Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет193/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін  сөздер:  Білім  алушылар,  болашақ  мұғалім,  практикалық  даярлау,  іскерлік,  физика  пəні,  эксперименттік 
зерттеу, эксперименттік алаң. 
 
Білім  алушылардың  қабілеттері  мен  қызығушылықтарын  анықтау  жəне  жетілдіру  үшін  оларды 
əртараптандыру,  қажетті  білім  мен  дағдыларды  беруге,  өмір  құндылықтарын  қалыптастыруға  жəне 
орнатуда орта мектебі болуы тиіс, барлығы осы өмір мектебінен өтеді. Эксперименттік дайындығы - 
бұл,  физика  пəні  мұғалімінің  негізгі  құзыреттілігі  болып  табылады:  сонымен  бірге,  ғылыми  таным-
дағы физикалық эксперимент рөлін ұғынуы; білім беруде физикалық экспериментке қызығушылығының 
дамуы; эксперименттік дағдыларының қалыптасуы. 
Бүгінгі уақытта осы білім беру жүйесін жетілдірілетін болашақ мұғалімдерді даярлаудаөзбетімен 
шығармашылық  жұмыс  дағдысын,  туындаған  мəселелелердің  тиімді  шешімдерін  таба  білу  іскерлігі 
олардың дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету талап етіледі. 
Студенттердің  өзбетімен  шығармашылық  жұмыс  дағдыларын  қамтамасыз  етуде  оқу  сабақтары 
мен оқулықтар жəне ғылыми еңбектермен жұмыс бойынша шектелмейді [1,29б.]. Əсіресе студенттердің 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
124
 
шығармашылық өзіндік жұмысы үшін оларға үлкен кеңістік, яғни оқу-зерттеу жəне ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын орындау кезінде пайда болады. Оқу сабақтарының осы түрінің мақсаты - студенттердің 
зерттеу  жүргізу  дағдыларын  қалыптастыру,  практикалық  есептерді  өзбетімен  шеше  білуі,  іздеу  білу 
іскерлігі жəне жаңаны табу қабілетінің болуы. Оқу-əдістемелік жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
түрлері  əр  түрлі  болуы  мүмкін:  материалдардың  құрылымын  немесе  қандайда  бір  құбылыстарды 
эксперименттік  зерттеу;  əртүрлі  құрылғыларды  сынақтан  өткізу,  электрондық  құрылғылар  жəне 
механикалық құрылымдар; оқу-зертханалық жұмыс параметрі жəне реттеу; теориялық алынған физи-
калық  шамалардың  тəуелділігін  эксперименттік  тексеру;  теориялық  зерттеулер.  Студенттер  оқу  орнын 
аяқтағаннан  кейін  де  шығармашылықпен  айналысуы  қажет  болады,  ол  үшін  əртүрлі  формаларды 
қолданып, мысалы, студенттік конструкторлық бюро, студенттердің зерттеу үйірмелері, семинарлар, 
олимпиадалар,  конкурстар,  үздік  студенттік  ғылыми  жұмысқа  арналған  конкурстар  сияқты  ғылыми 
жұмысқа белсене қатысуы сұралады. Бұл жағдайда ең қабілетті студенттерді ғана тарту емес, сондай-
ақ білім алушылардың көпшілігін ғылыми жұмысқа бағыттау ұсынылады. 
Қазіргі заманғы электроника жаңа ақпараттық технологиялардың материалдық негізі болып табылады. 
Мектепте техникалық үйірмені ұйымдастыру үшін мектеп мұғалімі осыған сəйкес дайындығы болуы 
тиіс. Сондықтан, «Физика» мамандығының студенттері, болашақ физика пəнінің мұғалімдері, сабақ-
тан тыс уақытында электрлік схемаларды жинау жұмысы бойынша жобалау, физикалық құралдарды 
қалпына келтіру жəне қондырғыларды құру университеттің физика кафедрасында ұйымдастырылған 
«Студенттік  эксперименттік  алаңы»  зертханасына  белсенді  қатысады.  Электротехникалық  өнім  өндіру 
процесінде,  құрылғылармен  түрлі  операцияларды  бірқатар  орындап  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
принциптік схемасын оқып, монтаждау схемасын жасап, схемаларды жинап,ақаулық орын алса табу 
жəне  жою,  нақты  мəліметтерді  көру,  процестердің  динамикасын  қадағалау  қажет  болады.  Бұл  кезеңде, 
студенттер  практикалық  жұмыстар  дағдысын  қалыптастырып  бекітеді,  физикалық  қондырғыларды 
«қосылу» үйренеді, оларды қолдану арқылы теориялық білімдерін тəжірибелік түрде нығайтады. 
Болашақ  физика  мұғалімдері  техникалық  жобалау  дағдыларын,  электр  тізбектерін  құрастыру 
əдістерін, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін игеріп қамтиды. Ынтымақтастық жұмыс 
жəне  пікір  алмасу,  жұмыс  жоспарларын  талқылау,  талдау  логикалық  ойлау  қабілетін,  өзбетімен 
шығармашылық бастамасын дамытуға ықпал етеді. Орындалған жұмысты бірлескен талқылау жағдайдағы 
талдау  жəне  логикалық  пайымдау  сұрақтарға  өз  жауаптарын  табу  үшін,  өз  көзқарасын  зерделеу, 
айқын қисынды ретпен ойлау қабілетін дамыту маңызды болып табылады. 
Студенттердің  оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми-зерттеу  қызметін  ұйымдастырудың  педагогикалық 
шарттары осы жұмыс түрлерін орындаудағы арнайы дайындық əдістерінің кешені, олардың белсенді 
өздік  танымдық  əрекеті,  тапсырмалар  түрлерінің  əртүрлілігі,  критерилері  жəне  осындай  жұмыстардың 
орындалу  нəтижелерін  анықтау  деңгейін  бағалау  көрсеткіштерінің  болуының  жүзеге  асырылуына 
назар аударылады. Практикалық есептерді жүйелі шешу білім алушылардың ойлауын дамытуға, шы-
ғармашылық ізденіске баулуға дайындауға, еңбексүйгіштікке тəрбиелеуге, табандылыққа, ерік-жігер 
мен мақсатына жетуге əсер етеді. Білім алушылар ойлау үдерісінде өзбетімен жаңа қорытындыларға 
келеді. Мəселелік оқытудың теориялық негізі шығармашылық танымдық үдерістің негізгі заңдылығына 
негізделген. Білім алушыларды мəселелерді шешуде белсенді ізденіске тартуды теориялық түрде ғана 
тексермей,  эксперименттік  түрде  шешімдер  іздеу  ұсынылады.  Сынаққа  талдау  жасалғаннан  кейін, 
қорытындыға келе отырып  зерттелетін нысанындағыжаңа білім алуына əкеледі. Проблемалық оқыту 
технологиясы  студенттердің  шығармашылық  ойлауын  дамытуға,  танымдық  проблемаларды  өзбеті-
мен шешу іскерлігін қалыптастыруға бағытталған. Проблемалық ситуациялар танымдық əрекеті кезінде 
туындайды,  сондықтан  проблемалық  жағдайларды  олар  өздері  белгілі  қолданыстағы  білім  жүйесі 
негізінде кейбір сəйкессіздіктер арқылы танымын кеңейтетіндей əрекеттерді ұйымдастыру қажет. 
Болашақ  физика  пəнінің  мұғалімдерін  практикалық  даярлау  мақсатында  əртүрлі  оқыту  техноло-
гиялары [3, 22-28 б.], соның ішінде проблемалық оқыту əдісі бойынша физика кафедрасында əзірленген 
жəне  студенттерге  элективті  курстар  ұсынылады.  Студенттер  мамандығы  бойынша  жұмыстарды 
орындауда  тиісті  практикалық  дағдыларға  ие  болып,  қамтуынасəйкес  «Студенттік  эксперименттік 
алаңы» ұйымдастырылған. «Студенттік эксперименттік алаң» зертханасында студенттер мен оқушылардың 
жұмысты  (қала  мектептерінің  оқушылары  тартылады)  орындау  міндеттерінің  бірі  (3-4  жылда  шамамен  
40  жұмыс  дайындалды)  қозғалмалы  құралдарды  дайындау  бойынша  өзбетімен  жұмыстар  жасау, 
модельдер,  бейнероликтер,  физикалық  құбылыстарды  демонстрациялау  мен  процестерді  көрсететін 
қолданыстағы құралдар, макеттер, өндіру бойынша əрекеті болып табылады. Болашақта осы құрыл-
ғылар мен жабдықтар эксперименттік есептерді шешуде, алынған теориялық есептеулерді  тексеруде, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет