 309


Абай атындағы Қазақ Ұлттык Педагогикалык
Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне талдау жасау.
Орындаған: Турлубекова Айжан
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі – оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы, Орынборда басылады. Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И. Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,- деп жазады.
Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды. Қазақ халкының ұлттық мақтанышы болып
саналатын аса көрнекті қогам қайраткері, әйгілі ағартушы, тамаша педагог, белгілі жазушы - Ыбырай Алтынсарин өзінінң бүкіл шыгармашылық өмірін қазақ халкынын рухани даму жолына, оны өнерлі, білімді, мадениетті елдердін қатарына қосу максатына
арнады.
"Қазақ халқы азбаган халық, онын талабы
біреу салып берген тар шеңбердіқ қыспағына сыя алмайды: онын ой-пікірі еркін, онын келешегі үшін оған тек сана-сезім жагынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйренуі керек
болып отыр" деп жазды Ыбырай Алтынсарин өзі қурастырып, орыс алфавиті негізінде алгашкы рет қазақ тілінде
шыгарган "қазақ хрестоматиясы" оқу
Құралының алғыс сөзінде.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдын есімі қашанда уакыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халкымен бірге жасасып келеді.
Онын өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оган бүкіл жан-тәнімен қызмет етудін тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.
Ыбырайдың әдеби мұрасы бізге негізінен «Қазақ хрестоматиясының» төңірегінде жетті. Сондықтан бұл хрестоматияның жазылу тарихы мен пайда болуын дайындаған жағдайларға соқпай өтуге болмайды. Өйткені хрестоматияның жазылу тарихы мен оның тууын дайындаған әлеуметтік жағдайлар, екінші жағынан, Ыбырайдың жалпы әдебиет саласындағы еңбектерінің тарихы мен өмірге келуін дайындаған қоғамдық құбылыстар болып табылады.

«Қазақ хрестоматиясының» пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен тығыз байланысты. Ең алдымен, хрестоматияның жаңа ашылған мектептер үшін арналып жазылуының өзі осыны дәлелдейді. Ыбырай бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсете және насихаттай алды.




Ыбырай жаңа типті мектептер үшін оқулық жасау мәселесімен 60- жылдардың басында-ақ шұғылданды. Өйткені қазақ жастарына шын мәнінде білім мен тәрбие беру үшін жаңа оқулықсыз жұмыс жүргізу ешбір мүмкін емес еді. Сөйтіп 1879 жылы басылып жарыққа шыққан «Қазақ хрестоматиясының» принципиалдық негізін Ыбырай сол 60-жылдарда-ақ қарастыра, ойластыра түскен еді. 1862 жылғы бір хатында ол қазақтар үшін нағыз жақсы нәрселерді үйрететін кітаптардың керектігін көрсете келіп, К.Д.Ушинскийдің «Детский мир» кітабын өзінің айрықша ұнататындығын және одан бірен-саран шығармалар аудара бастағанын мәлімдейді. Бұл, сөз жоқ, Ыбырайдың 60-жылдардың басынан бастап-ақ, жаңа оқулық жасау мәселесімен айрықша шұғылданғанын және оны тек К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасауды мақсат етіп қойғанын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет