Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар ;
- Түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі ; ( мектеп,үй,көше,ресми емес топтар т.с.с )
Әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы,әдеті мен талғамдарының болуы.Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен,баланың қоғамдық мәнінен,өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдык мәнін қалыптастырудын қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-қайшылықтар тән.
Сыртқы қарама-қайшылықтар
Сыртқы қарама-қайшылыктар коғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрда-тары мен ересектердіқ қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарынын куәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының, өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады.
Ішкі қарама-қайшылықтар
Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің арақатынасы жатады. Адамның қоғамдық мәнінің дамуындағы негізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басқышқа көтеріледі, яғни жана сапаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады.