Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет194/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
125
 
талдауда жəне ұсынылған шешімдерді бағалауда пайдаланылады. Мысалы, металл шар жəне сондай 
диаметрдегі сақинадан тұратын қатты денелердің жылулық кеңеюін түсіндіруде белгілі қондырғыны 
қолданамыз.  Бірақ  осы  мəселені  шешуде  сұрақ  ұсынамыз:  егер  шар  қызған  болса,  онда  ол  «суық» 
сақина арқылы өтпейді, ал«суық» шар сондай жағдайда қыздырылған сақинадан өтедіме? Алғашында 
«айқын»  жауап  ұсынады  -  өтеді.  Тəжірибелік  демонстрация  керісінше  көрсетеді  жəне  мəселелерді 
шешу басталады, бақылаушы физикалық бейненің ықтимал себептерін талқылайды. Тағы бір мысал: 
дене  «төбеге  қарсы»  домалай  ма  деген  ой  туады.  Əртүрлі  жорамалдар  мен  пікірлер  айтылады, 
есептеулері көрсетіледі, энергияның сақталу заңына сілтемелер беріледі. Көлбеу жазықтығына қарама-
қарсы  домалаған  конус  құрылғысы  бас  кезінде  білім  алушыны  тығырыққа  тірейді.  Дұрыс  жауабын 
басында  байқамайды.  Əртүрлі  айтылған  жорамалдан  кейін,  тəжірибені  бірнеше  рет  қайталап,  сұрақтың 
дұрыс  шешіміне  келеді.  Резеңке  жолақты  дөңгелектің  спицасы  қызған  кездегі  айналуы  немесе 
тыныштықта  тұрған  əртүрлі  диаметрдегі  шардың  көлбеу  бетіндегі  қозғалысы,  Максвелл  маятнигінің 
қозғалысы жəне т.б. қызығушылық тудырып, белсенді талдауға мүмкіндік береді.  
Білім  алушылар  бір-біріне  қойылған  сұрақтарға  жауабын  іздеу  жəне  шешуде  жобалау,  өндіру, 
эксперименттік қондырғыны орнату, жөндеу дағдыларын қамтиды. Құрылғыны өндіру бойынша жұмыс 
істеуге жоспарлап, оқу,  ғылыми жəне  əдістемелік əдебиеттермен жұмыс істейді.  Оқу  экспериментін 
қолдану  физикалық  құбылыстарды  оны  зерттеу  үшін  негіз  құруға  мүмкіндік  береді;  оқыту  көрнекілігін 
арттыру жəне осылайша игеретін құбылысты студенттерге қолжетімді түрде болуы қадағаланады. 
Өзбетімен  эксперимент  жасау  жəне  физикалық  құралдарды  оңтайлы  қолдану,  оқытудағы  техни-
калық жабдықтар артықшылықтарын пайдалану, студенттердің өздік жоғары белсенділігі, физикалық 
құралдармен  жұмыс  жасау  біліктілігін  арттыру  жəне  бақылауды  талдау  мен  өлшеу  дағдыларының 
дамуы, жеке жоспар бойынша экспериментті жүргізу мүмкіндігі болып табылады. 
Қазіргі  заманғы  қоғам  алдында  тұрған  проблемаларды  табысты  шешу  үшін  негізгі  шарттарының 
бірі, мектепті немесе жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа жастардың практикалық даярлау 
сапасын арттыру болып табылады. Студенттер теориялық білімді меңгеру ғана емес, бүгінгі үздіксіз 
үнемі өзгеретін əлемде тынымсыз, өздігінен білім алу үшін ниет білдіріп, ғылыми ақпараттың үлкен 
ағынын  айқындау  үшін  шығармашылық  ойлауға  үйрету  маңызды.  Сондықтан  қазіргі  жағдайда  мек-
тептің  негізгі  міндеттерінің  бірі  белсенді  білім  алушылардың  шығармашылық  бастамаларын  жəне 
өзбетімен  жобалау жəне жаңашылдық дағдыларын дамытуға жəрдемдесу болып табылады. 
Мектеп мұғалімдері университет оқытушыларымен ынтымақтастық орнатуда кафедрада «Студенттік 
эксперименттік  алаң»  зертханасын  құру  студенттер  мен  мектеп  оқушыларының  бірлесіп  шығарма-
шылық жұмыс атқаруы оң нəтижелерін береді. Студенттер - болашақ физика мұғалімдерінің техника-
лық қызығушылықтарын қалыптастыру жəне оқушылардың шығармашылығын дамыту, сабақтан тыс 
уақытта  ұйымдастыру  тəжірибесін  зерделейді.  Студенттер  мен  оқушылардың  бірлескен  жұмысы 
техника тілін игеруіне əсер етеді: - схемалар, диаграммалар, сызбалар, суреттер, əртүрлі құралдарын 
пайдалана  отырып,  бақылау-өлшеу  құралдары  жəне  т.б.  қабілеттері  мен  дағдыларын  дамытады. 
Физикалық  құралдар  мен  қондырғыларды  жобалау  кезінде,  білім  алушылар  бір-біріне  қойылатын 
жалпы талаптарды бағалау жəне тұжырымдауды үйренеді. Құрылған қондырғының параметрлері мен 
сипаттамаларын  есептеу,  өндірілетін  құрылғы,  көркемдік  элементтерін  ойластырып,  жоғары  сезім-
талдық мүмкіндігі, [4, 36-38 б.] эстетикалық орындалуы, жобалау элементтерін білдіріп көрсетеді. 
Физикалық  құбылыстың  ағымдағы  демонстрациялық  моделін  орындау  үдерісі  кезіндегі  белсенді 
ойлау əрекеті əзірленген тақырыптағы қосымша білім көздеріне сүйене отырып өз білімдерін кеңейту 
қажеттілігіне əкеледі, шығармашылық ойлауға үйренеді [5]. 
 
1  Стукаленко  Н.М.,  Ермекова  Ж.К.  О  подготовке  будущих  учителей  к  развитию  познавательного 
интереса  учащихся  при  обучении  фундаментальным  наукам  на  примере  физики.-Международный  журнал 
экспериментального образования. №11, 2011. - С.28-33. 
2  Лапаник  О.Ф.  Формирование  профессиональной  компетентности  у  студентов  технического  вуза  (на 
примере обучения дисциплинам естественнонаучного цикла). –Образование и наука. №10 (67), 2009. - С.33-39. 
3  Лептина И. Семенова Н. Применение эффективных технологий обучения // Учитель. -2003.-№1.-С.22-28. 
4  Анофрикова  С.В.,  Одинцова  Н.И.  обучение  сравнению  результатов  эксперимета  с  предсказанными. 
Физика в школе. – 2000. -№3. - С.36-38. 
5  Маусымбаев  С.С.,  Абдрахманова  Р.Р.,  Искаков  Е.С.  Сотрудничество  вуза  и  школы  в  развитии 
технического  творчества  учащихся  //21  century:  fundamentalscienceandtechnologyVIII.  Vol.3.  NorthCharleston, 
USA, 25-26.01.2016. - P.77-79. 
 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
126
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет